Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Мұғалімнің даму аймағына бағытталған кері байланыс берудің қағидаттары



бет23/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47
Мұғалімнің даму аймағына бағытталған кері байланыс берудің қағидаттары
Сын айтудың сындарлылығы мен оның тиімділігін арттыру үшін келесі қағидаттарды ескерген жөн:

  1. Адамның кері байланыстың құпиялылығын сақтау қажеттілігін сыйлау.

  2. Мұғалімнің жеке басы туралы емес, оның жұмысының нәтижесі туралы айту.

  3. Мұғалімге жалпылама емес, нақты фактілер туралы айту.

  4. Мұғалімнің тәлімгер пікірінің әділдігін бірден қабылдамауына дайын болу. Адамдарға сын айтқан кезде, олар бірден өзін қорғауға тырысады, сондықтан бірден келісімге келуге тырысудың қажеті жоқ. Олардың жан-жақты ойлануына мүмкіндік беру крек.

  5. Жағымды, жағымсыз ақпараттардың қажетті тепе-теңдігін сақтау керек. Мұғалімнің назарын маңызды кемшіліктеріне аударудан бұрын, алдымен тәжірибесінің мықты тұстарына көңіл бөлген дұрыс. Сөз соңында, мұғалімнің жетістікке жету қабілетілігіне толық сенім білдіретіндігіңізді айтқан жөн.

  6. Келешек әрекеттерге бағытталу қажет. Жіберілген кемшіліктердің себебін анықтауға терең үңілу – ол тек мұғалімді өзін ақтауға итермелейді. Келешек тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік беретін сұрақтарға көшкен ұтымдырақ болады. Мысалы, егер мұғалім сабақ барысында формативті бағалауды ұйымдастыруда қиындықтарға тап болса, мынадай сұрақ қоюға болады: Келесі сабақта Сіз формативті бағалаудың қандай нақты стратегияларын қолдануды жоспарлап отырсыз? Неге?

  7. Кездесудің соңында мұғалімнің нәтижелерін жақсартуы үшін не істеуі қажет екендігін өз сөзімен айтуына ұсыныс беру. Мысалы: Формативті бағалау тәжірибеңізді дамыту үшін Сіз қандай әрекеттерді жоспарлайсыз?

Мұғалімге кері байланыс беруде бақылаушы неден аулақ болуы керек:



  1. Сындарлы емес сын айтудан. Жағымсыз көңіл-күй, әріптесінің әрекетін айыптау, мінездің қызбалылығын көрсету, мысқылмен сөйлеу, тәккаппарлық көрсету, әріптесін құрметтемеу кәсіби диалогты жүргізуге кері әсерін тигізуі мүмкін.

  2. Мұғалімнің жеке басына қатысты пікір айтудан. Бақылаушы әріптесіне беретін кері байланысының оның жеке басына бағытталмай, тек оның іс-әрекетіне қатысты болуын ескеруі қажет. Мұғалімнің жеке басына қатысты пікір айтуы оның бақылаушыға деген жағымсыз көзқараста болуын тудырады (Мұғалім өзін қорғауы және қарсы сөйлеуі мүмкін).

  3. Жалпылама тұжырымдарды қолданудан. Бақылаушы тіпті жағымды кері байланысты жалпылама түрінде айтса да, қажетті нәтижеге қол жеткізе алмайды. Мұндай жағдайда көп мадақтау сөздері айтылып, мұғалімге бақылау фокусына қатысты өз тәжірибесінің мықты жақтарын білуіне, сондай-ақ, жетілдіруге қажетті тұстарын нақты білуінемүмкіндік бермейді.

  4. Кері байланыстың уақытында берілмеуінен. Сабақты бақылағаннан кейін біраздан соң берілген кері байланыс өзінің өзектілігін жоғалтады. Егер бақылаушы сабақты бақылағаннан кейін нәтижесі бойынша бірден кері байланыс орнатуды жоспарламаса, кейіннен біртұтас пікір қалыптастыру қиындық тудырады. Мұндай жағдайда берілген кері байланыс жалпылама түрде болып, нақты пайымдаулар болмайды. [14]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет