Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Мұғалімнің сабақтағы оқытуын бақылау



бет26/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47
Мұғалімнің сабақтағы оқытуын бақылау
Бұл бақылаудың мақсаты мұғалімнің оқыту тәжірибесін зерделеу болып табылады. Оқыту оқудың ажырамас бөлігі болып табылады және ол оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру барысындағыоқу үдерісінде қиналған кезде көмек көрсетудегі, оқушылардың қызығушылығы мен өз бетімен жұмыс істеу қабілетін, шығармашылығын ынталандырудағы, оқу жетістіктерін бағалаудағы мұғалімнің қызметін анықтайды. Оқыту тәжірибесін бақылау үш кезеңнен тұрады: дайындық кезеңі, сабақты бақылау кезеңі және кері байланыс кезеңі.

Дайындық кезеңінде мұғаліммен сынып, сабақты өткізу уақыты мен орны келісілетін диалог жүргізіледі. Сонымен бірге, әңгіме барысында, оқыту тәсілдерін әзірлеу кезінде мұғалім нені басшылыққа алғанын және бұл кезде сыныптың ерекшеліктері қалай ескерілгенін анықтауға бағытталған сұрақтар қойылуы мүмкін. Диалог неғұрлым егжей-тегжейлі болуы мүмкін. Мысалы, қандай тапсырмалар түрлері, жұмыс формалары ерекше қабілеттері бар оқушыларды белсенді оқуға тартуды қарастыратынын анықтауға болады. Сонымен қатар, мұғалімге осы факторлар сабақ жоспарында қалай көрініс тапқанын түсіндіруін ұсынуға болады.


Сабаққа қатысу барысында бақылаушылар мұғалімнің оқушыларды сабақтың мақсаттары мен күтілетін нәтижелерін талдауға қалай қатыстыратынына көңіл аударады. Мұғалім жоспарланғансабақтың құрылымын ұстанады ма (қажеттілік туындап жатса, мұғалім сабақ кезеңдерінің логикалық ретін бұзбай түзетулер енгізуі керек).Мұғалімнің оқу материалдарын меңгеруді ұйымдастыруын зерделеу маңыздылығы да кем емес. Мысалы, «мұғалім» педагогикалық шеберлік деңгейі үшін тақырыптың басқа тақырыптармен және оқу бағдарламасының басқа бөлімдерімен байланысын көрсетуі жеткілікті. Ал, «мұғалім-шебер» үшін оқу материалын зерделеген кезде авторлық әдістеменің идеясын көрсету міндетті. Сонымен қатар, бақылаушылар мұғалім қолданатын оқу тәсілдеріоқу мақсаттарына жетуге қалай ықпал ететіндігі туралы қорытынды жасай алады. Мұғалім қолданатын ресурстарды да бақылау фокусында ұстау, олардың оқушылар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және қабілеттер мен түрлі дағдыларды дамытуға бағытталғандығы туралы қорытынды жасау маңызды. Бақылау нәтижелері сабақты бақылау парағында тіркеледі.


Кері байланыс беру кезінде қатысқан сабақ бойынша мұғалімге өзінің оқытуына талдау жасауға мүмкіндік беріледі. Бақылау нәтижелері және мұғалімнің оқытуын талдауы негізінде ӘБ жетекшіісі кері байланыс береді. Бұл кездесу барысында мұғалімнің оқыту тәжірибесіне баса мән керек болса да, қандай да бір жағдайды түсіндіру үшін сабақ жоспарын немесе оқушылардың сабақтағы жұмысын қарауға тура келуі мүмкін.


Қысқаша пікір жазу кезінде бақылау нәтижелері пайдаланылады және соның негізінде мұғалімнің мықты тұстары мен даму аймақтары көрсетіледі. Атап айтқанда, пікір мақсат қою туралы, сабақ құрылымы, оқу материалын оқуды ұйымдастыру, оқу тәсілдері мен ресурстардың рөлі туралы ақпараттарды қамти алады.
Сонымен қатар, осы бақылау үдерісінің нәтижесінде сабақты бақылау парағында мұғалімнің кәсіби даму мақсатына жетуге жылжуы туралы қорытынды жасалуы қажет және мектепішілік бағалау парағында қысқаша пікір жазылуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет