Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет28/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47
Сабақты кешенді талдау
Сабақты кешенді талдау мақсаты сабақ мақсаттары, оқу материалының мазмұны, оқуды ұйымдастыру әдістері мен формаларының арасындағы бір-бірімен өзара ішкі байланысын зерделеу негізінде сабақ нәтижесі мен оның тиімділігін бағалау болып табылады. Бұл бақылау бірінші жартыжылдықты аяқтау кезеңінде сабақты кешенді талдау негізінде мұғалімнің педагогикалық қызметінің жоспарлау, оқыту және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау сияқты түрлерінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Мектеп директорының орынбасары сабақты бақылаудың дайындық кезеңінде, мектепішілік бағалау парағында көрсетілген алдыңғы бақылаулар нәтижелерімен танысады. Кездесу кезінде мұғалім жоспарлау, оқыту және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға қатысты өзінің әдіс-тәсілдеріне түсініктеме береді. Бақылаушы, анықтауды қажет ететін сұрақтар қоя алады және мұғалімді сабақты бақылау мақсатымен таныстырады.


Бақылаушы ұсынылған сабақ жоспарын бақылау жүргізгенге дейін зерделейді және сабақты бақылау парағына сәйкес белгілер қояды. Сабақты бақылау барысында келесі аспектілерді белгілеп отырады:



  • сабақтың оқу мақсаты мен күтілетін нәтижелерінің оқу жоспарының талаптарына сәйкестігі;

  • сабақтың оқу мақсаты мен күтілетін нәтижелерін оқушылармен талқылау;

  • сабақ құрылымының жоспарға сәйкестігі (қажет болған жағдайда сабақ кезеңдерінің логикалық ретін бұзбай, сабақ жоспарына түзету енгізіледі);

  • оқу материалдарын оқуды ұйымдастыру;

  • оқу мақсаттарына жетуге ықпал ететін оқу тәсілдерін қолдану;

  • ресурстарды қолдану, олардың оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға /оқушылардың қабілеттерін дамытуға/зерттеушілік дағдыларын дамытуға/жобалық-зерттеушілік дағдыларын дамытуға/ жобалық қызмет дағдыларын дамытуға бағытталғандығы;

  • әр оқушының қатысуын мұғалімнің бақылау;

  • бағалау критерийлері мен дескрипторлардың оқу мақсаттарына сәйкестігі;

  • формативті бағалаудың орынды тәсілдері арқылы оқуды қолдау;

  • оқушыларға сындарлы кері байланыс беру;

  • сабақтарды жоспарлау үшін формативті бағалау нәтижелерін қолдану.

Кері байланыс беруді ұзақ мерзімге кейінге қалдыру орынсыз, алайда бақылаушымен кездесу алдында мұғалімнің өзіндік рефлексия жасауына жеткілікті уақыты болғаны маңызды. Әдетте, кері байланыс үшін кездесу бақылау болған күні біраз уақыттан кейін немесе келесі күннен кеш қалдырылмайтындай жоспарланады. Бұл мұғалімге де, бақылаушыға да сабақта болған мәселелерді, оның ерекшеліктерін ұмытып қалмауға мүмкіндік береді. Кездесу басында сабақтың табыстылығына қатысты мұғалімге өз пайымдауларын айтуға мүмкіндік беру керек. Егер мұғалім өзіндік талдау кезінде бәрін егжей-тегжейлі және оқушылардың әрекеттерін мазмұндауға беріліп кетсе, ілтипатты түрде оның ойын дайындық кезеңінде талқыланған және бақылау жүргізілген сабақтың бөліктеріне бұру керек. Кері байланыс беру кезінде жоспарлау, оқыту және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәжірибесін кешенді қамту керек.


Бақылаушы бағалау парағындағы қысқаша пікірде сабақтың мықты және кәсіби шеберлік деңгейіне сәйкес мұғалімге қойылатын біліктілік талаптары ескерілген дамытуды қажет ететін жақтарын да көрсетуіне болады. Атап айтқанда, пікірді келесі мәселелерге шоғырландыруға болады:



  • Сабақ мақсаттары, оқу қызметін ұйымдастыру мазмұны мен формаларының тұтастығы мен өзара байланыстары жоспарлауда қалай көрініс табады?

  • Сабақтың нәтижесінде табысты оқудың қандай дәлелдемелері келтірілген?

  • Оқушылар білім меңгерудің және сабақтағы іс-әрекеттерінің қандай деңгейін көрсете алды: қабылдау, түсіну, есте сақтау, баламалы жағдайда қолдана алу, жаңа жағдайда қолдана алу деңгейінде меңгеру?

  • Сабақ жоспары орындалды ма? Оқу үдерісін басқару сабақ сапасына қалай ықпал етті?

Бақылаушы соңында сабақты бақылау парағында мұғалімнің кәсіби даму мақсатына жылжуы туралы қорытынды жасайды және мектепішілік бағалау парағында сабақты кешенді талдау нәтижесі бойынша қысқаша пікір жазады.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> Батыс қазақстан облысы бойынша 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі знаменательные и памятные даты по западно-казахстанской области на 2019 год орал, 2018 ббк 92. 5 Б 27
2019 -> БАҒдарламасы ксентаев Ардак Ануарбекович 1981 жылы 08 қыркүйек Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сатбаев ауылында дү­ние­ге келген
2019 -> Төрайым– Асанова Жанна Бейсентаевна, төрайым орынбасары
2019 -> Директордың оқу ісі
2019 -> Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)
2019 -> Коммерциялық емес акционерлік қоғам Тіл білімдері кафедрасы КӘсіби қазақ тілі
2019 -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
2019 -> Кмм «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» кгу «Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека имени Абая» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет