Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет36/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47
Рефлексия – («reflexio» деген көне латын сөзінен шыққан-артқа қарау) – 1) ойлану, өздік бақылау 2) өз әрекеті мен олардың заңдарын ойлануға бағытталған адамның теоретикалық әрекетінің формасы. [2]


Рефлексия – жаңа түсінікке келу, өз сенімдерін және құнды қарым-қатынастарын бағалау мен негіздеу үшін өз тәжірибесін ойлануға деген адамның қабілеті. [3]


Рефлексия – шешімге жету мақсатында берілген ақпаратты қайта өңдеуден тұратын ақыл- ой әрекеті. [4]


Рефлексияәрекеттер, сезімдер мен реакциялаудың тәжірибесі жөнінде ойлану мен саналы тәжірибе негізінде білім алу мақсатында талдау немесе олардың түсіндірмелері. [5]

Осылайша біз рефлексияны ағымдағы жүріп жатқан үдеріс пен әрекеттерді ойлануға бағытталған, ойлау әрекетімен байланысқан үрдіс болып табылатыны туралы қорытынды жасаймыз.


Г.П. Щедровицкий рефлексияның келесідей кезеңдерін бөліп көрсетеді:



  1. Жағдаятты зерттеу

  2. Әрекеттегі қиындықтарды анықтау

  3. Кедергілердің себептерін анықтау

  4. Ескі ережені сынау

  5. Жаңа ереже ойлап шығару

Рефлексияға шығудың тізбектілігі мұғалімнің кәсібилігіне байланысты. Мысалы, қиындықтардың шығу себептерін анықтап алмай, тәжірибені жетілдірудің аймағын анықтау мүмкін емес. Бұл байланыс болмаған жағдайда рефлексия төмен деңгейде деген қорытынды жасалады.


Рефлексиялық есептің талаптары педагогикалық шеберліктің деңгейлеріне қатысты анықталады. «Мұғалім-модератор» біліктілік деңгейіне үміткер мұғалім «мұғалім - сарапшы» деңгейіне қойылатын талаптарға қатысты дәлелдемелерді ұсына алмайды, себебі оның қызметінің мазмұны мен кәсіби құзырлылық талаптарында айырмашылықтар бар.




Сабақ бойынша рефлексиялық есепте өткенге шолу мен келешекке үмітті көрсететін рефлексияның болуы қажет. Ретроспективтірефлексия әлдеқашан орындалған әрекет, яғни болып өткен оқиғаны талдау мен бағалауды қажет етеді. Рефлексиялық жұмыс өткен тәжірибеден алынғанды толықтай ұғыну, түсіну және құрылымдауға бағытталады, алдыңғы жағдайды қозғау, әрекеттердің алғышарттары, себептері, кезеңдері мен нәтижелері немесе оның жекелей кезеңдері жатады. Бұл форма қателіктердің алдын алуға, өзінің сәттіліктері мен сәтсіздіктерінің себебін анықтауға мүмкіндік береді. Перспективті рефлексиясы келешектегі әрекеттерді ойлану, әрекеттің барысын елестету, жоспарлау, тиімді тәсілдерді таңдау, келешекті құрылымдап жоспарлаудан тұрады.


Есептегі рефлексия бағалау критерийлері мен әр деңгей бойынша қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс. Есептер педагогикалық шеберліктің деңгейлері арқылы бір-бірінен ерекшеленеді, сонымен бірге сөз саны бойынша да бір-бірінен айырмашылығы бар. Бұл мұғалімнің орындап жүрген қызметінің мазмұнына және рефлексиялай алу дағдысына байланысты. Мысалы, мұғалім-шебердің рефлексиялау дағдысы мұғалім-модератордың рефлексиялауына қарағанда өзгеше болатындығы жорамалданады.


Талаптар негізінде рефлексияның негізгі құрауыштары болып табылатын талдау, бағалау және жинақтаудың дәлелдемелерін келтіру қажет. Талдау ғылыми зерттеудің әдісі ретінде жүйе элементтерінің құрамды бөліктерін зерттеп білуді болжайды. Жинақтау талдауға қарағанда керісінше бөліктерді бір бүтінге жинақтап, қорытындылап тұжырымдауды білдіреді. Бағалау идеялардың құндылықтары мен маңыздылығына қатысты пайымдауларды қалыптастырумен байланысты.

Педагогикалық шеберліктің деңгейлеріне байланысты «мұғалім» деңгейіне үміткер мұғалім өз тәжірибесінен бір сабағын қарастырады, ал «мұғалім-модератор» сабақты зерттеу мәнмәтініндегі сабағын, «мұғалім-сарапшы» тәжірибені зерттеу бойынша сабағын, «мұғалім-зерттеуші» деңгейі авторлық бағдарламасы бойынша сабағын қарастырса, «мұғалім-шебер» деңгейіне үміткер мұғалім авторлық әдістемесін қолдануының сабағын қарастырады.


Мұғалім сабақты жоспарлауды өтіп жатқан тақырып пен оқу бағдарламасындағы басқа тақырыптар және бөлімдермен өзара байланысын көрсете отырып талдайды.Қолданылған оқыту мен оқу әдістерінің, ресурстардың, бағалау стратегияларының сабақ мақсатына, табыс критерийлеріне қаншалықты сәйкестігін бағалау арқылы, сабақтың тиімділігі мен оқушылар қажеттігіне сәйкестігін анықтайды. Талдау мен бағалау негізінде мұғалім сабақтың тиімділігі туралы қорытынды жасай алады. Мұғалім оқушылардың оқуының табыстылығы мен оқу нәтижелеріне жетулері жоспарлаудың сапалылығына байланысты екендігін түсінеді. Сабақты жоспарлауда қажеттіліктердің, оқушылардың жас ерекшеліктерін біле тұра, басқа да қажетті аспектілердің ескерілгенін анықтауға болады. Мұғалім жоспарлауын сабақты әлі өткізбегендіктен және бүкіл үрдістің қалай іске асатындығын білмей тұрып осы тұрғыда бағалайды.


Оқытуын талдау барысында мұғалім оқушылардың қажеттілігін ескергендігіне назар аударады, оқытудың тәсілдерін іске асыруы мен ресурстарды қолдануын, сабақтың мақсаты мен табыс критерийлеріне сәйкес іске асырғандығын бағалайды.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> Батыс қазақстан облысы бойынша 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі знаменательные и памятные даты по западно-казахстанской области на 2019 год орал, 2018 ббк 92. 5 Б 27
2019 -> БАҒдарламасы ксентаев Ардак Ануарбекович 1981 жылы 08 қыркүйек Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сатбаев ауылында дү­ние­ге келген
2019 -> Төрайым– Асанова Жанна Бейсентаевна, төрайым орынбасары
2019 -> Директордың оқу ісі
2019 -> Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)
2019 -> Коммерциялық емес акционерлік қоғам Тіл білімдері кафедрасы КӘсіби қазақ тілі
2019 -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
2019 -> Кмм «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» кгу «Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека имени Абая» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет