«Білімдік қажеттіліктер – оқушылардың тіршілік әрекетінің маңызды мәселелерін шешу үшін қажетті құзырлылықтың болжамдық моделі ретінде қарастырылатын білім, білік, дағды, іскерліктер мен сапаны игеруге деген қажеттілік». [6]
Мұғалімнің алдында оқушылардың қызығушылықтарын, сондай-ақ, әр оқушы үшін маңызды сұрақтар мен әрекеттердің қолайлы түрлерін, түйінді құзырлылық компоненттері болып табылатын білім, білік және құндылықтарды меңгеруге деген ынтасын анықтау міндеттері тұрады.
Мұғалім оқытудың тиімділігі туралы қорытындыны сабақтың жоспарына сәйкес жасайды, сонымен бірге егер де сабақтың барысында қандай да бір тәсілдерді қолдану толықтай іске асырылмай қалғандығын байқаған жағдайда осындай олқылықтарын ескере отырып, келешекте оқытуына өзгерістер енгізуді жоспарлайды.
Егер де тапсырмалар әртүрлі, анық және барлық оқушыларды оқуға тартуға ықпалы болса, онда оқытудың тиімді болғаны. Мұғалім сабақтың барысында қолданылған бағалау құралдарын талдап, олардың әлді, әлсіз тұстарын анықтауы қажет. Сондай-ақ, бағалау стратегияларының тиімділігін бағалау маңызды. Бағалау критерийлері алдын-ала белгілі болып, формативті бағалау стратегиялары әртүрлі және оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес болуы қажет. Мұғалім бағалаудың тиімділігі туралы қорытынды жасай отырып, бағалау құралдарын қолдану барысында туындаған кедергілерге қатысты бағалау бойынша келешекте енгізетін өзгерістерін анықтайды.
Мұғалімнің жоспарлау, оқыту, бағалау үрдістері бойынша рефлексиясы оларды талдау және қорытынды жасауымен бірге қосақтаса жүреді. Сабақтың табыстылығын бағалай отырып, келешекте тәжірибені дамыту аймағын анықтау қажет. Тәжірибені дамытудың нақты әрекеттері даму аймағы мәнмәтінінде жоспарланады және жүргізілген талдау негізінде анықталуы тиіс.
«Мұғалім-модератор» деңгейіне үміткер мұғалім өз сабағын сабақты зерттеу мәнмәтінінде қарастырады. Сабақты зерттеу оқу мен оқытуды дамыту мен жетілдіру мақсатында жүргізіледі. Зияткерлік мектептерінде Lesson Study тәсілі қолданылады, сондықтан рефлексиялық есептің талаптарын осы тәсілдің мысалы негізінде қарастырып көрейік. Lesson Study тәсілі тиімді, себебі мұғалімдерге:
«күнделікті жағдайға қарағанда оқушылардың оқуын әр қырынан көруге мүмкіндік беруге;
мұғалімнің пікірінше оқушылардың оқу барысында болуға тиісті нәрселердің шынайы жағдайда қалай іске асатындығын көруге;
оқытудың нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыратындай етіп сабақты қалай жоспарлауға болатынын түсінуге;
Lesson Study тәсілін оқушылардың оқуына көмектесу мен топ мүшелерін кәсіби тұрғыда оқыту басымды мақсаты болып табылатын кәсіби қоғамдастық аясында іске асыруға; (Дадли, П. 2011a);
Lesson Study мүмкіндіктерін өз мұғалімдік тәжірибесінде қолдануға көмектеседі». [7]
«Мұғалім-модератор» деңгейіне үміткер мұғалім өзінің рефлексиялық есебінде әріптестермен бірлесіп дайындағансабақты зерттеудің жоспарлауында тақырыптың сабақтастығы мен оны оқытудың үздіксіздігін есепке алғандығын талдауы қажет. Егер де «мұғалім» деңгейіне бөлім мәнмәтінінде сабақтың орнын ғана анықтау жеткілікті болса, «мұғалім-модераторға» талдау барысында тақырыптың пәнді оқыту мәнмәтініндегі ерекшелігі мен оқу бағдарламасындағы орнын анықтауға назар аударуы қажет. Сабақты зерттеу әріптестермен бірлесе отырып оқушылардың қабілеттерін диагностикалаудың нәтижелерімен танысудан басталады. Бұл сабақты жаңа деңгейде сапалы түрде жоспарлауға мүмкіндік туғызады. Жоспарлауды талдауда оқыту әдістерінің, бағалау стратегияларының, сабақ ресурстарының оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижелерге сәйкестігін, сабақ барысында оқушылар қабілеттерін ескеруін бағалау қажет. Жоспарлаудың тиімділігі бойынша қорытынды жасауда оқытуды талдау үрдісінде жоспарлау мен оқытудың арасында байланыстың болуына назар аудару қажет.
Мұғалім өз оқытуын талдауда жоспарланған және қолданылған оқыту тәсілдері мен сабақ ресурстарының оқушылардың қабілеттерін дамытуға себептескендігін, оқушылардың мақсаттар мен табыс критерийлеріне жете алғандығын көрсетуі тиіс.
«Қабілеттілік– жеке тұлғаның білім, білік және дағдыларды меңгеруге байланысты жекелей–психологиялық ерекшелігі, сондай-ақ, әр түрлі әрекеттерді орындаудағы табыстылығы». [8] Қабілеттер әрекеттердің табыстылығын қамтамасыз етуде өзара сапалы үйлесуі арқылы дарындылық ұғымын береді. Сондықтан да оқушылардың қажеттіліктерімен бірге дарындылықтарын да ескеру қажет. Мұғалім оқу мен оқыту процесін әр оқушының жақын арадағы даму аймағына сәйкес дамытатындай етіп ұйымдастыруы қажет.
Егер де сабақ барысында қандай да бір тәсілдердің қолданылуы дұрыс болмауы немесе түсініксіз тапсырмалар болған жағдайда оқытудың тиімділігі туралы қорытынды жасауда осындай жағдайларды атап көрсету қажет.
Мұғалім сабақты зерттеу үрдісінде әріптестерімен бірлесе дайындаған бағалау құралдарын талдайды, сабақтың тиімділігіне қалай әсері болғандығын анықтайды. Мұғалім бағалау стратегияларының тиімділігін бағалай отырып, оқушылардың қабілеттерін дамытуға қалай әсер еткенін анықтауы маңызды. Тиімділік жөніндегі қорытындыларды бағалаудың әлді, әлсіз тұстарын бағалау негізінде жасауға болады. Осының нәтижесінде келешекте бағалау тәжірибесіне қандай өзгерістер енгізу қажеттігін анықтап көрсетеді.
Жоспарлау, оқыту мен оқушылардың жетістіктерін бағалау бойынша қалыптасытырылған қорытындыларды талдау қажет, сонымен бірге, сабақты зерттеудің табыстылығын да бағалайды. Сабақты өткізу мен сабақты зерттеу барысында туындаған қиындықтарды талдау тәжірибенің даму аймағын анықтауға мүмкіндік береді. Сабақты зерттеудің сапасын бағалаудың нәтижесі бойынша тәжірибені дамыту аймағының мәнмәтінінде өзінің және әріптестерінің тәжірибесін дамытуға ықпалы болатындай әрекеттерді нақты көрсету қажет.
«Мұғалім-сарапшы» деңгейіне қатысты сабақ бойынша рефлексиялық есеп тәжірибені зерттеу мәнмәтініде жазылады. Тәжірибені зерттеу іс-әрекеттегі зерттеу ретінде жорамалданады. «К.Левиннің анықтауы бойынша құбылыстарды түсінудің зерттеуін айқын анықталған мақсат негізінде жүргізу жалпы мәселелерді шешуге және тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді». [9] Зияткерлік мектептерде тәжірибені зерттеу үшін «Іс-әрекеттегі зерттеу» қолданылады, алайда ұғымдардың аталуын алмастырудың қажеттігі жоқ. Тәжірибені зерттеудің мағынасы кең. Осы үрдістің үздіксіз жүргізілетіндігін ескеру қажет. Тәжірибені өзгертудің өзі түсінікті, әрекеттер тәсілдерін, амалдарды өзгертуге мәжбүр етеді.
Бір сабақты жоспарлауын талдауда пәнаралық байланысқа назар аудару маңызды. Сондай-ақ, жоспарланған оқытудың тәсілдері, бағалаудың стратегиялары, сабақтың ресурстары оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға, сабақтың мақсатына жетуге мүмкіндік туғызатындығы немесе туғызбайтындығын бағалау қажет. Оқушылардың қабілеттерін және жалпы білім, біліктері мен дағдыларын жүйелі дамыту зерттеушілік қабілеттерін дамытуға әсер етеді. Зерттеушілік біліктері мен дағдыларға проблемаларды көру, сұрақтар қою, болжамдар жасау, түсініктерге анықтамалар беру, топтастыру, бақылау білігі мен дағдылары, эксперимент жүргізу, қорытындылар, ой тұжырымдар жасау, материалды құрылымдау білігі мен дағдысы, мәтінмен жұмыс жасау, дәлелдей алу білігі мен өз пікірін қорғау жатады. Тәжірибені зерттеу бойынша сабақты жоспарлаудың тиімділігі туралы қорытынды тұжырым жасауы қажет.
Оқытуды талдау мәнмәтінінде мұғалім өткізілген сабақтың оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға әсерін көрсетуі тиіс. Тәжірибені зерттеу аясында өткізілген сабақтың оқыту тәсілдері мен ресурстардың сабақтың мақсаттары мен табыс критерийлеріне жетуде қаншалықты сәйкес болғандығын бағалауы маңызды. Оқытудың тиімділігі туралы қалыптастырылған қорытындыларды, әлді, әлсіз тұстарының талдауын ескере отырып, тәжірибені зерттеу аясында өзгерістерді жоспарлап көрсетеді.
Тәжірибені зерттеу үдерісінде бағалау құралдары дайындалды. Оларды талдау мен сабақта қолданылған бағалау стратегияларының тиімділігін бағалап, сондай-ақ, оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға қалай әсер еткендігін анықтау қажет. Бағалаудың тиімділігі туралы қорытындыны қалыптастырып, мұғалім тәжірибені зерттеу негізінде бағалауға өзгерістер енгізуді ұсына алады. Тәжірибені зерттеу сабағы бойынша жоспарлау, оқыту, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау қорытындыларының талдауы негізінде сабақтың сапасын біртұтас бағалай алады.
Сабақтың табыстылығын бағалай отырып, мұғалім оның әлсіз тұстарын анықтайды, осының негізінде тәжірибені зерттеудің даму аймағын белгілейді. Тәжірибені зерттеу бойынша сабақтың сапасын бағалау өз тәжірибесі мен Зияткерлік мектептердің кәсіби қоғамдастығындағы әріптестерінің тәжірибесін дамыту бойынша нақты әрекеттерді дайындауға бағытталуы тиіс.
«Мұғалім-зерттеуші» деңгейіне үміткер мұғалім рефлексиялық есебін авторлық бағдарлама мәнмәтінінде дайындаған сабағының рефлексиясы бойынша есеп жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |