Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет34/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47
3.Gary D. Borich, Observation skills for effective teaching [Тиімді оқытуға арналған бақылау дағдылары], (London – Boulger, 2015), с. 18-19


Сыныпта бақылаудың сегіз фокусі
Сыныптың көпқырлылығына байланысты бақылаушылар көбіне сыныптың нақты аспектісі туралы нақты түсінікті қалыптастыру үшін кәсіби жиектемені немесе призманы таңдайды. Кейіннен оқу мен оқытуды жан-жақты және жете түсіну мақсатында әртүрлі фокустарды қолдану арқылы бақылау іске асырылатын болды.


Фокус №1. Сыныптың жағдайын ескеру.
Сыныптағы жағдай – физикалық және эмоциялық орта. Сыныпта оқытуды бақылаудың ерекшеліктерінің ішіндегі барынша маңыздылары:

  • жағымды, жайлы және оқушылардың пікірлеріне сәйкес күтулер;

  • сыныптың физикалық аспектілерін ұйымдастыру;

  • бәсекелесе алатын, ынтымақтастық немесе тәуелсіздік, оқушылардың ұйымшылдығы мен өзара әрекеттесулеріне ықпалы немесе кедергі боларлық сыныптағы әрекеттерін қолдау;



Фокус №2. Оқу үдерісін ұйымдастыру
Оқу үдерісін ұйымдастыруға мұғалімнің сыныпты басқаруы, тиімді оқу ортасын қалыптастыру үшін сынып оқушыларының тәртібіне көңіл аударуы мен ықпал етуі жатады. Кейбір оқу үдерісін ұйымдастырудың байқалатын ерекшеліктері оқу мақсататарына сәйкес келу үшін сыныптың физикалық аспектілерін ұйымдастыруды, сыныптағы тәртіпті хабарлау мен орнату, мадақтау мен қолдаудың жүйесін құруды қамтиды.


Фокус №3.Сабақтың түсініктілігі
Сабақтың түсініктілігі – мұғалімнің өз ойын анық және тура жеткізуі, оқушылардың ағымдағы деңгейіне сәйкес мазмұнды құруы мен ұйымдастыруы. Сабақтың түсініктілігін қамтамасыз етудің кейбір тәсілдері сабақ басталмас бұрын оқушыларды түсініктер мен күтілетін нәтижелер туралы хабардар етумен байланысты; сабақтың мазмұнын кеңейте және нақтылай алатын мысалдар, суреттер, таныстырылымдар мен оқу құралдарын қолдануды және сабақтың барысы мен аяқталуында қайта қарау мен ақпаратты бұқаралық ақпараттар құралы арқылы тұжырымдауды талап етеді.


Фокус №4.Әртүрлілікке тексеру
Оқудың әртүрлілігі оқушылардың зейінін аудару мен қызығушылығын тудырып, оны дамыту мақсатында мұғалімнің оқытудың әртүрлі (визуальды, ауызша және түйсіну) тәсілдерін қолдануды қамтамасыз етуі болып табылады. Табысты мұғалімдер оқытудың мақсаттарын қолдауы үшін әдістемелік тәсілдердің түрлерін таңдайды. Сабақтың әртүрлілігін бақылаудың кейбір ерекшеліктері мұғалімнің зейінді аударудың әдістерін, көру, есту және ымдау арқылы оқытудың (көру, тыңдау және жасау) әдістерін алмастыруды; оқушылардың қызығушылықтарын тудыру мен оқуға тарту үшін қажеттіне қарай қолдау мен мадақтауды қолдану; бағалау үшін таңдамалы мүмкіндіктерді тудыруды қамтиды.


Фокус № 5. Тапсырмаларды орындауға бағытталуды сақтау
Тапсырмаға бағытталу оқу нысанынна өолдау көрсететін оқудың тиімді әдісітерін қамтиды, мысалы, сыныптағы әрекеттерді тиімді басқару әдістері, оқушылардың келеңсіз тәртіптерімен байланысты мәселелерді сынып үшін неғұрлым күшкентай зақыммен шешудің тәсілдерін, қағазбастылыққа кететін уақытты азайтып, мазмұнды қамтуға кететін уақытты барынша ұзартуды қамтиды.


Фокус № 6. Оқушылардың оқуға тартылуы
Оқушылар оқу үрдісіне белесене қатысқан жағдайда оқуы жақсы болады. Мұғалімдер мәселелі мәтіндер, жаттығулар беру, сондай-ақ, үйренгендері туралы ойлануға, әрекет етуге және жаттығуға қатысты әрекеттер арқылы оқушыларды оқуға тартуға ықпал етеді. Оқушылардың қатыстырылуын жеңілдету үшін мұғалімдердің қолданатын кейбір бақылау тәсілдеріне тәжірибені басқару тапсырмалары, жиі алынатын түзетулер мен кері байланыстар, оқу әрекеттерінің жеке және өзін-өзі басқару, сөздік мадақтауларды жүйелі қолдану, сондай-ақ, тапсырмаларды тексеру мен мониторинг жатады.


Фокус № 7. Оқушылардың оқу үлгерімін өлшеу
Жұмыс табыстылықтың орта немесе жоғары деңгейінде аяқталғанда оқыту жақсарады. Оқушылардың оқу үлгерімін қолдауды көрсететін кейбір бақылау тәсілдері – алдын-ала оқуды көрсететін сабақтың бір бөлігін немесе толықтай ұйымдастыру, тікелей түзетулер мен тікелей кері байланыстар жасау, жаңа мазмұнға біртіндеп көшу, сыныптың темпі мен динамикасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет