Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Екінші жартыжылдықта тәжірибенің дамуын бақылау



бет30/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47
Екінші жартыжылдықта тәжірибенің дамуын бақылау
Бірінші жартыжылдықтағы сабақтарды бақылау қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар ескеріле отырып, екінші жартыжылдықта жоспарлау, оқыту және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәжірибесін дамыту бақыланады.
Екінші жартыжылдықта мектепішілік бағалау парағы келесі дәлелдемелерді қамтиды:

  1. Кәсіби даму мақсаты (бірінші жартыжылдықтағы қалады, немесе бірінші жартыжылдықтасабақты бақылау негізінде түзетулер енгізілген басқасы);

  2. Сабақты бақылау бойынша қысқаша пікірлер;

  3. Екінші жартыжылдықтағы және жалпы жыл бойындағы кәсіби даму мақсатына жету бойынша мұғалімнің жылжуы туралы қорытындылар мен ұсыныстар;

  4. Келесі жылға мұғалімнің кәсіби дамуы бойынша ұсыныстарды, оқушылар, ата-аналар, әріптестер пікірлері, оқушылар жетістіктері және біліктілігін арттыруы ескеріліп қойылған мұғалімнің даму мақсатына жетуі бойынша қорытындылар негізінде мектептің әдістемелік кеңесі толтырады. Егер мұғалім аттестаттауға жататын болса, онда аттестаттау бойынша ұсыныстар беріледі.

Екінші жартыжылдықта сабақты бақылау да үш кезеңді қамтиды: дайындық кезеңі, тәжірибені бақылау және кері байланыс беру кезеңі. Жоспарлау, оқыту және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәжірибесінің дамуын бақылау дайындық кезеңінен басталады, оның барысында сабақты бақылау парағы мен мектепішілік бағалау парағында көрсетілген бірінші жартыжылдықтағы тәжірибені бақылау нәтижелерін мұғаліммен бірге зерделеу ұсынылады. Бұл әңгіме барысында мұғалім ағымдағы кезеңде жоспарлау, оқыту және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау әдіс-тәсілдері қаншалықты өзгергенін және осы кезеңде ол сабақ өткізу үшін не жоспарлайтынына түсініктеме бере алады. Бақылаушы мұғалімнің көңілін, мәлімделген деңгейдің біліктілік талаптарына, тәжірибесінің сай болу қажеттігіне аударады.


Сабақты бақылау кезінде сабақты бақылау парағының арнайы формалары толтырылады және кейін кері байланыс беруге арқау болатын жазбалар жүргізіледі. Сабақты бақылау парағы толтырылғаннан кейін, жоспарлау, оқыту және бағалау тәжірибесін дамытуына қатысты кері байланыс беріледі. Мысалы, жоспарлауды дамыту бойынша кәсіби әңгіме келесі аспектілерге қатысты болуы мүмкін: мақсаттар мен күтілетін нәтижелерді, сабақ құрылымын, оқу материалдарын, оқу тәсілдерін, ресурстарды жобалау және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау.


Соңында бақылаушы кері байланыс нәтижелері негізінде түйінді тұжырымдар қалыптастырады. Бұл жерде бірінші жартыжылдықтағы сабақты бақылау нәтижелерін ескерген де орынды болады. Бақылаушы мұғалімнің кәсіби даму мақсатына жетуге жылжуы туралы да қорытынды жасайды және сабақты бақылау парағында көрсетеді.


Екінші жартыжылдықта мұғалімнің сабақты ЖОСПАРЛАУ тәжірибесіндегі динамикасын қадағалау мақсатында бақылау акценті жоспарлау тәжірибесінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағытталады. Бақылаушы ретінде ӘБ жетекшісі және әріптестері бола алады. Бақылаушыға жоспарлау тәжірибесіндегі дамуының дәлелдемелерін оқып зерделеуі қажет болады. Бақылаушы бұндай дәлелдемелерді таңдап алған тәсілге қатысты әртүрлі көріністерде байқай алады. Мысалы, осы жоспар бойынша іске асырылып отырған сабаққа бақылаушы тікелей өзі қатыса алады және сабақ барысы мен оның нәтижелерінің жоспарға сәйкестігі бойынша қорытынды жасай алады. Тікелей сабаққа қатыспай-ақ, ұсынылған сабақ жоспарын егжей-тегжейлі оқып зерделеуге және екінші жартыжылдықта сабақты жоспарлауды дамытуға мұғалімнің өзі талдау жасауына бағытталған басқа тәсіл де мүмкін. Нәтижесінде, аталған тәсілдердің кез келгенін қолдана отырып, бақылаушы бақылау парағында белгі жасайды.


Атап айтқанда, сабақ жоспарын оқып зерделеу барысында жоспарлауда күтілетін нәтижелердегі, сабақ құрылымындағы, оқу материалындағы оқу тәсілдеріндегі, ресурстардағы өзгерістерге және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жоспарлаудағы өзгерістерге көңіл аударылады. Мысалы, егер бірінші жартыжылдықта мұғалім қойған сабақтың оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелердің оқу жоспарының талаптарына сай болатындығының дәлелдемлерін көру жеткілікті болса, екінші жартыжылдықта бақылаушы күтілетін нәтижелер неге бағытталғандығын анықтау керек болады:



  • оқушылардың қажеттіліктерін ескеру (мұғалім),

  • оқушылардың қабілеттерін ескеру (мұғалім –модератор),

  • зерттеушілік дағдыларды дамыту (мұғалім – сарапшы),

  • жобалық-зерттеушілік дағдыларды дамыту (мұғалім – зерттеуші),

  • жобалық дағдыларды дамыту (мұғалім – шебер).

Сабақ жоспарының құрылымына қатысты бірінші жартыжылдықта жоспар құрылымында оның кезеңдерінің арасындағы логикалық өзара байланыстар қалай көрініс тапқаны бақыланса, екінші жартыжылдықта жоспар құрылымында сабақтың әр кезеңінде барлық оқушылардың оқуға тартылуы қалай қарастырылғандығына көңіл бөлінеді.


Оқу материалдарын жоспарлауда мүмкін өзгерістерді қарастырайық.


Бірінші жартыжылдықтың өзінде оқу материалдарын жоспарлау мұғалімнің мәлімделген педагогикалық шеберлік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкес болуын қаншалықты көрсете алатындығын бақылауға болады. Бұл оқу материалы төмендегілерді қалай көрсете алатындығында көрініс табады:



  • тақырыптың басқа тақырыптармен және оқу бағдарламасының бөлімдерімен өзара байланысы;

  • сабақ тақырыбының сабақтастығы мен оны оқудың үздіксіздігі;

  • оқу бағдарламасындағы пәнаралық байланыстар;

  • авторлық бағдарлама идеялары;

  • авторлық әдістеме идеялары.

Ал екінші жартыжылдықта бақылаушы оқу материалында төменде көрсетілгендерге бағытталған сараланған тапсырмалар орын алғандығын анықтау керек болады:



  • оқушылардың қажеттіліктерін ескеру (мұғалім),

  • оқушылардың қабілеттерін ескеру (мұғалім –модератор),

  • зерттеушілік дағдыларды дамыту (мұғалім – сарапшы),

  • жобалық-зерттеушілік дағдыларды дамыту (мұғалім – зерттеуші),

  • жобалық дағдыларды дамыту (мұғалім – шебер).

Осы сияқты, екінші жартыжылдықтаоқу тәсілдерін, ресурстарды және оқу жетістіктерін бағалау әдіс-тәсілдерін жоспарлау тәжірибесін дамыту қалай жүріп жатқандығын оқып зерделеуге болады. Жоспарланған оқу тәсілдері мен ресурстар оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттерін қалай ескеретінін және олар дағдыларды дамытуға қалай ықпал ететіндігін көрсетуі қажет.


Мұғалім тәжірибесінің кәсіби дамуы үздіксіз үдеріс болып табылады. Екінші жартыжылдықта ОҚЫТУ тәжірибесін бақылау мұғалімнің сабақтағы қызметіндегі өзгерістерді көруге мүмкіндік береді. Бұл өзгерістер алынған кері байланыстар негізінде мұғалімнің талпыныс жасаған әрекеттерімен негізделген болады. Жоспарлаудың дамуын бақылаған сияқты, оқытудың дамуын бақылауда акцент мұғалімнің сабақтағы қызметінің мәлімделген педагогикалық шеберлік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкес болуыны ығысады.


Оқытудың дамуын ӘБ жетекшісі және сонымен қатар әріптестері бақылай алады. Өздерінің тәжірибесі мен пәндік білімінің мүмкіндігіне қарай, пән бойынша әріптестер мен ӘБ жетекшісі мұғалімнің оқыту тәжірибесін дамытуда барынша қолдау көрсете алады. Оқытудың дамуын бақылау сәйкесінше сабақты бақылау парағын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бақылау назарында бірінші жартыжылдықта бақыланған жоспардың құрамдас бөліктері болуы мүмкін: мақсат қою, сабақ құрылымы, оқу материалы, оқу тәсілдері және ресурстар. Бірақ, сабақты бақылау барысында осы құрамдас бөліктер бойынша екінші жартыжылдықта мұғалімнің тәжірибесінің дамуы анықталады.

Егер бірінші жартыжылдықта «мұғалім оқушылармен оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелерді талқылауы» бақыланса, ал екінші жартыжылдықта оның өсуі «мұғалім оқушыларды оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелерді қоюға қалай қатыстыратыны» арқылы көріну мүмкін. Оқушыларды оқу мақсаттары қою үдерісіне тарту үшін, мұғалім сабақ тақырыбын айта отырып оқушыларға мақсат қою тәсілдерінің көмегімен мақсатты қалыптастыруларын ұсынуы мүмкін. Негізінен мақсат қою тәсілдерінің барлығы диалог арқылы құрылады, сондықтан мұғалімнің сұрақтарды қалай құрастыратыны және сонымен қатар тек сол сұрақтарға оқушыларды жауап беруге ғана емес, олардың өз сұрақтарын ойлап табуларына үйретуі өте маңызды. Мақсат қою үдерісінде ол талқыланады және бұл кезде мақсаттың жалғыз емес екендігі анықталуы мүмкін. Мұғалім сабақ соңында қойылған мақсатқа қайта оралады және оқушыларға тек сабақта не істей алғандарын ғана талдау емес, сонымен қатар мақсатқа жете алғандарын анықтауын ұсынады және соған байланысты үй тапсырмасы беріледі. Әрбір мұғалімнің қоржынында оқушыларды оқу мақсаттарын мен сабақ міндеттерін қоюға тарту үдерісін оңтайлы ұйымдастырға мүмкіндік жасайтындай өзіне тиісті арнайы сұрақтар мен тапсырмалар жүйесі болуы мүмкін. Мысалы, мұғалім сабақтың тақырыбын сұрақ түрінде беруі мүмкін. Оқушыларға, осы қойылған сұрақтарға жауап беру үшін, іс-әрекет жоспарын құру ұсынылады. Оқушылар өз пікірлерін ұсынады, бұл кезде неғұрлым көбірек пікір болса, соншалықты бірін-бірі тыңдай білулері мен басқалардың идеяларын қолдай алулары дамиды. [16] Ұсынып, оқушылар қабылдаған жоспар сабақтың мақсаттарын қамтитын болады.


Бірінші жартыжылдықта мұғалімнің жоспарға сай сабақтың құрылымын сақтауын бақылауға болады (қажеттілікке қарай, сабақ кезеңдерінің логикалық ретін өзгертпей, мұғалім сабақ жоспарына түзетулер енгізе алады). Ал екінші жартыжылдықта сабақтың әр кезеңіндебарлық оқушылардың барлығын белсенді оқуға тартылуына көңіл қоюға болады.


Мұғалімнің оқу материалдарын оқуды ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін қарастырайық. Бірінші жартыжылдықта мұғалім оқу материалдарын оқуды іске асыру барысында төмендегілерді қалай қамтамасыздандырғанын көрсете алды:



  • тақырыптың басқа тақырыптармен және оқу бағдарламасының бөлімдерімен өзара байланысы (мұғалім);

  • сабақ тақырыбының сабақтастығы мен оны оқудың үздіксіздігі (мұғалім-модератор);

  • оқу бағдарламасындағы пәнаралық байланыстар (мұғалім-сарапшы);

  • авторлық бағдарлама идеялары (мұғалім-зерттеуші);

  • авторлық әдістеме идеялары (мұғалім-шебер).

Екінші жартыжылдықта оқытудың дамуы, мысалы, «мұғалім» педагогикалық шеберлік деңгейіне үміткер мұғалім көрініс таба алады. Бұл төмендегілер арқылы іске асырылуы мүмкін:



  • оқу сабақтарына оқушылардың көңілін аударатын және олардың пәнге деген қызығушылықтарын оятатын қызықты тәжірибелер, өмірден алынған мысалдар, ерекше баламаларды енгізу;

  • ерекше фактілер келтіру мен ерекше тәжірибелер жасау, сонымен қатар оқу материалының көлемі мен бірегейлігі арқылы оқиғаны оқушылар өз бойынан өткізуге жағдай тудыру;

  • ғылыми фактілерді келтіру және адамдардың өмір салтындағы өзгерістерді салыстыру шындықты айғақтайтын боғандықтан, оқушылардың қызығушылықтарын және көбірек білу талаптарын тудырады;

  • танымдық пікірталас жағдайын тудыру; оқушыларды ғылыми пікірталасқа тарту, олардың білімдерінің тереңдеуіне, көңілдерін аударуға, қызығушылық толқындарын және пікірталас сұрақтарының шешімін табу тілектерін тудыруға ықпал етеді;

  • оқуда қандай да бір қиындықтар көретін оқушыларға қатысты оқуда табыстылық жағдайын жасау. Бұл әдіс қуанышты көңіл-күй оқудағы қиындықтарды жеңуге мүмкіндік жасайтындығына негізделген.

«Мұғалім-сарапшы» педагогикалық шеберлік деңгейіне үміткер мұғалім, мысалы, келесі бағыттар бойынша зерттеушілік дағдыларды дамытуды көрсете алады:



  • Ойлау қызметінің дағдылары – оқушылардың мәселелерді көре білуі; идеяларды ұсына білуі (миға шабуыл); мақсат қоя білуі және міндеттерді тұжырымдауы; гипотезалар ұсына білуі; сұрақ қоя білуі; қызметінің әдіс не тәсілдерін, жолдарын негіздей отырып таңдай алуы; өз қызметін жоспарлай алуы; түсініктерге анықтама бере білуі; жіктей білуі; өз идеяларын дәлелдей және қорғай білуі; өзіндік талдау, рефлексия жасай білуі.

  • Таныстырылымдық дағдылары – істелген жұмыс туралы ауызша баяндама (хабарлама) жасауы; қызметінің нәтижелеріің көрнекі таныстырылымдарының тәсілдері мен формасын таңдауы; көрнекілік заттарын дайындауы.

  • Коммуникациялық дағдылар – басқаларды тыңдау және түсіне білуі; өз пікірін айта білуі; ортақ шешім таба білуі; топ ішінде байланыс жасауы, келісімге келе білуі.

  • Ақпараттық-іздену дағдылары – ақпаратты таба білуі; материалды құрылымдай білуі; басты мәселені бөліп көрсете алуы; қорытынды және ой тұжырымдарын жасай білуі.

  • Құрал-жабдық экспериментін жүргізу – бақылау жүргізе білуі; зксперимент жасай білуі (жұмыс орнын ұйымдастыру, қажетті жабдықтарды таңдау және т.б.).

Сабақтағы зерттеушілік қызметтің негізі сабақтың проблемалық тапсырмаларын шешу бойынша оқушылардың өздік жұмыстары болып табылады. Бұл сабақта оқушыларды өз бетімен және тікелей бақылауға қатыстыру арқылы іске асырылуы мүмкін, осының негізінде олар пән мен нақты құбылыстардың байланысын орнатады, қорытынды жасайды. Сабақтағы зерттеушілік қызметтің негізігі құрамдас бөліктері – мәселені анықтау, гипотезаларды әзірлеу және қою, бақылау, тәжірибелер, эксперименттер, сонымен бірге осылардың негізінде жасалған пайымдаулар мен ой тұжырымдар. Мысалы, зерделеудің зерттеушілік әдістерін қолдану (мұғалім проблемалық тапсырма береді, ал оқушылар мұғалімнің көмегінсіз шешу жолдарын іздейді), экспресс-зерттеулер (сабақ барысында эмпирикалық зерттеулер жүргізу үшін жеке немесе топтық тапсырмалар беріледі), теориялық экспресс-зерттеулер (әртүрлі ақпарат көздерінде қамтылған фактілер мен материалдарды зерделеу және тұжырымдау), оқу экспериментін өткізу (оқушылар бақылау, бақылау нәтижелерін тіркеу және дұрыс рәсімдеу, алынған мәліметтерді талдау, дағдыларын қалыптастырады, қорытындылар жасайды).


Сонымен бірге оқушылар әртүрлі пәндер бойынша үй тапсырмаларында қамтылған зерттеушілік сипаттағы зерттеу жұмыстарын жүргізе алады. Зерттеушілік тапсырмалар оларды орындау бойынша, нақты, түсінікті және логикалық түсіндірмелер келесі сөздермен жабдықталулары керек: зертте, анықта, бақыла, зерделе және салыстыр, қорытынды жаса, көргеніңді сипатта, салыстыр және талда. Мысалы, биология сабақтары үшін зерттеушілік үй тапсырмасы ретінде, жоспар бойынша өсімдіктер мен жануарларды сипаттау, тірі нысандарды бақылау (аквариумдағы балықтардың қылықтарын, тордағы алақоржынның қылықтарын, тәулік кезеңдеріне бөлме өсімдіктерінің өзгерулері және т.б.) немесе өз ағзасын бақылау (мысалы, дене қимылдарынынан кейін демалыс жиілігін, тәулік кезеңдерінде ағзадағы өзгерістерді және т.б.) ұсынылуы мүмкін.




Сабақта жобалық қызмет дағдыларын дамытуды қызметтің ортақ нәтижесіне жету үшін ортақ мақсаты, келісілген әдістері, іс-әрекет тәсілдері бар бірлескен оқу-танымдық, оқушылардың шығармашылық немесе ойын түріндегі қызметтерін бақылауға болады. Соңғы өнім туралы алдын-ала әзірленген түсініктің, жобалау кезеңдерінің (концепция әзірлеу, жобаның мақсаттары мен міндеттерін, іс-әрекеттің қолжетімді және оңтайлы ресурстарын анықтау, жобаны іске асыру бойынша жоспар, бағдарламалар құру және іс-әрекеттерді ұйымдастыру) және жобаны іске асыру мен оны ұғыну, қызмет нәтижелері бойынша рефлексияның болуы сабақтағы жобалық қызметтің міндетті шарты болып табылады.

Оқытудың дамуын мұғалім қолданатын оқу тәсілдерінен де байқалуы мүмкін. Мысалы, егер бірінші жартыжылдықта мұғалім оқу мақсаттарына жетуге ықпал ететін оқу тәсілдерін қолданатын болса, екінші жартыжылдықта оқу ынтымақтастығын қолдауға бағытталған оқу тәсілдерін қолданады.


Осыған ұқсас, екінші жартыжылдықта мұғалімнің оқу ресурстарын дайындаудағы өзгерістерді көруге болады. Екінші жартыжылдықта мұғалім АКТ ресурстарын белсеенді қолданады. Бұл жағдайда педагогикалық шеберліктің түрлі деңгейлерінің біліктілік талаптарына сай, мұғалім төмендегілерді істей алады:



  • Білім беру нәтижелеріне жету үшін дайын сандық білім беру ресурстарын қолдану (мұғалім);

  • Өзінің дербес сандық білім беру ресурстарын қолдану (мұғалім-модератор);

  • Оқушылардың бірлесе жұмыс істеуі үшін желілік ресурстарды пайдалану (мұғалім-сарапшы);

  • Оқушылардың жан-жақты дамуы үшін АКТ-ың жаңа құралдарын енгізу (мұғалім-зерттеуші);

  • Оқудың авторлық әдістемесін енгізу кезінде АКТ-ны қолдану (мұғалім-шебер).

Сандық білім беру ресурстары ретінде, таныстырылымдар, электронды оқулықтар, бейне үзінділер, статикалық немесе динамикалық моделдер, виртуалды шындық пен интербелсенді модельдер объектілерін, дыбыс жазбаларын, картография материалдарын, символдық объектілер мен іскерлік графика, мәтіндік құжаттар мен оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті басқа да оқу материалдарын қолдануға болады.


Бақылаушылар оқыту тәжірибесінің дамуын зерделеу мақсатында сабаққа қатыса отырып, сабақты бақылау парағында жазбалар жасайды.

Оқушылардың ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ тәжірибесін дамыту мұғалімнің кәсіби қызметін тұтас алғанда дамытудың бір шарты болып табылады. Оқытудың сапасын арттыру мақсатында бағалау, оқушылардың ілгерілеуі туралы мәлімет беретін ақпараттарды уақтылы жинау, талдау, интерпретациялау және қолдануды көздейді. Екінші жартыжылдықта оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәжірибесін бақылау біліктілік талаптарына сәйкес бірінші жартыжылдықта бақылау нәтижесі бойынша алынған пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, осы бағытта мұғалім тәжірибесі қалай дамып жатқандығын көруге мүмкіндік береді.


Сабақтағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дамуын бақылау сәйкес сабақты бақылау парағын (бұл парақтың формасын мектеп әзірлеуі де мүмкін) қолдану арқылы іске асырылады. Сабақты бақылай отырып, оқушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат жинау үшін мұғалім қандай түрлі бағалау стратегиялары мен сәйкес құралдарын қолданатындығына көңіл аудару керек. Бағалаудың түрлі стратегияларын қолдана отырып мұғалім мен оқушы оның неге бағытталғандығын, оқудағы өздерінің мықты және әлсіз тұстарын түсінуге қалай көмектесетіндігін түсінулері маңызды. Бақылау бірінші жартыжылдықтағы элементтерді қамтиды: бағалау мақсаты, табыс критерийлері, сабақтағы формативті бағалау әдістері мен тәсілдері, сабақтағы оқу нәтижесі бойынша оқушылардың рефлексиясы; сонымен бірге мұғалімнің оқушыларды бағалау үдерісіне тартуы қалай дамып жатқандығы анықталады.


Мысалы, бірінші жартыжылдықта «мұғалім оқушылармен бағалау критерийлерін талдауы» бақыланса, екінші жартыжылдықта оның өсуі «мұғалім оқушыларды бағалау критерийлерін әзірлеуге тартуы» арқылы көрініс табуы мүмкін. Бірінші жартыжылдықта мұғалім, формативті бағалау стратегияларының оқу мақсаттарымен байланысының қажеттігін көрсететсе, бағалау құралдарының көмегімен оқушылардың білім алу қажеттіліктерін анықтаса, критерийлер бойынша өзара бағалау дағдаларын дамыту үшін жаңа әдіс-тәсілдерді қолданса, онда екінші жартыжылдықта оқушылардың оқу жетістіктері бағалаудың дамуын келесілер арқылы көрсете алады:



  • оқушының оқу нәтижелерін өзі бақылау бойынша мұғалімнің жоспарлаған қызметінің болуы;

  • оқушыларды сабақтағы өзінің оқу нәтижелерін бағалай алатын, оларға түсінікті бағалау критерийлерін құрастыруға қатыстыруы;

  • оқушылардың өз іс-әрекеттерін бағалауларының дәлелдеулері;

  • мәселелерді оқушылардың өздерінің анықтауы (не іске аспай қалды және неге);

  • әр оқушының өз қателерін түзетуі;

  • бағалау қызметін жүзеге асыру үшін мұғалімнің веб-сервистердің көмегімен формативті бағалаудың өз сандық формалары мен шаблондарын құрастыруы, АКТ-ні қолдануы.


Сабақты бақылау кезінде бақылаушы бірінші жартыжылдықта оқушылардың сабақтағы оқу жетістіктерін бағалауды бақылау нәтижесі бойынша берілген ұсыныстарды мұғалім қалай ескеретініне көңіл аударуы керек.


Екінші жарты жылдықта мұғалімнің сабағын КЕШЕНДІ ТАЛДАУ оқу жылындағы сабақтарды бақылау циклін аяқтайды және сабақты жоспарлаудың бағалауын, сабақ міндеттерінің жүзеге асырылуын, оқушылардың оқу әрекетінің түрлері мен мазмұнын, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауды қамтиды.


Бақылауды жүзеге асыруда мұғалімнің кәсіби даму мақсатына қол жеткізу деңгейіне, оқу жылында сабақты бақылау нәтижесі бойынша мұғалімге берілген барлық ұсыныстардың ескерілгендігіне ерекше назар аударылады.

Бақылаушы мұғалім тәжірибесінің дамуын куәландырады деп мыналарды атай алады:



  • оқудың күтілетін нәтижелері, сабақтағы соңғы нәтиже оқушылардың әрекеттерін бақылау барысында анықталатындай, тіпті мұғалім мен бақылаушы өлшей алатындай етіп құрастырылған;

  • оқушылардың мақсатты анықтауға, сабақтың тұлғалық мәнін құрастыруға қатысуы;

  • сабақ мазмұнының негізгі бірлігі ретінде мәселелік жағдаят құру (мәселелік тәсіл);

  • ғылыми түсініктер жүйесін меңгеру негізіне жататын оқу әрекеттері жүйесін ұйымдастыру (жүйелік-әрекеттік тәсіл);

  • сабаққа пәндік және пәнүстілік (метапәндік)мазмұнның енгізілуі;

  • әмбебап оқу дағдыларын қалыптастыру (оқушылардың жаңа білім мен біліктерді өздігінен игеру қабілетін қамтамасыз ететін әрекеттерінің бірлігі, осы үдерісті ұйымдастыруды қоса алғанда);

  • оқушылардың қызығушылығы, мүмкіндігі, қажеттілігінің деңгейіне байланысты оқуды түрлендіру, оқу жағдаяттарын құру, жобалық және зерттеушілік әрекеттерді жүзеге асыру, вариативті мазмұн;

  • оқу мен бағалаудың ақпараттық және коммуникациялық технологияларын орынды қолдану;

  • оқушылардың сабақ мақсатына қол жеткізуде ынтымақтаса оқудың шешуші рөлі кезінде көзделген жоспар бойынша оқу әрекетін өздігінен жүзеге асыруы;

  • оқушылардың алдына өз әрекеттерін бағалау міндеттерін қою (өзін-өзі бағалау, өзара бағалау);

  • оқушыларда өз әрекетінің нәтижесін жақсарту дағдысын қалыптастыру;

  • оқушыларды алдыңғы және кейінгі жетістіктерді салыстыру негізінде оқу әрекетіндегі өзгерістерді бағалау үдерісіне тарту;

  • оқушылардың сәтсіздіктердің себебін талдауды жүзеге асыруы және болашақта оқу міндетін табысты орындауды қамтамасыз ететін операциялар мен жағдайларды іріктеп алуы.

Бақылау барысында мұғалімнің бар немесе мәлімделген (аттестация жағдайында) педагогикалық шеберлік деңгейін ескеріп, оған сәйкес келетін біліктілік талаптарын бағдарға алу қажет.


Сабақтан кейінгі әңгіме барысында бақылаушы мұғалімге өз сабағын талдауға мүмкіндік береді, қажеттілігіне қарай мұғалімге өз тәжірибесінің мықты жақтары мен болашақта шешуді қажет ететін қиындықтары туралы ойлануға ықпал ететін сұрақтар қояды. Аталған бақылау оқу жылы бойындағы сабақтарды бақылау циклінің соңы болғандықтан, кәсіби әңгіме барысында мұғалімнің кәсіби даму мақсатына қол жеткізуінің талдауына баса назар аударылуы керек. Мұғалім әрекетінің қандай нәтижелері қойылған мақсатқа қол жеткізу туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді? Бұған не әсер етті? Егер мақсатқа әзірше қол жеткізілмесе, қандай факторлар кедергі болды? Болашақта оған қол жеткізу үшін қандай нақты әрекеттер қабылданады? Мұғалімге қандай көмек қажет?


Кері байланыс нәтижесі бойынша сабақ жөнінде және мұғалімнің кәсіби даму мақсатына қол жеткізуде алға жылжуы туралы Сабақты бақылау парағында жазбаша пікір ұсынылады, сонымен қатар Мектепішілік бағалау парағына қысқаша пікір жазылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет