Кәсіби даму мақсатына түзету енгізу
Бірінші жартыжылдықта сабақтарды бақылау нәтижесі бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі мұғалімнің кәсіби даму мақсатына жылжуы туралы ұсыныстар мен қорытындылар толтырады. Бұл үшін ӘБ жетекшісі бірінші жартыжылдықтағы барлық сабақты бақылау парақтарын және бақылау нәтижесі бойынша мектепішілік бағалау парағындағы қысқаша пікірлерді зерделеуі қажет. Содан кейін ӘБ жетекшісі мұғалімнің кәсіби даму мақсатына жылжуы туралы кәсіби әңгіме жүргізуге ұсыныс жасайды. Бұл әңгіме барысында, кәсіби даму мақсатына жету бойынша мұғалімнің қызметіне алдында берілген ұсыныстар қаншалықты ықпал жасағандығын талқылауға болады. Мұғалім қандай қиындықтарды кездестірді? Осы кезеңде де мақсат өзектілігі қалады ма? Оған түзету енгізу қажеттігі бар ма?
Құжаттарды және осы кәсіби әңгіме нәтижесінің негізінде ӘБ жетекшісі І-жартыжылдықта даму мақсатына жету бойынша қорытындылар мен мұғалімге ұсыныстар тұжырымдайды және қажет болған жағдайда «Түзету енгізілген екінші жартыжылдықққа арналған кәсіби даму мақсаты» бағанын толтырады.
Қажет болған жағдайда тәжірибедегі қызметінің нәтижесі мен мұғалімнің кәсіби даму мақсатын салыстыру арқылы мақсаттың тұжырымдалуына түзетулер енгізіледі. Мысалы, мұғалім үшін оқыту тәжірибесіне қатысты кәсіби даму мақсаты белгіленіп, алайда І-жартыжылдықта кәсіби бақылау нәтижелері (пікірлер) негізінде, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда олқылықтар бар екені белгілі. Мұндай жағдайл мұғалімнің кәсіби даму мақсатына түзету енгізу қажеттігін көрсетеді.
Даму мақсатына түзету енгізу кезінде оның құрамдас бөліктерін салыстыру қажет:
мәлімделген педагогикалық деңгей;
тәжірибедегі қызметінің нәтижелерін талдау және бағалау.
Мұғалімнің кәсіби даму мақсатына түзету енгізу ауызша және жазбаша берілген кері байланыстар негізінде, сонымен бірге кәсіби әңгіме барысында ӘБ жетекшісінің қатысуымен жүргізіледі. ӘБ жетекшісі мұғалімді 3 жыл аралығында (аттестация аралық кезеңі) кәсіби даму мақсатын іске асырудың спирал түріндегі модель негізінде қолдауға ұмтылады.
Сабақтағы қызмет түрлерінің әрқайсысы бойынша бақылау нәтижесінде жазылған пікірлер мұғалімнің өз қызметін ой талқысынан өткізуіне және аттестаттауға жататын мұғалім үміттенетін педагогикалық шеберлік деңгейін таңдауын негіздеуіне мүмкіндік береді. Бірлескен талдау мұғалімге талаптарды жақсырақ түсінуге, қызметін өзі бағалауына қатысы бар аспектілерді анықтауға, өзінің кәсіби даму бағыттарын саналы таңдауына мүмкіндік береді. Мұғаліммен бірге талқылаудан кейін ӘБ жетекшісі бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша мектепішілік бағалау парағында ұсыныстар толтырады және мақсатқа жету бойынша мұғалімнің кәсіби дамуын қолдауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |