Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Бірінші жартыжылдықта сабақты бақылау



бет25/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
Бірінші жартыжылдықта сабақты бақылау


Сабақ жоспарлауды бақылау
Бірінші жартыжылдықта сабақ жоспарлауды бақылау мақсаты сабақ жоспарлау аясында мұғалімнің мықты тұстарын анықтау болып табылады.

Мұғалімнің сабаққа тікелей дайындалу кезеңінде мұғалім мен оқушы қызметтерін ұйымдастыратын өзіндік бағдарлама ретінде қарастырылатын жоспар құрылады. Мұғалімге міндеттер мен мазмұнға қатысты жоспарланатын сабақтың әдістемелік құрылымын түрлендіру қажет. Нақты сыныптың қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, сабақтың құрылымы қандай болатындығын мұғалім дербес шешеді. Сабақты тек дәстүрлі схема (өткенді қайталау — үй тапсырмасын тексеру — жаңа тақырыпты меңгеру — бекіту — үйге тапсырма беру) бойынша құру мектеп пәндерінің заманауи міндеттерін іске асыруды қиындатады және оқудың тиімділігін төмендетеді. Сабақтың бірсарынды құрылымы оқушыларға үйреншікті болып кетеді және олардың зейіні мен ойлауын белсендіруге әлсіз ықпал етеді.


Сабаққа дайындалу кезеңінде мұғалім мен бақылаушы алдағы сабақ жоспарын талқылайды. Осы талқылау барысында мұғалім сабақтың қандай түрлерін жоспарлауды басшылыққа алатындығын бақылаушы анықтай алады. Бұл өзі құрастырған сабақ па, әлде зерттеу аясында әріптестермен біріге отырып жоспарланған сабақ па, тәжірибені зерттеу аясындағы ма, авторлық бағдарлама бойынша ма, әлде авторлық әдістеме бойынша құрылған сабақ бола ма? Осылайша, бақылаушы дайындық кезеңінде-ақ мұғалімді өз сабаған педагогикалық шеберлік деңгейінің біліктілік сипаттамаларына сәйкес құруына бағыттай алады.


Мұғалімнің сабақты жоспарлау тәжірибесін зерделеуді тікелей сабақты бақыламай-ақ жүзеге асыруға болады. Ұсынылған жоспарды қарастыра отырып, бақылаушы сабақтың құрылымы мен пәндік мазмұнына, сабақ мақсаттары мен күтілетін нәтижелерін тұжырымдауына, сабақ кезеңдері (тапсырманы тексеру, жаңа тақырыпты түсіндіру, жаттығулар және т.б.) бойынша уақыттың бөлінуіне, оқудың әдістемелік тәсілдеріне: әңгімеге (онда сұрақтар қоюға болады), жаттығуларға (мәселелерді шешу де сабақ жоспарында қарастырылуы керек), баяндау әдістеріне, демонстрацияларға, иллюстрацияларға, оқушылар қызметінің түрлері мен формаларына, формативті бағалауды ұйымдастыруға, оқуды саралауға, рефлексияға, үй тапсырмасына көңіл аударады. Сонымен қатар, мұғалім сабақтың нақты жүру барысы жоспарға сай келмеу мүмкіндігін де қарастырып, қосымша материалдар дайындайтындығын бақылаушы атап өтуі керек. Мысалы, басқалардан бұрын тапсырманы орындап қоятындар үшін, не болмаса тапсырманы орындауға жоспарланған уақыттан аз уақытта жұмсалса. Сонымен бірге, нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін ресурстардың және материалды меңгеруде оқушының алға жылжу дәрежесін, тұлғаның жалпы даму деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін критерийлердің жоспарда қарастырылғандығына бақылаушы көңіл аударады. [15]


Жоспармен жұмыс істеу кезінде бақылаушы,кері байланыс беру үшін негіз ретінде қолдануға болатын, Сабақты бақылау парағындажазба жасайды.


Сабақ жоспарын қарастырғаннан кейін бақылаушы жоспарлауды мұғалімнің өзі талдауына мүмкіндік берілетін кездесу ұйымдастырады, және соңынан кері байланыс беріледі. Қысқаша пікір жазу кезінде кері байланыс нәтижесін негізге алу керек, жоспарлау тәжірибесінің құрамдас бөліктеріне: жоспарлаудың негізгі әдіс-тәсілдері, сабақта жаңа материалды тиімді оқуды жоспарлау мен дайындауға, ресурстар мен технологияларды пайдалана отырып сабақты жоспарлау мен дайындауға, оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттерін ескере отырып сабақты жоспарлау мен дайындауға қатысты мұғалімнің мықты тұстары мен даму аймағын бөліп көрсету керек. Қорытындыларды жоспарлаудың түпнұсқалылығын дәлелдейтін фактілерді келтіре отырып жасаған дұрыс.


Атап айтқанда, пікір келесі ақпараттарды қамти алады:



  • оқу мақсаттары мен табыс критерийлері қалай анықталған, оларға оқыту мен оқу формалары, әдіс-тәсілдері сәйкес келе ме;

  • жаңа оқу материалы алдыңғы білімдергесүйенетідігін, материалды берудің қисындылығы мен реттілігін көрсететіндігін, пәнаралық байланыс пен оқудың түсінуден қолдануға ілгерілеуін сабақты жоспарлау қалай көрсете алады;

  • оқушылардың сабақ мазмұнын түсінуін жақсарту үшін ресурстар мен технологияларды қолдану қалай жоспарланған;

  • жоспарлауда оқушылардың арнайы білім алу қажеттілігі қалай ескерілген және олардың оқу мен дамуына жағдай жасалған ба.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> Батыс қазақстан облысы бойынша 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі знаменательные и памятные даты по западно-казахстанской области на 2019 год орал, 2018 ббк 92. 5 Б 27
2019 -> БАҒдарламасы ксентаев Ардак Ануарбекович 1981 жылы 08 қыркүйек Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сатбаев ауылында дү­ние­ге келген
2019 -> Төрайым– Асанова Жанна Бейсентаевна, төрайым орынбасары
2019 -> Директордың оқу ісі
2019 -> Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)
2019 -> Коммерциялық емес акционерлік қоғам Тіл білімдері кафедрасы КӘсіби қазақ тілі
2019 -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
2019 -> Кмм «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» кгу «Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека имени Абая» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет