Кіріспе Негізгі бөлім Этиологиясы мен патогенезі Диагностикасы, емі



бет2/3
Дата02.11.2022
өлшемі3,66 Mb.
#156196
1   2   3
Байланысты:
Бехтерев ауруы

Бехтерев ауруы формалары: 
Орталық формасы – тек қана омыртқа зақымдалады.
Ризомелиялық формасы – омыртқа мен түбір буынның зақымдалуы. 
Перифериялық формасы – омыртқа мен перифериялық буынның зақымдалуы.
Скандинавиялық формасы –ревматоидті артрит кезіндегі кистьтің ұсақ буындарының зақымдалуы сияқты және де омыртқаның. 
Висцеральды формасы – жоғарыда көрсетілген формалардың біреуі және висцеральды мүшенің зақымдалуы. (жүрек, аорта, бүйрек).
Бехтерев ауруы этиологиясы
Klebsiella кейбір штаммдары және энтеробактерияның басқа түрлері Бехтерев ауруы дамуына әсер етеді. Патогенездің басты факторы – тұқымқуалаушылық. Оның маркері — HLA-B 27 гистосәйкестік антигені болып табылады.
Бехтерев ауруы өмірдің екінші онжылдықтың аяғы мен үшінші онжылдықтың басында басталады. Қазіргі кезде жасөспірім жаста да кездеседі. Балалық шақта немесе жасөспірім кезде ауру переифериялық буын зақымдалуымен және дене температурасының жоғарлауымен сипатталады.
Осы аурудың шығуында ішек және зәр жолдарының инфекцияларына зор көңіл бөлінеді. Бұл аурудың дамуында тұқым қуалау белгілерінің орны бөлек, аурулардың 90 пайызынан көбінде HLA В27 антигендері табылған, аурудың жақын тумаларының 3 пайызы осы ауруға шалдығатыны анықталған.
Буындардың анкилозын аурудың екінші кезеңінде рентгенограмма арқылы ғана анықтауға болады. Аурудың бірінші кезеңінде МРТ арқылы анықтайды, бірақ оны сирек жүргізеді. Салыстырмалы диагностика. Омыртқаның дегенеративті ауруы — остеохондроз, спондилез. Айырмашылығы: тыныштық, ұйқы кезінде ауырсыну күшейеді; көбінесе жас ер адамдар аурады; қанда ЭТЖ жоғарлайды. Ревматоидты артрит – буынның симметриялы зақымдалуы, ревматоидты түйіншек, қан сарысуында ревматоидты фактор анықталады. —Бехтерев ауруы кезінде пайдалы: Жүзу; Регулярлы гимнастика, баяу жаттығулар– «тянучки»; Массаж Шынығу процедураларын дозирленген және жүйелі түрде жүргізу —Бехтерев ауруы кезінде зияны: Спорттың травматикалық түрімен, жүгіру, секіру, жылдам қозғалыс; Суықта көп жүру; Физиопроцедура мен массажты өршу кезінде жүргізуге; Иммуностимуляторлармен емдеу (өршуіне әкеледі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет