Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады



бет51/243
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#90324
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   243
Байланысты:
46f35a43-0889-11e7-bfa7-a692e7d05c5eкриминалис.нускау

ХАТТАМА
тінту жүргізу жайлы
26 жедтоқсан 1992 жыл Қызылорда қаласы
Қызылорда қалалық ІІД аға тергеушісі, полиция капитаны М.Махшатов, куәгерлер: 1. Дуйсенбаева Гүлжан Кыдырқызы, тұрағы - Титов қыстағы, №З1 үйдің 29 пәтері, 2.Айдәулетова Базар Болатбекқызы, тұрағы - Қызылорда қаласы, А.Тоқмағамбетов көшесі II үй, 3 пәтер, Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімі криминалдық милиция бөлімінің оперативтік уәкілі милиция капитаны Алдамзаров Мұраттың, Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасы криминалист-сараишылар бөлімінің сарапшысы милиция аға лейтенанты Рүстемов Нұржанның және үй егесі Күл кеева Гүлжаханның қатысуында Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 137,139 баптарын қолдана отырып, Қызылорда қаласы, Титов қыстағы №8І үйдің №48 пәтерінде тінту жүргіздім.
Қазақстан Респубиикасы ҚІЖК-нің 104 бабының талабыңа сәйкес айғақтарға олардың тергеу әрекетіне қатысудағы міндеттері мен құқылары түсіндірілді.
Айғақтар: Г.Дүйсенбаева
Б. Айдәулетова
Маман ретінде қатысушы-сарапшы Рүстемов Нұрланған ҚР ҚІЖК-нің 57-1 бабында қаралған құқылары мен міндеттері түсіндірілді және ол өзінің міндеттерін орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін жауапты болатындығы туралы ескертілді.
Маман: Н.Рүстемов
Бұдан кейін үй егесі Күлкеева Гүлжаханға 25 желтоқсан 1992 жылғы тінту жүргізу туралы қаулы жарияланып, егер үйде сақтаулы қару-жарақ, қылмыс құралы болатындай заттар болса, өз еркімен тапсыру, егер ерікті түрде берілмесе, тінту жүргізу барысында алатындағы түсіндірілді.
Үй егесі - сезікті Бөлегенов Батырбектің әйелі Г.Күлкеева жатын бөлмеде тұрған ағаш қораптың ішінен құндағы кесілген екі ұңғылы шолақ мылтықты және қанжар пышағын өз еркімен әкеліп тапсырды.
Шолақ мылтықтың калибрі 16, завод саны ХЭ № 77890ІІ, жалпы үзындығы 39 см, қолға ұстап жүруге бейімделіп жасалған тері бауы бар. Қанжар пышақтың жалпы ұзындығы 30 см, сабының ұзындығы 10 см, жүзінтң қзындағы 20 см, қанжардың жүзінде қанға ұқсаған қызыл-қоңыр дақтар бар.
Тінту жүргізу барысында үйден басқа айғақты заттар табылмады.
Хаттамада көрсетілген шолақ шылтық пен қанжар айғақты заттар есебінде алынды. Қанжар пышақ қағазға оралып, пакеттеліп, оның сырты жіппен байланып, жіптің екі ұшы "Қызылорда қалалық прокуратурасының пакетіне арналған" мөрі басылған қағазбен желімделінді, айғақтардың қолдары қойылды.
Тінту жургізу барысында алынған шолақ мылтық пең қанжар пышақты маман Н.Рүстемов "Зенит" маркалы фотоаппараты арқылы 64 фотопленкасын қолданып суретке түсірді.
Тінту жүргізу 10 сағат 25 минутта басталып, 2 сағатта аяқталды.
Тінту жүргізу барысында айғақтар мен қатысушылар тарапынан ескертпе, мәлімдемелер түскен жоқ.
Хаттама оқылып берілді, дұрыс жазылған.
Куәгерлер: Г.Дүйсенбаева
Б. Айдәулетова
Қатысушы: М. Алдамжаров
Маман: Н.Рүстемов
Үй егесі: Г. Күлкеева
Қызылорда қалалық прокуратурасының
аға тергеушісі, 2 дәрежелі эаңгер: М.Махшатов
Тінту хаттамасының көшірмесін 26 желтоқсан 1992 жылы
алдым.
___________________ Г.Күлкеева
/қолы/

"Толбаева Күлайдаң почта-телеграф


хат-хабаряарына тоқтам салуға рұқсат етемін"

Кызылорда облыстық прокуротурыниң


орынбасары заң кеңесшісі: Карбуаов К.
5 шілде 1992 жыл
Қаулы
почта-телеграф хат-хабарларына
тоқтам салу және оларды алу туралы
Қызылорда қаласы 5 шілде 1992 жыл
Қызылорда облыстық прокуратурасының аға тергеушісі 2 дәрежелі заңгер Асқаров Ж., №2450 санды қылмыстық істің құжаттарын қарап,
Т А П Т Ы М :
Қолбаев Айбек 3 шілде 1992 жылы сағат І7-тер кезінде Қызылорда қаласы, Мәметова көшесі, №78 үйде Садаматов Сұлтанбекпен бірге спирттік ішімдіктер ішіп отырып бұзақылықтың салдарынан соңғының кеудесінен бірнеше рет пышақпен ұрып, қасақана өлтіріп, оқиға болған жерден қашып кеткен.
Толбаевтың қазіргі тұрағы жөнінде жұбайы Толбаева Күлайға хабарлауы мүмкіндігін ескеріп, ҚР ҚІЖК-нің 141 бабын басшылыққа алып,
КАУДЫ ЕТТІМ:
1. Кызылорда қаласы Мәметова көшесі, 66 үйде тұрушы Толбаева Күлайдың атына байланыс белімшелеріне келген почтателеграф хат-хабарларына тоқтам салуға және хат-хабарлар түскен жағдайда оларға қарау жүргізіп, қажет болса алуға.
2. Каулының көшірмесін орындау үшін Кызылорда байланыс торабының бастыгына жолдауға.
Аға тергеуші
2 дәрежелі эаңгер Асқаров Ж.
Қаулының көшірмесін 6 шілде 1992 жылы алдым.
Қызылорда қалалық байланыс
торабының бастығы Қожантаев 0.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   243




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет