Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады



бет59/243
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#90324
түріСабақ
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   243
Байланысты:
46f35a43-0889-11e7-bfa7-a692e7d05c5eкриминалис.нускау

Куәдан жауап алу
Х А Т Т А М А С Ы
20 маусым 20... жыл Қызылорда қаласы
Қызылорда ІІБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі полиция лейтенанты М. Махшатов, жұмыс кабинетімде, ҚР ҚІЖК-нің 216, 212 және 214 баптарын сақтай отырып, төменде аталған кісіден куә ретінде жауап алдым.
Жауап алу 17 сағат 00 минутта басталып, 17 сағат 50 минут аяқталды.

  1. Фамилиясы, өзінің және әкесінің аты: Ергешова Кыздаркүл

  2. Туған жылы: 1 желтоқсан 1959 жыл

  3. Туған жері: Мақтаарал ауданы, Победа колхозы, Шымкент облысы

  4. Ұлты: қазақ

  5. Білімі: арнаулы орта

  6. Жанұя жағдайы: тұрмыс құрмаған

  7. Қызмет орны: Жетісай қалалық тұтынушылар қоғамы

  8. Қызметі: № 1 дүкенде сатушы

  9. Сотталғандылығы: Бұрын сотты болмаған

  10. Тұрғылықты жері: Жетісай қаласы, М. Әуезов көшесі 8 үй

  11. Депуттық жағдайы: депутат емес.

ҚР ҚІЖК 214 бабының талабына сай куә Ергешова Қыздаркүлге оның жауабы: «Sony м-9» маркалы бейне камерасын қолданылып жазылатындығы түсіндірілді. Сонымен қатар куә Ергешовадан жауабын бейне камераға жазуға келісімі сұралды, куә Ергешова қарсы еместігін білдірді.
Куә: К. Ергешова
Қр ҚІЖК- нің 214 бабына сәйкес Ергешова Қыздаркулге куә қатарында жауап берудегі құқықтары мен міндеттері түсіндірілді және ол жауап беруден бас тартқаны немесе бұлтарғаны үшін ҚР ҚК-нің -- бабының -- бөлімі бойынша біле тұра өтірік жауап бергені үшін ҚР ҚК-нің --бабы бойынша қылмысты жауапты болатындығы түсіндірілді.
Куә: К. Ергешова
Куә Ергешоваға сұрақ:- Сіз 20... жылдың қазан айында Қызылорда арақ заводынан 300 жәшік «Русская водка» арағын және 150 жәшік «Буратино» сусынын алғансыз, осы заттарды қалай, кімнің көмегі арқылы, қандай жолмен алдыңыз?
Куә Ергешованың жауабы: Өткен 20... жылдың қазан айының орта шенінде жеңгем Асқарбекова Тынымкүл екеуміз Шымкент облысындағы ауданаралық қоймаға зат алуға барғанбыз. Сонда зат алуға келген Киров ауданының бір адамынан «Киров ауданының жігіттері Қызылорда арақ заводынан үстіне 1000 тенге ақша беріп, өздерімен бірге бос бөтелкелерін апарып арақ алып келіпті»- дегенді естідім. Жетісайға қайтып келгеннен кейін дүкенші қыздар Ағманова Перизат, Әріпбаева Анаркүлдермен ақылдасып, бос бөтелке мен ақша жинап Қызылордаға араққа бармақшы болдық. Сөйтіп, 10 шақты күн дайындалып 450 жәшік бос бөтелке, күнделікті саудадан түскен ақшадан 50000 тенге ақша жинадық. 30 қазан күні кеңседен екі сенім қағазын алып, машинаға 450 жәшік бос бөтелкені тиеп, 50000 тенге ақшаны және жаныма жүргізушіден басқа жол серікке Қыдырбай ағаны ертіп, 30 қазан күні кешке Қызылордаға жолға шығып кеттік. Қызылордаға 31 қазан күні таңертен келіп сұрастырып арақ заводты тауып алдық. Мен заводтағы өнімді бөлу бөліміне барып едім, онда бір орыс әйел бар екен, ол орыс әйелге Жетісайдан араққа келгенімізді, өзімізбен бірге алып келген бос бөтелкелер бар екендігін айтып едім, ол маған: «директордың рұхсатынсыз арақ бере алмаймын, директорға барып жолығыңыз» - деді. Содан заводтың кеңсесіне барып, екінші қабатына көтеріліп дәліздің оң жағындағы есігінде «директор» деген жазуы бар кабинетке кірдім. Мен директорға жолығып: «Ағай, Жетісайдан бос бөтелкеге арақ береді деген соң келіп едім» деп едім, директор Әлиев маған: «Жетісайға беретін фондсыз арағым жоқ»- деді. Содан төменге түсіп сонша жерден келгенде бос қайтамын ба деп ойланып, сумкамда тұрған 50000тенге ақшадан 30000 тенгені бөліп газетке орап алып, арада жарты сағаттай уақыт өткенде директордың кабинетіне қайтадан кірдім. Мен Әлиевке: «Ағай, сонша жерден келгенде бос қайтамыз ба, сіздерде жәшігінің үстіне 1000тенгеден ақша берсе арақ береді дегенді естідік, мен де құр қол келгенім жоқ, мынау 30000 тенге ақша» - деп газетке оралған 30000тенге ақшаны столының үстіне қойдым. Бұрын алдында кіргенімде Әлиев маған: «Фондсыз арақ алуға құр қол келдің бе?»- бірдеңе беруім керек екендігін сездірді. Әлиев содан кейін менің сенім қағазымды алып, оған «300 жәшік арақ босатылсын» деп бұрыштама соғып берді. Мен Әлиевке: «Ағай өзіммен бірге 450 жәшік бос бөтелке алып келіп едім, қалған 150 жәшігіне сусын берсеңіз» деген соң екінші сенім қағазға «150 жәшік сусын босатыңыз» деп қол қойып беріп, «бос бөтелкелерді өткізе бер» - деді. Содан машинаны заводқа кіргізіп 450 жәшік бос бөтелке өткіздік. Кешкі сағат 17.00-17.30- дардың шамасында қоймадан арақ тиеп жатырғанымызда жанымызға директор Әлиев келіп мені шақырып алып: «Қызым, егер біреулер арақты қалай алып жатырсың деп сұраса Алматыдан біреулердің тапсырмасымен алып жатырмын де, ақша жөнінде әңгіме болмасын» - деп ескертті. Содан біз арақты тиеп болып, мен накладнойға қол қойдыруға директорға барсам, ол кісі кетіп қалыпты, бас бухгалтер де жоқ екен. Сонымен Қадырбай аға екеуіміз жүргізушіні машинамен заводтың ішінде қалдырып, сол қалада тұратын Тынымкүл жеңгемнің ағасы Өтешов Айтбайдың үйіне барып қонып шықтық. Ертеңіне яғни 1 қараша күні таңертең заводқа қайтып келіп, директорға накладнойға қол қойдырып, бас бухгалтерге қол қойдыруға кіріп едім ол кісі маған: «Сендердің бізбен ешқандай келісім шарттарың жоқ, не болмаса мекемеден алып келген қатынастарың жоқ»- деп қол қоймады, сосын мен директорға кіріп, бас бухгалтердің қол қоймай жатырғанын айтып едім, «сен шыға бер өзім айтамын» деп бас бухгалтерді шақырып алып сөйлесіп, қол қойдыртып берді. Бұдан кейін біз заводтан шығып кетіп, сол күні кешкісін Жетісайға келіп жеттік. Жеңгем Тынымкүлге және Перизат пен Анаркүлдерге 300 жәшік араққа 30000 тенге директорға бергенімді айтып, артылып қалған 20000тенгені кассаға өткіздім. Алып келген арақты 960тенгеден сатып, директорға берген 30000 тенгенің орнын толтырып кассаға салдық.
Сұрақ: - Сіздің Қызылордаға шығарда Жетісайдан алып шыққан 50000тенге ақшаңыз қандай купюралардан, орамдардан тұратын еді,олардың ішінде қадай ақшалар болды, айрықша белгілері бар, номері есіңізде қалған ақшалар бар ма?
Жауап: - 50000 теңге ақшаны 20000 теңгесі 5000 теңгеліктен, 20000 теңгесі 1000 теңгеліктен, қалған 20 дана 500 теңгелік ақшалар. Ақшалардың белі қаптың аузын байлап жүрген жіптермен байланған, айрықша белгілері немесе олардың номерлері есімде жоқ.
Сұрақ: - Директор Әлиевке 30000теңге қандай купюрада бердіңіз, 50000 теңге ақшаның ішінде 30000 теңгені қашан, қалай, қай жерде үлгіріп бөліп алып жүрсіз?
Жауап:- Әлиевке әрқайсысы 2 данадан 5000 теңгелік сосын 10 дана 1000 теңгелік, 20 данадан 500 теңгеліктерді бердім. 30000 теңге ақшаны Әлиевтің кабинетіне алғашқы рет кіріп шыққаннан кейін кеңсеге сырттан кіретін есіктің аузында бөлек алып газетке орап қойғанмын.
Сұрақ:- 25 наурыз 20... жылы Сіздер төрт адам болып Қызылорда ішкі істер басқармасы бастығының атына арыз жазып, Қызылорда арақ заводының директорына 30000 теңге пара беріп 300 жәшік арақ алғандарыңызды білдіргенсіздер, бұл арызды Сіздерге жаздыртқан Қызылордадан барған қаржы полициясының қызметкерлері емес пе?
Жауап:- 25 наурыз күні таңертең Тынымкүл жеңгемді Жетісайдың милициясына шақырып кетті. Содан ол кісі түсте қайтып келіп бізге Қызылордадан менің алып келген 300 жәшік арағым туралы сұрағандықтарын, Қызылорданың облыстық милициясынан екі қаржы полиция қызметкерлерінің келгендігін айтты, бірақ арақты ақша беріп алғанымызды айтқаным жоқ деді. Содан «түстен кейін төртеуімізді милицияға шақырып жатыр, не істейміз, одан да өзіміз арыз жазып болған жағдайды білдірсек қайтеді?- деп бәріміз ақылдасып, шындығын айтып арыз жазып түстен кейін Жетісайдың милициясында отырған қаржы полиция қызметкерлеріне тапсырдық. Бұл арызды біз өз еркімізбен жаздық, ешкім ақыл-кеңес берген жоқ.
Сұрақ:- Сіздің «Арақ заводының директоры Әлиевке 30000 теңге пара беріп 300 жәшік арақ алдым» деп көрсеткеніңіз рас па?
Жауап:- Менің 300 жәшік арақ алуға Әлиевке 30000 теңге пара бергенім рас.
Бейне таспаны көріп шықтым, бәрі дұрыс. Қосымша айтар ескертпем жоқ.
Хаттама дұрыс жазылған, оқып шықтым.
Куә: К. Ергешова

ІІБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі полиция лейтенанты: М.Махшатов




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   243




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет