Студенттерге мектепте қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесін, тілді меңгертудің практикалық жолдарын үйрету арқылы кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы жетілген маман даярлау.
Пәннің міндеттері:
- қазіргі әдістеме ғылымының өзекті мәселелері, оқытудың қазіргі технологиясы, оқытудың принциптері мен жүйесі, сабақтың түрлері, сабақты жүргізудің әдіс-тәсілдері, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың негізгі қағидаттары, ақпарат-тық-коммуникативтік дағдыларды пайда-лану жолдарын үйрету. Коммуникация тәсілдерін пайдалану әдістерін таныту. Проблемаларды шешу және шешімдер қабылдау, қарым-қатынас мәдениетін іске асыру жолдарын меңгерту.
Күтілетін оқу нәтижелері
1. Пәндік және пәнаралық саланың іргелі заңдылықтары мен құндылығын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын тұжырымдайды.
2. Берілген ақпаратқа сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесіне талдау жасап, бағалайды.
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының пайда болу, даму, қалыптасу үдерісін, өзге ғылым салаларымен байланысын, теориялық және әдістемелік сипаттарын салыстырады.
4. Пән бойынша тілді меңгертудің практикалық жолдарын қамти отырып, даму кезеңдері мен сипатын бағалайды.
5. Сабақты өткізудің дәстүрлі емес формаларын жобалауда педагогикалық инновация тұрғысынан олардың маңыздылығын талқылайды.
6. Оқытудың мультимедиялық құралдарының сапасын, оларды маман дайындауда пайдалану мүмкіндігін анықтайды.