Кіріспе “Proverbs serve not only for ornament and delight, but also for active and civil use; as being the edge tools of speech which cut and penetrate the knots of business and affairs”. Bacon Өзектілігі



бет18/19
Дата31.07.2020
өлшемі130,05 Kb.
#75766
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
методика

Қорытынды

Курстық жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының мақсаты мен нысаны, зерттеу пәні мен болжамы, өзектілігі, зерттеудің теориялық әдіснамалық негіздері, зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі, зерттеудің әдістері, зерттеу базасы, зерттеу кезеңдері мен курстық жұмыстың құрылымы жайлы түсініктер берілді.

«Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдерінің, жұмбақтарының ерекшеліктері мен танымдық қызметі» деген тарауда қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер, жұмбақтарының зерттелуі және мақал-мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі жайлы айтылып, мақал-мәтелдерге, жұмбақтарға анықтамалар берілді. Сонымен қатар ағылшын және қазақ тілдерінің мақал-мәтелдер, жұмбақтарының құрылымдық және мағыналық ерекшеліктері мен ұқсастықтары табылып, сипаттамалар жазылды. Қазақ және ағылшын тілдері бойынша мақал-мәтелдерді зерттеуге арналған ғылыми еңбектерге жалпылама шолу жасалып, айтылған тілдік бірліктерге топтастыру ұстанымдары жасалды.

«Ағылшын тілін мақал-мәтелдер, жұмбақтар арқылы оқытудың ерекшеліктері мен әдістемелік негіздері» атты тарауда ағылшын тілі сабағында мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды қолдану тиімділігі жайлы айтылды. Ағылшын тілі сабақтарында мақал-мәтелдермен жұмыс түрлері көрсетілді. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың сабақта қолдану әдістері көрсетілді. Жұмыс түрлері мен тәсілдері пратика жүзінде қолданылып, фонетика, грамматика және лексика бойынша қорытынды диаграммалар түрінде берілді. 8 «Б», 7 «А» және 7 «Б» сыныптарымен мақал-мәтелдер мен жұмбақтар бойынша жұмыстар жасалды. Практика жүзінде қолданудың негізгі мақсаты – оқушыларды ағылшын мақал-мәтелдерімен таныстырып, тақрыпты тереңірек ашу және оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту. Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары жайлы түсінік айтылды. Мақал-мәтелдерді көп ғалымдар тұрақты сөз тіркестеріне қосады, сол себепті екеуінің айырмашылықтары және ұқсастықтарына сипаттамалар берілді. Мақал-мәтелдердің үш аудару тәсілдері сызба ретінде көрсетілді. Аталған тәсілдердің ішінен бірінші тәсіл таңдалып, практика жүзінде 7 «А» және 7 «Б» сыныптарымен қолданып, екі сынып салыстырылды. Нәтижесінде 7 «Б» сыныбы үздік көрсеткіш көрсетті. Себебі фонетика жағынан қателіктер болған жоқ және ағылшын мақал-мәтелдерінің қазақша баламаларын дұрыс таба алды. Мақал-мәтелдер, жұмбақтардың қолданылуын талдау мен нәтижесін анықтау мақсатында мұғалімдерден сауалнама алынды. Сауалнама ашық түрде өтті. Сауалнамаға барлығы 6 мұғалім қатысты. Сауалнаманың мақсаты - мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың ағылшын тілінде қаншалықты қолданылатынын және олардың ағылшын тілін үйретуде орындарын анықтау. Сауалнаманың қорытындысы берілді және оның нәтижесі диаграмма ретінде көрсетілді.

Қосымша ретінде ағылшын тілінің мақал-мәтелдер, жұмбақтарына арналған оқу-әдістемелік құрал жасадым. Методикалық кітапшада мақал-мәтелдерге қатысты фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жаттығулар берілді. Ағылшын тілінің әр түрлі жануарлар, өсімдіктер, киімдер, айлар және тағы басқа тақырыптарға арналған жұмбақтар көрсетілді. Present Simple, Present Simple Passive сияқты етістік шақтарын, сын есім шырайлары, грамматикалық материалдарды дұрыс пайдалану біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, оқушылардың логикалық қабілеттерін дамытуға бағытталған жаттығу түрлері алынған.

Бұл методикалық кітапшаны ортаңғы буын оқушыларына жаңа материалдарды пысықтау, өткен материалдарды қайталау кезінде, сабақтан тыс уақытта, факультативтік сабақтарда, ағылшын тілінен өткізілетін апталықтарда, ертеңгіліктерде мұғалім өз еркінше пайдалануына болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет