Кіріспе Шымкент



бет2/6
Дата28.11.2023
өлшемі81 Kb.
#193778
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Менің кіші Отанымның тарихы. Шымкент Бөпіштай балсезім соңғысы

Шымкент қалажұрты Бадам мен Қошқарата өзендерінің ортасында орналасқан. Қытайдың әйгілі ғалымы Монах СюаньЦзянь 629 жылы Үндістанға жасаған саяхаты туралы жазбаларында Тараз, Ақсу, Кунгу, Ташкент арасындағы аймақты сипаттай отырып мұны Нуджикет мемлекеті деп суреттеген. Ол былай деп жазады: «Жері құнарлы, егіншілікке қолайлы, от-шөп, орман-тоғай, гүл-бәйшешек пен жеміс-жидекке аса бай, сондай-ақ, тым құнды бағаланатын жүзім де көп өндіріледі. Бұл елде жүзге тарта елді мекен (кент) бар, олардың әрқайсысының өз билеушісі бар. Әр қаланың өз билігі өзінде, бір-біріне өзара тәуелді емес. Әр қаланың өз алдына жеке шекарасы болғанымен, алайда, олар біртұтас Нуджикент мемлекеті деп аталады».
Парсы тарихшысы Шарафад-Дин Али-Йаздидің «Зафар-наме» шығармасында Шымкентті Сайрам маңындағы елдімекен деп көрсеткен. «...БахрамЖалаир Темір мен Кейхосровтың рұқсатынсыз Джета әскерімен Ташкенттен Сайрамға кеткен». Ал Темір мен Кейхосровтың арбалы керуені Бахрамда болғандықтан, олар соның артынан ере жөнелген. Екеуі Сайрамға жеткен уақытта өздерінің арбалы керуендерін Чимикент деген қоныстан тапқан» деп жазылған «Зафар-намеде». Бұл 1365-1366 жылдары болған оқиға.
Сонымен қатар жазба деректеріне сүйенсек Түркістан өлкесінің зерттеушісі А.Добросмыслов 1912 жылғы өзінің «Сырдария облыстары» атты кітабында сауалнамалық мәліметтер мен этнографиялық зерттеулерге сүйене отырып, Шымкент қаласы ХІІ ғасырда өмір сүрген деген тұжырым жасайды. Қазіргі ғалымдардың зерттеуі мен археологиялық ашылулар нәтижесінде қала Х ғасырда Нуджикент деп танылған. Бұл жөнінде араб тарихшысы Ибн Хаукаль шығармасында 977 ж. Испиджаб-Сайрам қақпалары жайында айтқанда «Нуджакент қақпасы» деп те атап өтеді.
Ғалымдар Шымкент сөзінің шығу тарихын түрлі тарихи деректерде әрқалай айтады: бау-бақшалы қала», «жасыл қала», «Шыммен қоршалған қала».

Қала үш бөліктен тұрған Цитадель, шахристан, рабат болған, осы құрылым 1500 жылдай уақыт сақталған. Шахристан - Иран сөзінен «шахр» - «қала», «стан» - «орын» деген сөзді білдіреді. Орта Азиядағы ерте феодалдық қаланың аумағы. Қаланың негізгі өзегі, билеуші мен дворяндардың резиденциясы. Ал цитадель-қаланың ең бекіністі орталық бөлігі, өзін-өзі қорғауға бейімделген, шабуыл кезінде қорғаушылардың соңғы панасы. Рабад-шахристаннан тыс жерде орналасқан қала маңындағы қолөнер елді мекендері. Онда қарапайым тұрғындар, қолөнершілер тұрған. Қаланың сыртында мал бағуға, егін егуге жәйлі жайлар болған. Қазіргі таңда қалашықтың Цитадель мен шахристан бөлігі ғана сақталған, ал рабат толығымен жойылған (Қазіргі таңда Рабадтазаманауй құрлыстар тығыз орналасқан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет