Кіріспе Шымкент



бет3/6
Дата28.11.2023
өлшемі81 Kb.
#193778
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Менің кіші Отанымның тарихы. Шымкент Бөпіштай балсезім соңғысы


Даму кезеңдері 1
Шымкент қаласының аймағы жүздеген жылдар бойы көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған. Қала бірнеше рет басқыншылардың жойқын шабуылдарына ұшыраған. Шыңғыс хан жорықтарға жасақтарымен қала арқылы өтіп, ақырында Шымкент Шыңғыс хан ұрпақтарының қол астына өткен. Ақ Орда және Алтын Орда хандары жүргізген соғыстардың нәтижесінде қала Әмір Темірдің қол астына кіреді. XV ғасырдың басынан Шымкент XVIII ғасырдың жартысына дейін Жоңғар шапқыншыларының тонауына ұшырайды. Сансыз соғыстар мен өзара тартыстар жергілікті халықтардың өміріне қайғы-қасірет әкелгенімен, Сайрам оазисі-жер өңдеу мен бау-бақша және қол өнері өркендеген аймақ болып қала берді.

XVII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында Қоқан және Бұхар хандықтары Шымкент қаласы үшін күресті. 1810 жылы Әлім хан Шымкентті бағындырып, Қоқан хандығына қаратты.


1864 жылға дейін қала Қоқан хандығының иелігіндегі әскері көп және ханның өкілі орналасқан әскери-бекініске айналды.



3. Ордабасы сатыда
даму кезеңі 2
1864 жылы Түркістанның болашақ генерал-губернаторы, ол кезде полковник Черняев шағын отрядпен Шымкентті басып алды. Шымкент қаласын алғаны үшін Черняев 3 дәрежелі Әулие Георгий орденімен марапатталды.
1914 жылы Шымкентті Ресей империясының жаулап алуының 50 жылдығы қарсаңында Ресей билігі қалаға Черняев атын берді, бірақ 1921 жылы Кеңес билігі қаланың бұрынғы атауын қайтарды.
Абай парк алау қасында
Ұлы Отан соғысы жылдарында Шымкентке елдің өндірістік кәсіпорындарының біразы көшірілді.
Майдан жүріп жатқан елдімекендерден қалаға 17 зауыт және фабрика көшіріліп әкелінді. 1930 жылдары Шымкентте қорғасын зауыты салынды. Ол кеңес одағындағы қорғасынның жалпы көлемінің 70% өндіретін. Фашистерге атылған он оқтың жетеуі Шымкенттің қорғасынынан құйылды, жеті шымкенттік азамат Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. МОЛДАБАЕВ Ережепбай (1925-1944). Шым­кент облысының Қатынкөпір елді мекенінде туған. Қа­тар­дағы жауынгер. Висла өзе­ні­нен өту кезінде ерлікпен қаза тапқан. 23.9.1944. 

Шымкент қорғасын зауыты ұжымы елді индустрияландыруға және Ұлы Отан соғысы жылдарында жауды жеңуге елеулі үлес қосқан бірінші металлургиялық кәсіпорны.
Тәуелсіздік алғаннан кейін қаладағы өндіріс орындарының жұмыстары тоқтап, өзгерістерге ұшырады. Кейбіреулері қайта құрылып, біртіндеп жандандырылуда. Оңтүстік Ақ алтынның отаны, мақта өсірілетіндіктен «Шымкентмай» акционерлік қоғамы құрылды. Бүгінде «Шымкентмай» АҚ Қазақстан Республикасындағы май өндірісі саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет