6.дендропаркте айтылады
«Шымкент – жасыл қала» деген атауға лайық. Себебі, Қазақстан қалаларының ішінде ең саябақтары және су бұрқақтары көп қала. Олардың үшеуі 19 ғасырдан бері қолданыста. Қазақстан бойынша екі дендросаябағы бар болса, соның бірі Алматы қаласында болса, бірі Шымкент қаласында орналасқан. Шымкент қаласындағы дендросаябақ - ең алғашқы саябақ. Ол 1979 жылы орталық қоқыс үйіндісінен тұрғызылған болатын.
Ағаштар саны-500 мың-нан астам. Шөптесін өсімдіктер саны-1млн.360 мың.
Шымкент дендрология саябағы жер шарының түпкір-түпкірінен жинақталған ағаштарға бай. Көктерек, балқарағай, самырсын және магнолия ағаштарының көшеті егіліп, түрлі 584 өсімдік өсірілуде және де Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Мексика Штатынан әкелінген "қасқыр жидегі" ағашы өсуде.
7. Зоопаркте айтылады
Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы
Біз қазір Зоосаябағына келіп тұрмыз. Шымкент зообағы 1979-1981 жылдары қазақтың біртуар ұлы Социалистік Еңбек ері, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, Асанбай Асқарұлы Асқаровтың жеке бастамасымен, әрі тікелей басшылығымен ескі карьердің орнындахалықтық құрылыс тәсілімен тұрғызылған.Бұл құрылыс жұмыстарына54 мекемелер мен кәсіпорындар қатысқан.
Қаланың елсіз жатқан шеті, бұрынғы тақауыл, көпшілік коллективтің жігерлі еңбегінің арқасында, аз уақыт ішінде тамаша алқап- қалашыққа яғни жануарлар мекеніне айналды.
Зообақ 1980 жылы 19- сәуір күні ашылды. Алғашқы кезде коллекцияда 75 аңның түрі, 350 данасы болды.Зообақ ашылғаннан бастап жануарлар коллекциясы көбейе түсті.
Қазіргі таңда зообақ коллекциясында 194 түр жан-жануарлардың 2002 басы бар.
Зообақта жыл сайын теңбіл бұғылар арқарлар, понилар, еуропалық кербұғылар, қырғауылдар, үйректер, жолбарысты питондар, арыстандар және тағы да басқадай жануарлардың түрлері көбеюде.
Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы 2010 жылдың шілде айында Еуро-Азия аймақтық хайуанаттар және аквариумдар қауымдастығына
Достарыңызбен бөлісу: |