4 . климаты Геологиялық-геоморфологиялық жағдайы
Шымкент қаласы және төңірегінің территориясы Тянь-Шань тауларының тау алды етегінде жазығында Сайрам және Бадам өзендерінің арасындағы суайырықта теңіз деңгейінен 506 м биіктікте орналасқан. Қала территориясының аумағы 300 км2 құрайды
Қаланың ең биік нүктесі Тұрар Рысқұлов және Д. Қонаев атындағы даңғылдары қиылысқан жерінде орналасқан, оның биіктігі 580,6 м
Климатты және беткі сулары.
Шымкент қаласы қоңыржай белдеуінің оңтүстік бөлігінде орналасқан, ал кейбір авторладың пікірі бойынша Қазығүрт таулары қоңыржай белдеуі мен құрғақ материктік субтропиктік белдеулер арасындағы маңызды климаттық шекара болып келеді.
Шымкент қаласы Қазақстан Республикасы әкімшілік орталықтары арасындағы ең оңтүстікте орналасқан, сондықтан термикалық режимі өте жұмсақ болып табылады.
Қаланың және оның маңыдағы территориясының климатына маңызды әсер ететін ауа массалырдың басымы осы аймақта пайда болады, яғни жергілікті циклогенез өте күшті болады. Оның басты себебі мұнда таулы климаттың ықпалы басым.
Қысқы маусымда Шымкент қаласы орналасқан территориясына солтүстіктен келетін трансофрмациялаңған арктикалық ауа массалырынң ықпалы болады, бірақ ол ауа массалары аса күшті өзгертілген сондықтан ауа температурасы маңызды төмендемейді.
Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда Шымкент қаласының географиялық оңтүстікте орналсқандығы, ауа температурасы жоғары болуының басты себепшісі болып табылады. Шымкент қаласының ауаның орташа температурасы жазда +26 градус, қыста -1,5 градус
Жауын-шашынның мөлшері бойынша Шымкент қаласы таулы климатпен салыстыруға болады, жалпы жылдық мөлшері 572 мм. Жауын-шашынның басым суық маусымда байқалады, суық айларының жауын-шашын мөлшері 367 мм, ал жылы маусымның жауын-шашын мөлшері – 205 мм құрайды. Маусым айынан қыркүйек айына дейін жалпы жауын-шашынның мөлшері не бары 42 мм құрайды.
Қаланың ең ірі өзені Бадам өзені. Бадам өзені Қаржантаудың батыс беткейлерінен шамамен 2550 м басталады, Бадам өзенінде Бадам су қомайсы құрылған, оның басты себептердің бірі Шымкент қаласын сумен қамтамасыздандыру. Бадам өзенінің жалпы ұзындығы 143 км, су жинау ауданы 4370 км2.
5. Нұрсат әкімшілік жактағы алаңда
даму кезеңдері 3
Тәуелсіздік жылдары Шымкент қаласы инфрақұрылымы жақсы дамыған ірі өнеркәсіптік және мәдени орталықтардың біріне айналды.
Бүгінде қаланың солтүстік бөлігінен биік-биік үйлер, сауда орталықтары және заманауи құрылыс кешендермен бірге жаңа әкімшілік-басқару орталығы бой көтерді. Онда қала әкімшілігі ғимараты, «Әл-Фараби» кітапханасы, «Түркістан» сарайы, Көрме орталығы, Ж.Шанин атындағы
қазақ драма театры және тағы басқа нысандар орналасқан.
Қаланың екі шетінде Бәйдібек би мен Алпамыс батырдың алып ескерткіштері орнатылған және олар ең биік болып саналады.
Шымкент қаласы мәдени, тарихи-танымдық орындарға бай. Мәселен, қаладағы «Қасірет», «Даңқ» мемориалдары, «Тәуелсіздік» саябағы, «Шәмші» аллеясы, «Ардагерлер аллеясы» тек мәдени демалыс орындары ғана емес, ұлттық құндылықтарымыздың қадір-қасиетін танытатын, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін бірегей танымдық кешендер екені сөзсіз.
5. Кәсіпорны
Шымкент – инфрақұрылымы жақсы дамыған, Қазақстанның жетекші өнеркәсіп және экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібін дамытып отырған 69 өнеркәсіптік кәсіпорын бар.
Мұнай, химия және фармацевтика өнеркәсібінде «Петро Казахстан Ойл Продактс» АҚ (мұнай өңдеу), «Интеркомшина» (доңғалақ өңдеу), «Химфарм» (дәрі-дәрмек ендіру) сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істеуде. Ал, металлургияда «Южполиметалл» АҚ (қорғасын және т. б. өнімдер), машина жасауда «Карданвал» (автомобильдер мен тракторларға қажетті қосалқы бөлшектер өндіру), «Южмаш» (ұсталық пресс машиналарын, қосалқы белшектер және қүрал-жабдықтар өндіру), «Электроаппарат» (қуатты электр қосқыштары және т. б. өнімдерді өндіру) кәсіпорындары бар.
Жеңіл өнеркәсіпте алдыңғы қатардағы кәсіпорындарға – «Восход» фабрикасы (жүннен костюм, пальто, күртке тоқу), «Адал» (тоқыма өнеркәсібі), «Эластик» (шүлық тоқу) жатады. Құрылыс материалдарын өндіруде «Шымкентцемент» АҚ (цемент өндіру) және "Құрылыс материалдары" (құрылысқа қажетті кірпіштерді өндіру) және басқа да кәсіпорындар бар.
Тамақ өнеркәсібін өндіретін ірі кәсіпорындардың ішінен «Шымкентмай» және «Қайнар» (мақта шитінен, күнбағыстан зығыр, соядан тазартылған май шығаратын және т. б. өнімдер),
Достарыңызбен бөлісу: |