Кіріспе Тақырыптың көкейкестілігі



бет11/12
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#87397
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
10 Әмит Зайыр Абытұлы ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА 222rd

Жүгіру тәсілін меңгеруге арналған жаттығулар

  • Тең жылдамдықпен жүгіру;

  • 15-20 м бөліктерде қайталап жылдамдық алумен және жылдамдату арасында еркін жүгіру;

  • бұрылысты жолмен бірқалыпты жылдамдықпен жүгіру;

  • түзу жолдың соңында жүгіруді бастап, жол бұрылысы бөлігін жүгіріп өту;

  • жүгіруді бұрылыс соңында бастап, 20-30 м түзумен жүгіріп өту.

Арнайы жүгіру жаттығулары: бөксені жоғары көтеріп жүгіру; табанмен жоғары кері тебумен жүгіру; бір аяқтан екінші аяққа секіріп жүгіру; тіректе жүгіру т.б.

  • денені түрліше иіп, шағын қадамнан сөрелік жылдамдық алу;

  • бір қолмен жолға тірелу қалпынан сөрелік жылдамдық алу.



Дене жаттығуларымен дербес шұғылдануға арналған тапсырмалар
Жеңіл атлетикалық жүгіруде жылдамдық – күш сапасын, төзімділікті және тәсілді меңгеруді дамыту деңгейі жоғары нәтижелерге жету үшін шешуші фактор болып табылады. Бұл сапаларды жалпы дене дайындығын арттырумен қатар үнемі дамыту қажет.
Жүгіру тәсілінің аталған қарапайымдылығына қарамастан, дағдылану маңызын дүрыс бағаламау қуатты артық шығындауға әкеледі. Өз кезегінде дене сапаларын жеткіліксіз дамыту жүгіру тәсілін дұрыс қалыптастыруды тежейді. Дамуы жеткіліксіз сапаларды түзету үшін кешенді жаттығуларды дербес орындауға кеңес беріледі.
Жүгіруге қажетті дене сапаларын дамытуға арналған жаттығулар кешені
№ 1 Кешен

  1. Бөксені жоғары көтеріп жүгіру 2-3 рет 30-50 қадамнан

  2. Оң және сол табандармен жоғары – алға кезекпен кері тебілу 2-4 рет 20-40 кері тебілу.

  3. Алға кең құлашпен ұмтылу. Үш дүркін серпімді тербелісті орындау, оны аяқпен секірумен алмастыру. 8-10 рет.

  4. Барынша бүгілген аяққа тік қалыппен алға құлап жүру (штанга немесе басқа ауыр зат көтеріп). 10-20 қадамнан 2-3 рет

  5. Түрлі көтерілу бұрыштарымен тауға жүгіру. 15-30 минуттан 2-3 рет.

  6. Бір-үш сатыны аттап, сатымен жүгіру. 10-15 қадамнан 3-5 рет.

  7. Түрлі биіктіктегі кедергілерден бір және екі аяқпен топтама секіру. 2-6 кедергіден 5-8 рет.

  8. 5-8 см биіктікке аяқ саусақтарымен тіреліп тұрып, табанның алдыңғы бөлігіне көтерілу. Салмақпен және салмақсыз орындау. 10-15 көтерумен 2-9 рет .

  9. Алға құлай жоғары секіру. Ұшуда аяқ қалпын ауыстырып, алға келесі аяқпен құлай қону. 8-10 рет.

  10. Ең жоғарғыдан 70-90 % жылдамдықпен 30-60, 100-150, 200-400 м бөліктеде жылдамдық алумен қайталап жүгіру. Қысқа бөлікте 5-8 рет және ұзын бөліктерде 2-5 рет.

№ 2 Кешен.



  1. Секеңдеп жүгіру. 10-30 м бойынша 2-4 рет

  2. Тіректе жүгіру. 10-20 қадамнан 2-4 рет.

  3. Бір аяқтан екінші аяққа топтама көп секіру. 30-50 м 2-3 рет.

  4. Биікте тұрып, оң аяғын биікке қою. Сол табанмен кері тебіліп, оң аяқты тіктеу, бүгілген сол аяқты алға – жоғары жіберу. Жаттығуды оң және сол аяқпен орындайды. 6-12 реттен 2-6 топтама.

  5. Гимнастикалық қабырғаға арқамен тізеден тұрып, табандар көлбеуге бекітілген, бел-бөксе бұрышынан бүгілмей, баяу түсу. Жату қалпына дейін немесе бастапқы қалыпқа келе алатындай белгілі бір бұрыш жасап түсуге болады. Бұл жаттығуды әріптесімен де орындауға болады. Ол аяқты білезік – қоспа буынында ұстап түрады. 2-8 рет.

  6. Гимнастикалық қабырғадан 1 м алшақ жерде сол аяқпен тұру. Оң аяқпен аяққа, кілмектеп киілген тежегішті тарту, жаттығуды оң және сол аяқтармен орындайды.

  7. Бір аяқтан екінші аяққа жоғары алға секіру. Қонғанда аяқты тізе буынынан мүлде бүкпеу керек. 8-12 реттен 2-4 топтама.

  8. Сермеу аяғын белсенді қоюмен алға тебілуді көрсетіп аяқтан аяққа секіру. 10-30 м 2-3 топтама.

  9. Толтырылған доптың алдында тұрып, келесі аяқты көтергенде допты іліп алып, оны алға жоғары тастау. 10-14 рет .

  10. Бөксені артқа тастап, тізені сілкілеп жүгіру. 10-20 м. 2 рет .

№ 3 Кешен.



  1. Ең жоғарғыдан 70-90 % жылдамдықпен 200-400 м үзіктерде жылдамдықпен қайталап жүгіру. 2-8 рет.

  2. Бір аяқпен сосын екінші аяқпен екі дүркін кері тебіліп топтама көп секіру (30-150 м) 2-4 рет .

  3. Жартылай отырудан 10-15 кг көтеріп және көтермей топтама секіру.

  4. 30-50 см биіктікте тұрып табандар қатар, еденге секіріп түсіп, тіректе тоқталмастан, біріншісінен 60-80 см келесі биікке секіру. Қонуда аяқтарды тізеден бүкпеу қажет 4-15 рет.

  5. Шалқадан жатып, қолды аяққа тигізіп дене мен аяқты тез көтеру. 8-12 рет.

  6. Бір қалыпты және ауспалы екпінмен кросстық жүгіру. 15-20 мин.

  7. Аяқты бел-бөксе буынынан артқа барынша жіберуге жету жаттығулары: тік аяқты артқа бейімдеп сермеу, табанды алға жіберіп, денені тік қалыпта ұстап кең адымдап тербелу. 10-12 рет.

Барлық жаттығулар салмақ көтерумен немесе көтермеу орындалуы мүмкін (5-10 кг белдік және аяқ пен қолда 0,5-1-2 кг білезікпен).
Нұсқаулар оқушылардың жеке ерекшеліктері есебінен кешендегі жаттығуларды орындау кезегі өзгеруі мүмкін. Жекелеген жаттығулар кешеннен мүлде алынып тасталып немесе басқа кешендегі жаттығулармен алмастырылуы мүмкін. Мөлшерлеу оқушылардың дайындығы мен өзін дұрыс сезінуіне қарай өзгереді. Кешен бойынша сабақтардың ұзақтығы мен жаттығуларды қайталау санын машықтану шамасына қарай арттыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет