2. Деңгейлік тапсырма
І деңгейлік тапсырма
Әріпті, буынды, сөзді оқы
С С С
С С С
Ас Ыс Ұс
Ес Су Со
Ос Өс Сы
она Ба
С ара та
ала қа С
ына жа
до
ІІ деңгейлік тапсырма
Жаңылтпаш жаттайық
Шымшыма, Айша қанша арша алса,
Шымшыса Ғайша сонша арша алды.
Сыңсыма.
Ақ шар бар.
Көк шар бар
Көп шар бар
Бес шар бар.
ІІІ деңгейлік тапсырма
Әңгіменің мазмұнын айт
Екі дос
Айша мен Шорман дос. Олар демалыс күні тауға шықты. Күн ашық, аяз болды. Айша шаңғы тепті. Шанамен таудан сырғанады. Шорман шыңға шықты. Олар шаршап үйге қайтты.
Еңбек сабағында
Шешесі Салтанат пен Серікке ермексаз сатып әкеліп берді. Ол екеуі еңбек сабағында ермексаздан әртүрлі заттар жасады. Олар ермексаздан сәбіз, құс, стақан, қасық илеп жасады.
0-2 – төмен - көмек берілсе де бәрінен қате жіберсе.
2-3 – орташа – көмек берілсе де 4-5 қатемен орындай алмаса
3-4 – жоғары - 3 тапсырманы азғантай көмек арқылы 1-2 қате жіберіп орындаса.
Кесте 6. Тапсырмалардың қорытындысы
Деңгейлер
|
Бала саны
|
Сапа
|
Жоғары деңгей
|
2
|
10 %
|
Орташа деңгей
|
10
|
50 %
|
Төмен деңгей
|
8
|
40 %
|
Сурет 7. Тапсырмалардың қорытындысы
Жүргізілген эксперимент жұмыстарының нәтижесінде балалардың сөйлеу қабілетінің дамуы кеңейді.
Бұл тапсырманы орындау барысында балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың сөйлеу қабілетін жеңілден ауырға қарай өту жолдары көзделді.Осындай тапсырмалар өткізу арқылы бірнеше сабақтар өткізілді.
3-әдістеме
«Сурет бойынша әңгіме құрастыр»
Бұл әдістеме баланың белсенді сөздік қорын анықтауға арналған. Егер де оның жасы 3-тен 4-ке дейін болса, онда балаға 7 және 8 сурет ұсынылған суреттер жинағы көрсетіледі. Егер де баланың жасы 4-5-ке дейін болса, онда оған 9-10 сурет бейнеленген суреттерді береміз. Балаға осы суреттерді мұқият қарап шығу үшін 2 минут уақыт беріледі. Егер де бала суретке зер салып қарамаса немесе онда не бейнеленгенін түсінбесе, онда зерттеуші оның зейінін суретке арнайы бағыттайды және түсіндіреді.
Бұл әдістеменің көмегімен зерттеу жүргізуші нәтижелерді белгілеп жазып алады, онда баланың әртүрлі сөзді, грамматикалық құрылысы мен сөз тіркестерін қолдану жиілігін белгілейді.
Нәтижені бағалау.
6-7 балл – 5-6 сөйлем айтса.
3-5 балл- 2-3 сөйлемнен ғана тұрса.
0-2 балл – баланың сөзінде қосылған сөз таптарының бір- екеуі ғана кездессе.
Даму деңгейі туралы қорытынды.
6-7 балл – жоғары.
3-5 балл – орташа.
0-2 балл – төмен.
Кесте 7. Дыбысты қою кестесі
Дыбыс
|
Дыбыстардың
бұзылу түрі
|
Себептері
|
Түзету жолы
|
С
|
Тіс аралық сигматизм
|
Тіл ұшының қозғалысының әлсіздігі, алдыңғы ашық тістену, /Баланың аузы әрдайым ашық болады/
|
Дайындық кезеңі
Тіл ұшының және оның алдыңғы жағының бұлшық етін шынықтыруға арналған, ауа ағымын түзетуге арналған жаттығулар жүргізіледі. [и] дыбысына жаттықтыру, себебі ондағы тіл жағдайы [с] дыбысының артикуляциясына келеді.
Дыбыс қою
Бала жасауы керек: Жалпақ тіл ұшынтөменгі тістерге жақындату және «ұзақ жылы жел үрлеу»
Автоматтандыру. Машықтандыру.
С дыбысымен буындар са. со, су, си;
Сөздер – сағат, сана,
|
|
Бүйірлік сигматизм
|
Бүйірлік ашық тістену. Тілдің бір жағы бұлшық етінің әлсіздігі
|
Дайындық кезеңі
Берілген жаттығулар: тілді жалпақтандыру, оны жалпақ түрінде ұстап тұра білу, тілдің бүйірін шынықтыру, ауа үрлеу/тіл ортасы арқылы/, бұл кезде тілдің екі бүйірі де қозғалуы қажет. И, Ф – дыбыстарын жаттықтыру /бұнда тілдің ортасымен күшті ауа шығаруға болады/
Дыбыс қою
Тіс аралық С дыбысының дұрыс айтылуын қадағалау, кейде механикалық жағдай қолданылады / сіріңке, пластмасса, біз/
|
|
Мұрын
|
Тілдің артқы бөлігінің шамадан тыс
|
Дайындық кезеңі
Мына жаттығуларға бала дағдылануы қажет:
Жалпақ, үлкен тілді төменгі ерінде ұстау, тіс ерін арасынан шығып тұрған тіл ұшына ауа ағымын жіберу, жалпақ тілді төменгі тістің артына ұстап тұру, ерінде күлкі жағдайында, күрек тістер көрсетіп ұстау, И,Ф – дыбыстарына жаттықтыру, Ф – Х дыбыстарын салыстыру /сезім арқылы/, / Ф – дыбысына ауа ағымы салқын, Х – жылы/
Дыбыс қою
Бала жасауы керек: [Ф]ұзақ айту, жалпақ тіл ұшын төменгі ерінмен жоғары тіс аралығынан шығару, содан кейін /осы жағдайда/ [Ф] – мен дыбыс үрлеу, бірте – бірте тілді төмен күрек тіс асатына жасыру.
Автоматтандыру.
Ажырату.
|
|
Ерін – тіс аралық сигматизм
|
Прогнатия, фонематикалық есітуінің бұзылуы
|
Дайындық кезеңі
Мына жаттығуларды істеп дағдылануы керек:
С-Ф дыбыстарын естіп айыра білу, тіс, ерін арасынан ауа шығарып ауа ағымын жіберу, жалпақ тілді төменгі күрек тіс астына ұстап тұра білу, ерінді күлкі жағдайында күрек тістерді көрсетіп ұстау тұру, И- дыбыстарына жаттықтыру, /Оларды салыстыру/ И,Е дыбысытарын айта білу.
Дыбыс қою
Бала жасауы керек: Көзбен көре отырып еріннің күлкі жағдайында С-дыбысын айту. /Бірде төменгі ерін саусақпен ұстап отыру/
|
|
Ызың сигматизм
|
Прогения, естудің нашарлығы, фонематикалық есітудің бұзылуы.
|
Дайындық кезеңі
Суреттер көмегімен С-Щ дыбысының айтылуын салыстыру, ажырату. Мына дағдылар қалыптасады: жалпақ тілді төменгі күрек тіс артына ұстап тұру, жалпақ тілді жоғарғы, төменгі тіс аралығына қозғалту, жоғарғы, төменгі күрек тістерді көрсетіп ерінді күлкі жайдайында ұстау, ауа ағымын тіл ортасы арқылы жіберу, жалпақ тіл ұшын төменгі күрек тіс пен тіл асты жүгеншесі арасында қозғалту, И-Ф дыбыстарына дағдыландыру.
Дыбыс қою
Бала жасауы керек: тілді тіс арасында ұстап ұзақ «Ф» дыбысын айту арқылы «С» дыбысын шығару.
Машықтандыру.
Жеке дыбысты айту, буын, сөз, сөйлемде.
Ажыраты.
«С» - «Щ»
|
Ш
|
Тіс аралық
|
Тіс асты жүгеншесінің қысқалығы, тілдің таңдайға көтерілуінің қиыныдығы, жоғары, биік таңдай.
|
Дайындық кезеңі.
Мынадай жаттығулар жасалады: Тіл ұшы мен алдыңғы тістің артына қарай көтеру, ауа ағымын шығарып дағдылану. Т – дыбысын игеру.
Дыбыс қою.
Бала жасайды: Ауызда ашып төрт – бес рет ақырын «Т» айтк, тіл ұшын жоғарғы тіс артындағы төмпешікке ұру, бірте – бірте шығаратын ауа ағымын ұзарту, тілді төмпешікке тигізбей жоғару көтеру.
Машықтандыру.
Ша, шо, шу, шана т.б.
Ажырату.
|
|
Бүйірлік
|
Бүйірлік ашық тістену, тілдің бір жақ бұлшық етінің әлсіздігі
|
Дайындық кезеңі.
Мынадай жаттығулар жасалады: Тіл бүйірлерін жаттықтыру, тілдің екі жағы мен алдыңғы жағын жоғару көтеру, тіл ортасы арқылы ауа шығару, Т және С.
Дыбыс қою.
Механикалық /жайпақ, жіңішке, аздап бүгілген, қысық/.Жалпақ тілді жоғары көтеру, тістің артына оны төмпешікке жылжыту. Бала қасық сабын тістеп тұрып «С» дыбысын айтады. /Алдыңғы тіс көрініп тұрады/.
|
|
Мұрын жолы
|
Тілдің артқы жағы шамадан тыс.
|
Дайындық кезеңі.
Жалпақ тілді жоғарғы ерінде ұстап тұру, жоғары көтеріліп тұрған жалпақ тіл ұшына ауа ағымын жіберу, ауызбен мұрын жолымен айтылған «Ш» ажырату т.с.
Дыбыс қою.
Аызды ашып «Р» ұзақ айту, сол кезде шай қасық сабымен тілдің дірілдеуін тоқтату. Бірнеше рет қайталау. Бірте – бірте қасықты алу, тістерді бір – біріне жақындату. Егер бала «Р» айтпаса «С» дыбысынан қойылады.
|
|
Ерін – тіс аралық.
|
Прогнатия, тілдің алдыңғы жағының босаңдығы, фонематикалық естудің бұзылуы.
|
Дайындық кезеңі.
Суреттер көмегімен Ш-Ф салыстыру, төменгі ерінді жоғары – төмен қозғалту, жалпақ тілдің алдыңғы жағын жоғары көтеру.
Дыбыс қою.
Еліктеу арқылы «Ш» қою, бала айна алдына отырып төменгі еріннің қозғалуын қадағалау және төменгі күрек тістер ашық болады. /Иектегі шұңқырды қолмен ұстап тұруға болады/.
«С» дысына механикалық түрмен «Ш» қоюға болады, баланың көңілін артикуляциялық аппаратқа аудару арқылы.
|
|
Ызың парасигматизм
|
Жабық тістену, естудің төмендету, фонематикалық естудің төмендеуі.
|
Дайындық кезеңі.
Ш-Щ – ажырату, тілдің алдыңғы төмпешікке көтеру.
Дыбыс қою.
[С] ұзақ айту, осы кезде қасық сабымен тілді жоғары көтеріп аздап артқа жылжыту.
|
|
Ысқырық парасигматизм
|
Естудің нашарлауы, фонематикалық естуінің бұзылуы.
|
Дайындық кезеңі.
С-Ш – айыру, Ш-С – дыбысындағы шығатын ауа ағымын сезуге, айыруға үйрету, жалпақ тілді қатты таңдайға көтеру, жалпақ тілді төменгі және жоғарғы тістерге қозғалту, ерін қозғалысын күлкі, жағдайына алмастыру және алға созу.
Дыбыс қою.
Еліктеу, артикуляцияға назар аудару.
|
Р
|
Ротацизм
|
Үлкен тіл, биік таңдай, тіл жүгеншесінің қысқалығы, Р – дыбысын білмеуі.
|
Тіл қозғалысын игеру, тілді жоғары көтеруді игеру, Тілдің ұшымен қызыл иекпен әрі – бері жүру. «Ақтау», «Сырлау», «Пулемет».
Д – арқылы механикалық қою. Ат шабыс, иттің ырылдауы.
Р- - - Д, Р- - - Ш.
|
Л
|
Ламбдацизм
|
Тіл жүгершесінің қысқа болуы, тіл ортасының әлсіздігі, фонемакасының дұрыс қалыптаспауы.
|
Тіл жіңішке болып, екі жағынан ауашығуы керек. «Р»дыбысындағы жаттығулар қайталанады, жіппен тілдің ұшын төменге тарту, ал тіл ұшы жоғары көтеріледі.
«Футболшылар», «Сағат», «Аңғақ». Л- - - Ы.
|
Ц
|
Ц – З,
Ц – Т.
|
Тістердіңсырмаларын бұзылуы.
|
Серуендеу, артикуляциялық жаттығулар
|
Көрсетілген көрсеткіштерге қарай отырып, балаларға жұмыс түрлері жүйелі, бірізділікпен жүргізілсе жұмыстар жеңілден күрделіге қарай ұйымдастырылса балалардың ойлауы, тілі дамып,олардың сапалы нәтижесі болатынын көруге болады.
Педагогикалық-тәжірибелік эксперимент жұмысының қорытындысы мақсатты бірізділікпен жүргізілген жұмыстың тиімділігін көрсетті.
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың оқу тапсырмаларын әртүрлі тәсілдермен орындауына, ойлауын жеке даму деңгейлерін ескеріп, жеңіл меңгеріп кетуіне ынталандыру, бейімдеу ұсыныс жасай білу арқылы көңіл аударылып, көмек беріліп отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |