Кіріспе тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»



бет1/17
Дата28.01.2022
өлшемі236,13 Kb.
#115339
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Жанахметов Е. маг.дис.


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында дамуында ауытқушылығы бар балаларды оқыту жүйесін үнемі жан-жақты қарастырып, инновациялық бағытта дамыту қажеттілігінің маңызы нақты атап көрсетілген. Ал оқыту жүйесі тұлғаның танымдық дамуы мен қалыптасуының бірден-бір негізі екені талас тудырмайды.

Тұлғаның танымдық дамуы, оның ішінде сөйлеу тілін дамыту және түзетудің әдістемелік негіздеріне бағытталған Л.Г.Выготский, А.А.Венгер, В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Л.В.Занков, А.Г.Лурия, А.Н.Леонтьев, М.Н.Скатин, Д.Б.Эльконин және т.б. зерттеулерімен тығыз байланысты.

Тілді дамыту негізі сөйлеу мен ойлаудың өзара байланыс туралы философиялық және психологиялық зерттеулерде (Л.С.Выготский, А.А. Леонтьев, А.Р Лурия, В.В. Лубовский) сөйлеудің қарым-қатынас құралы ретінде қарастырылып, адамдардың өзара әлеуметтік әрекетке түсуі, тұлғаның дамуы, сөйлеу іс-әрекетінің теориясын құрайтындығы қарастырылған.

Зерттеушілер А.В. Запорожец, А.Н. Леонтьев, М.И. Лисина, В.С. Мухина, С.Л.Рубинштейн, А.Г.Рузская, Е.О.Смирнова, Д.Б.Эльконин, еңбектерінде сөйлеу адамның өзін тануы мен өзін бағалауындағы жетекші әрекет түрі және тұлғалық дамуын, қалыптасуын қамтамасыз етуші әлеуметтік белсенділік ретінде зерделенеді. Бұл мәліметтер іс-әрекеттің барлық түрін игерту арқылы балалардың тілін дамыту жолдарын зерттеу мәселесінің өзекті екенін айқындайды.

Сөйлеу тілі бұзылған баланың психикалық даму деңгейін диагностикалық зерттеу және коррекциялық түзету мәселелері Т.В.Башаева, Е.О.Смирнова, Н.В. Клюева, Ю.В. Касаткина, Ю.В.Филиппова, Л.Ф.Тихомирова, А.К.Айтпаева, М.И.Қасымова, З.А.Мовкебаева еңбектерінде жан-жақты зерттелген.

Тіл кемшіліктерін түзету мәселелері арнайы білім беру салаларында Л.Г.Выготский, В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Л.В.Занков, А.Г.Лурия, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин және т.б. еңбектерінде кеңінен қарастырылған.

Тіл кемшілігі бар балалармен логопедиялық түзету жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдарының бірі модельдеу әдісі болып табылады. Модельдеу әдісі Қ.Жұбанов зерттеулерінде кеңінен қарастырылған. Жалпы тіл кемшілігінде кездесетін балаларда дыбыстарды айтуға үйрету жұмыстары сөйлеу тілін дамытуды қамтамасыз етеді. Бұл тұрғыда бейдәстүрлі әдістерді қолдану арқылы логопедиялық түзету жұмыстарын ұсыну өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Бастауыш класс оқушылары арасында кездесетін тіл кемшіліктерін Тіл кемшіліктері бар балаларды сөйлеуге үйретудің тәсілі ретінде модельдеу әдісін қолдану қазіргі тиімді жолдарының бірі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет