Кіріспе тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»


Мамандық таңдауда студенттік шақтың ерекшеліктері



бет7/17
Дата28.01.2022
өлшемі236,13 Kb.
#115339
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Жанахметов Е. маг.дис.

1.2 Мамандық таңдауда студенттік шақтың ерекшеліктері
Болашақ маман, яғни студент - жоғары білім институты ұйымдастырумен біріктірілген ерекше әлеуметтік категориядағы адамдардың жиынтығы. Тарихи жағынан алғанда, бұл әлеуметтік-кәсіби категория XI-XII - ғасырларда алғашқы университеттердің пайда болуымен қалыптаса бастады. Студенттер қатарына мақсатты және жүйелі түрде білім алуға, кәсіби машықтануға ден қойған, ынталы түрде ой еңбегімен айналысатын адамдар жатқызылады. Олар өздерінің кәсіби бағытымен, болашақ мамандығына деген қалыптасқан көзқарасымен ерекшеленеді.

Студенттік ортаның әлеуметтік-психологиялық категория ретіндегі проблемаларын зерттеуде Б.Г.Ананьевтің, Н.В.Кузьминаның, Е.И.Степанованың, сондай–ақ П.А.Просецкийдің, В.А.Сластениннің, В.А.Якуниннің және т.б. зерттеулерінде кең көлемде мәліметтер берілген [34]. Бұл зерттеулердің қорытындылары студентті сипаттауға мүмкіндік береді.

Студентті белгілі бір жастағы адам және тұлға ретінде төмендегідей үш жағынан сипаттауға болады.

Бір жағынан құндылық бағыттары жүйесінің, себеп-салдардың өзгеруі, екінші жағынан кәсіби-мүмкіндіктердің өсуіне орай студент қабілетінің белсенді қалыптасуы бұл кезеңді адам мінезі мен интелектісін қалыптастырудағы негізгі кезең ретінде ерекшелейді. Бұл спорттағы рекордтар кезеңі, көркем, техникалық, ғылыми жетістіктер кезеңі.

Сонымен қатар келсе, екінші жағынан, мұның барлығы өмір қызығының алда екендігіне, кез-келген ойға алған нәрсені тез жүзеге асыруға болатындығына және осындай жағдай «өмір бойы» бола береді деген иллюзияға әкеледі.

Жоғары оқу орындарында оқу кезеңі жастықтың екінші кезеңімен немесе кемелденудің бірінші кезеңімен сәйкес келеді және тұлғалық ерекшеліктердің орнығуындағы қиындықтармен ерекшеленеді. Бұл кезең В.Г.Ананьев, А.В.Дмитрев, И.С.Кон, В.Т.Лисовский, З.Ф.Есарева және т.б. ғалымдардың еңбектерінде талданған. Бұл кезеңдегі адамгершілік дамудың өзіне тән ерекшелігі деп тәртіптің саналы мотивтерінің көбеюін айтуға болады. Бұл кезеңде жоғары сыныптарда толық меңгерілмеген алдына мақсат қоя білу, табандылық, қайсарлық, дербестік, ынталылық, өзін-өзі ұстау сияқты қасиеттер біршама орнығады. Мораль проблемасына деген қызығушылық артады (мақсаттарға, өмір сүруге, махаббатқа, парызға, сенімге және т.б.).

Себепсіз қауіп-қатерге бару, өз әрекеттерінің нәтижесін көре алмау сияқты негізсіз іс-қимылдар көптеп кездеседі дейді олар. Мысалы: В.Т.Лисовский 19-20 жасты риясыз құрбандық пен қайырымдылықтың кейбір ұнамсыз көріністері түрінде кездесетін кезең деп атап көрсетеді.

Егер жоғары жастағы мектеп оқушысының қызығушылығы көбінесі сан алуан және өте кең болса, студенттің қызығушылығы кәсібиленген, яғни бір жағынан тарылған, ал екінші жағынан таңдаған саласы бойынша кеңейген болады.

Студенттік мезгіл қарым-қатынастардың кеңіген кезеңі. Ересек адамдармен араласу барысында ара-қатынастың түрлі реңінің пайда болуы заңдылық.

Студенттік кезде қабылдампаздыққа, идеал мен шындыққа талпыныс жоғары болады. Әртүрлі ақпараттар студенттің білімін толықтырады, сонымен сол ақпаратты қабылдау үшін уақыттың жетіспеуі, оған талпыныстың жоқтығы қайшылық тудырып, білімді меңгеруде олқылыққа әкеледі. Бозбалалар өркөкіректік пен алыпұшарлық танытып, айналасындағы қалыптасқан жағдайлардың бәрін сынауға бейім келеді. Бұл осы жас ерекшелігіне тән құбылыс деп қарауға болады. Өмір құбылыстарын бағалауда тұрмыстық тәжірбиенің жетіспеуі негізсіз, қайшы әрекетке әкеледі.

Бұл жас аралығының адам өміріндегі маңыздылығы мен жауаптылығын баса көрсете отырып, К.Д.Ушинский адам өміріндегі 16-23 аралығын ең шешуші кезең деп есептейді.

Алайда бұл мүмкіндіктерді жүзеге асыруда қайшылықтар көп кездеседі. Жалпы қызығушылық, өмірге ұмтылыс, оқуға ынта басқа да қызығушылықтарын қанағаттандыруға уақыттың жетіспеуі осы қайшылықтарға әкеледі.

Ол төмендегідей негізгі төрт бағыт бойынша дамуы мүмкін:

1. Психологиялық сырластықтан алыстау, тығыз тұлғалық қатынастардан қашу (алшақтау);

2. Уақыт өлшемінің жойылуы, өмірлік жоспар құруға қабілетсіздігі, есею мен өзгерістерді қабылдауға деген қорқыныш;

3. Өнімді, шығармашылық қабілеттің жойылуы, өзінің ішкі ресурстарын іске қоса алмау және белгілі бір негізгі іске жұмыла алмау;

4. «Негативті ұқсастық» қалыптастыру, өзін-өзі анықтаудан бас тарту және үлгі ретінде жағымсыз образдарды таңдау.

Эриксон бұл суреттелген құбылыстарды сандық жағынан көрсетуге талпынған жоқ. 1966 жылы Канадалық психолог Джеймс Марша бұл пікірді толықтырып, жас адамның кәсіби, діни және саяси өзін-өзі анықтаудың деңгейін өлшеуге негіз болатын ұқсастықтың төрт кезеңін атап көрсетті.

1. Анықталмаған, жойылмаған «идентиптік» тұлғаның қандай да болмасын айқын сенімге ие бола алмауымен сипатталады. Мұндай тұлғалар әлі мамандық таңдаған жоқ және ұқсастық тоқырауына жеткен жоқ.

2. «Мерзімнен бұрынғы, идентиптілік» кезең белгілі бір қатынас жүйесіне енген жағдайда болады, бірақ бұл қатынас өз бетімен жасалмаған оның негізінде өзгелердің көзқарасы, абыройы жатыр.

3. «Мораторий» кезеңі тұлғаның өзін-өзі анықтаудың мөлшерлі дағдарысы болып, көптеген варианттың ішінен өзінікі болып саналатын бір ғана даму вариантын таңдаумен сипатталады.

4. Табысты, толысқан идентиптілік дағдарыстың аяқталуымен ерекшеленеді, бұл кезде тұлға өзін-өзі іздеуден өзін-өзі практикалық тұрғыда көрсетуге ден қояды.

Американдық психолог Морис Розерберг 5 мыңнан артық жоғары сынып оқушыларын зерттей отырып, өзін-өзі құрметтеуі төмен жастарға «Мен» образының жалпы тұрақсыздығы тән екендігін және олардың өзі туралы пікірлерінің төмендігін көрсетті. Олар басқалардан «тығылуға» бейім, сондықтан олардың көбі өздерінің «өтірік бейнесін» көрсетеді. Соның салдарынан «Мен көп жағдайда басқаларға әсер қалдыру үшін белгілі бір рольге енемін» және «Мен жұрт алдында маска киюге дайынмын» деген сияқты пікірлермен қалып қойған. Мұндай жастар өзін-өзі құрметтеуі жоғары жастарға қарағанда алты есе көп кездеседі.

Өзін-өзі құрметтеуі төмен дамыған жастар әсіресе өзін-өзі бағалауға қатысты кез-келген нәрсені сезімталдықпен және ауыр қабылдайды. Олар өздерін сынағанға, келемеж еткенге қатты ренжиді. Айналадағы адамдардың өздері туралы теріс пікірлері оларды қатты ойландырады. Егер біреу олардың жұмысында бір нәрсенің дұрыс жасалмағанын көрсетсе, немесе қате тапса, бұл да оларға жағымсыз әсер етеді. Соның салдарынан олардың көпшілігіне ұялшақтық, психикалық оқшаулану, нақты қиыншылықтан арман әлеміне бойлау тән. Тұлғаның өзін-өзі сыйлау деңгейі неғұрлым төмен болса, ол соғұрлым жалғыздықтан жапа шегуі мүмкін.

Жоғарғы оқу орындарына қабылданған адамның өз күші мен қабілетіне деген сенімін арттырып, толыққанды және қызықты өмірге деген үмітін оятады. Сонымен қатар екінші және үшінші курстарда жоғарғы оқу орындары, мамандық пен кәсіпті таңдау дұрыстығы туралы сұрақ тууы мүмкін. 3-курстың аяғында мамандық таңдау туралы мәселе толығымен шешіледі. Бірақ бұл кезде мамандық бойынша жұмыс істемеу туралы шешім қабылданбауы да мүмкін. В.Т.Лисовскийдің көрсеткен мәліметтері бойынша, Ленинградтың 4 ірі жоғарғы оқу орындарының жоғарғы курсында оқитын студенттерінің 64 % ғана өздерінің болашақ мамандықтарының қабілеттері мен қызығушылықтарына толық сәйкес келетіні туралы деп біржақты шешім айтқан. Көп жағдайда студенттер мінезінен әр түрлі өзгерістерді байқауға болады - ол жоғары оқу орындарында оқудың алғашқы айларындағы шаттықтан бастап оқу орны тәртібін, оқыту жүйесін, жеке оқытушылардың оқыту жүйесін бағалау нәтижесінде пайда болатын реніш.

Көп жағдайларда адамның мамандық таңдауына кездейсоқ факторлар әсер етеді. Бұл құбылыс әсіресе жоғары оқу орындарын таңдауда кері әсерін тигізіп, қоғамға да, жеке тұлғаға да қымбатқа түседі. Сондықтан жоғары оқу орындарына түсуші жастармен жүргізілетін кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызы ерекше.

Белгілі бір мамандықты игеруге қажетті қабілетті анықтау үшін алдын-ала мамандықтың суреттемесін берудің маңызы зор. Бұл суреттеменің талабына сәйкес адам психикасының үш деңгейі көрінеді:

1. Өте қажетті деңгей;

2. Салыстырмалы деңгей;

3. Ынталы деңгей.

Бұл суреттемелерді қолдану оң нәтиже береді.

Студенттің оқуға деген ынтасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым студент мамандық туралы да аз біледі. Бірақ студенттердің көпшілігінің оқуға деген көзқарасы жағымды екендігі байқалады.

Тұлғалық-шығармашылық көзқарастың арнасында студент педагогикалық әрекеттестіктің белсенді қызметін өз бетінше ұйымдастыра білетін субъект ретінде қарастырылады. Оған нақты кәсіпке бағытталған міндеттерді шешуге арналған танымдық және коммуникативтік белсенділік тән. Студенттер үшін оқудың негізгі бағыты контекстік болып табылады [36]

В.Г. Ананьев мектебі зерттеушілерінің мәліметтері студенттік кезеңнің даралық пен вариативтікпен ерекшеленетін интеллекті құрастырудың күрделі кезеңі екенін көрсетеді. Бұл кезеңдегі адам интеллектісінің мнемологиялық «өзегі» осы «өзек» қызметіне кіретін «шыңдар» мен «тиімділіктің үздіксіз алмасуымен» сипатталады. Студенттерге берілетін тапсырмалар бір мезгілде түсіну мен ұғынуға бағытталып қана қоймайды, сонымен бірге студент есінде материалды қалыптастыруға, сақтауға және өзектендіруге бағытталады. Мәселенің осылай қойылуы көптеген оқулықтарда, оқу құралдарында, нұсқауларда көрініс тапқан және проблемалық тапсырмаларды шешуде материалдарды түсіну, ұғыну және бекітудің бірлігі байқалады. Студенттің танымдық белсенділігі әрқашан оқу ақпараттарын есте сақтау және жаңғыртуды ұйымдастырумен қатар жүреді.

Жоғары оқу орындарында оқу барысында еңбек және кәсіби қызметтің берік негізі қаланады. «Оқу барысында меңгерілген білім, білік, таным оқу қызметінің пәні ретінде емес, кәсіби қызмет құралы ретінде көрінеді» [37.б.14]. Бірақ сауалнама нәтижесі педагогикалық жоғарғы оқу орындары студенттерінің жартысының жоғарғы оқу орындарын таңдауда болашақ мамандығына деген сүйіспеншілігі жоқ екендігін көрсетеді.

Студенттердің үштен бірі өз таңдауларына сенімсіздікпен қарайды немесе болашақ мамандығын ұнатпайды. Оқу субъектісі болып табылатын студенттердің маңызды көрсеткіші деп оның оқудың барлық түрлері мен формаларын орындай білуін айтуға болады. Бірақ арнайы зерттеулер көп студенттердің лекциаларды тыңдай және жаза алмайтындығын, әдебиеттерді конспектілей алмайтындығын (көп жағдайда лекция материалдарының 18-20 % ғана жазылады) көрсетеді. Сондай-ақ студенттер дәрісхана алдында сөйлей алмайды. (28,8 %), пікір таластыра алмайды (18,6%), проблемаға аналитикалық баға бере алмайды (16,3%). Нақты әлеуметтік зерттеу материалдары студенттердің 37,5% жақсы оқуға талпынатынын, 53,6 % әрқашан талпына бермейтінін, ал 8 % жақсы оқуға талпынбайтынын көрсетті. Бірақ тіпті жақсы оқуға талпынатындардың өздерінің 67,2 % жағдайында оқу жақсы жүзеге асырыла бермейді [В.Т.Лисовский]. Іскерлік пен жалпы оқуға деген көзқарастың соңғы он жылдықта сандық көрсеткіштерінің өзгеруіне қарамастан жалпы студенттердің бұл кезде толық қалыптасып болмағандығы туралы жағдай сақталып қалып отыр. Оқытушы алдында студенттер оқу қызметінің субъектісі ретінде қалыптастыру жөніндегі психологиялық-педагогикалық жауапты міндет тұр. Мәселенің осылай қойылуы табысты оқуға, оқу материалын нақты орындау бағдарламасын жасауға және оларды қалыптастыруға арналған жаттығуларды ұйымдастыруға қажетті қадамдарды анықтауды талап етеді. Бұл әрекеттерді жүзеге асыру үлгілерін оқытушының өзі көрсетуі керек және ол студенттің бірінші курстағы қиындықтарын ескеруі керек.

Тәжірибе көрсеткеніндей, жастарды тәрбиелеуде жоғары жетістікке тек оқыту мен тәрбиені ұштастыру керектігін естен шығармағаны жөн.

Жастардың шектеу дегенді білмейтін өсуінің себебінен күрделі де әрқилы. Студенттерге қойылатын талап та, әрине, әртүрлі. Бірақ солардың ішінде негізгісі және біріншісі үлгерім мен қоғамдық жұмысты ұштастыру.

Жастарға әділдік пен тік мінезділік, шыншылдық пен өзіне және басқаларға деген жоғары талаптылық тән, сондықтан студенттік ортада өз жолдастары мен оқытушыларға деген сезіммен қатар сын мен өзара сын да қатты дамыған.

Студенттер өздерінің және оқытушылар ортасындағы, қоғамдық өмірде кейде тіпті мән беріле бермейтін, елеуге де тұрмайтын, болмашы кемшіліктер мен жетіспеушіліктерді байқайды. Лектордық қатесі, тіпті шатасып айтқандарының өзі байқаусыз қалмайды.

Студенттердің жаңа және терең ғылыми тұжырымдармен қатар, батыл және шын тапқыр сөздерді де, тіпті оның оқу пәніне қатысы болмай-ақ қойсын мейлі, студенттердің ғылыми өсуіне, моральдық бейнесіне, оқу мен қоғамдық жұмысына, өндірістік практикасына және т.б. міндеттеріне қатысты болса да жоғары бағалайтынын оқытушы ескеруі керек.

Студент жастарды жоғары деңгейдегі ұжымшылдық ерекшелейді. Жоғары оқу орнына келіп түскен алғашқы күннен бастап-ақ әр студент өзін оқуы мен қоғамдық өмірінің басым бөлігі өтетін студенттік ұжым мен өз оқу тобының толыққанды мүшесімін деп есептейді. Студенттік топта достық қарым-қатынастар нығайып, жолдастық өзара көмек дамиды. Дегенмен, студенттер қауымы біркелкі емес және олар жоғарыдан басқарушылардың ойлағанындай дамымайды. Ол үшін негізгі қиыншылықтар бірінші-екінші курстарда, яғни олардың жоғары оқу орнының өміріне жаңа бас сұғып, оның әдістемесін игере бастаған кезде кездеседі. Кейде, сирек те болса мамандық туралы алған мағлұматтарының дұрыс болмауынан және болашақ маманның еңбегінің сипатын білмегендіктен мамандықтың, тіпті жоғары оқу орнының таңдалуының қате екендігі анықталып жатады. Кейде студентті оқудың өзі қызықтырмай, игере алмау да орын алады.

Студенттің өз бетімен жұмыс істей алмауы, өз еңбегін дұрыс ұйымдастыра алмауы, өз уақытын тиімді пайдалана алмауы да кездеседі. Өз бетімен жұмыс жасау әдістемесін игерген төменгі курс студенттерінің өзі, кейде ол әдістемелерді пайдаланбайды, сондықтан оқытушыларға бұл құбылыстардың себебін анықтап, студенттердің еңбек мәдениетінің деңгейін көтеруге бағытталған шарараларды іске асыру қажет.

Жоғарғы оқу орындарында студент бейімделудің екі түрін басынан кешіреді: оқу және әлеуметтік-психологиялық. Бірінші түрі - оқу процесінің қатынасты қалыптастыру. Бірінші курстағы студенттік топтарда жоғары оқу орындары өмірі мен қызметіне дайындығы әртүрлі деңгейдегі қыздар мен жігіттер болады. Жоғары оқу орындарындағы оқыту әдістері мен түрлерінің ұйымдастырылуы мектептен өзгеше екені белгілі. Мұнда мектептегідей күн сайын оқу, тапсырма орындау, еске сақтау керек емес. Әр күні лекция, семинар, практикалық сабақтарға толы және оларға үздіксіз дайындалу қажет емес. Соның нәтижесінде көптеген бірінші курстықтарда жоғары оқу орындарында оқудың жеңілдігі туралы ой және өткеннің бәрін кейін қайта жаңғыртуға және сессия алдында оқып алуға болады деген сенім қалыптасады. Тіпті кейбір бірінші курстықтардың жоғары курс студентінің семестр кезінде ешқашан оқымаса да, емтихандарды тапсырғандығы туралы немесе әрқашан тек «жаттап оқитындар» ғана оқитындығы туралы мақтанышқа толы әңгімелерін үлкен қызығушылықпен тыңдайтындығы да жасырын емес. Соның салдарынан студенттердің кейбірінде студенттік өмір туралы бұрмаланған пікір қалыптасады. Осыдан барып бірінші семестрде-ақ қателіктерге әкелетін өз міндетін орындауға салдыр-салақ қарау әдеті пайда болады.

Студенттер арасында семестр бойында тек қажетті жұмыстарды орындап, мүмкіндіктерін тоық пайдаланбай, барлығын емтиханға дейін шегіндіріп, үнемдеген уақытын жеке шаруаларына т.б. жұмсайтындар аз емес. Олардың кейбіреулері емтиханда жоғары бағаға тырысу қажеттіліг жоқ, тек оқуды бітіргенше шыдау үшін емтихан мен сынақты уақытылы тапсырсам болды деушілер баршылық. Қайсыбір жағдайда олардың ойлары жүзеге асатыны белгілі, бірақ жоғары курстарда бұл студенттер өз ортасының және оқытушылардың әсерімен өз көзқарастарын өзгертіп, білім алуға қызығушылық пен табандылық таныта бастайды.

Кейде студенттердің сабақ деңгейіне көңілі толмайтын жағдайлар да кездеседі. Оларға оқу материалы өте қарапайым, жеңіл, орта мектеп бағдарламасын қайталап, жаңа білім қоспайтын болып көрінеді, ал студенттің жоғары оқу орнынан күтетіні қомақты жаңа ғылыми жаңалықтар.

К.Д.Ушинскийдің айтуынша, егер біз адамды жан-жақты етіп тәрбиелегіміз келсе, онда оны жан-жағынан білуіміз керек. Студенттерді білу, оларды бірінші күннен бастап түсіну әр оқытушының міндеті. Тек осы жағдайда ғана жоғары оқу орнындағы оқыту мен тәрбие біз күткен жемісті береді.

Тәжірибелі оқытушы сабаққа дайындала отырып, көз алдына оқу тобындағы студенттердің қайсысы қандай сұрақты қалай қабылдайтынын, оларға қандай жолмен түсіндіру керектігін, қандай оқулықтарға сілтеме жасайтынын немесе жеке түсінік беру қажеттігін елесететіп отырады. Осы тәсілдердің бәрі оң нәтиже беру үшін әрине, студенттердің әрқайсысын жақсы біліп, олардың дербес ерекшеліктерін және пәннің қиындығын ескеру керек. Студенттердің мектеп оқушысы емес екенін ескеріп, өз бетімен жұмыс жасатуға дайын болғаны жөн. Өзіндік жұмыс арқылы игерілетін білімге қажетті уақыт әр студент үшін әртүрлі, бірақ бағдарлама талабы бәріне бірдей. Оқытушы үшін жеткілікті деңгейде дайындығы бар, абстрактылы ойлауға қабілетті және терең түсінуді қажет ететін ғылыми-теориялық материалдармен өз бетімен жұмыс істей алатын талдау әрекетімен байланысты студенттермен жұмыс істеу маңызды жағдай болып табылады.

Студенттердің оқу жұмысы мақсатты бағытта өрбиді. Оқытушы осы мақсаттылықты қолдап, бағыттап, студенттердің алдына ғылыми және өмірлік маңызы бар жаңа қызықтыратын мәселелерді қойып отыруы керек. Студент жоғары оқу орнында ғылыми жағынан мәнді де, маңызды шаралардың бар екенін көруі керек, сонда ғана оның бойында оқу орнына деген ілтипат, осы оқу орнында оқып, шығармашылық жұмыстарға қатысқандығына мақтаныш сезімі пайда болады. Мұнсыз оқу процесі студенттер үшін жәй формальды міндетке айналады.

Оқытушыларға оқу жұмысы практикасында саналы, педагогикалық мақсаттылықпен оқу процесі мен студенттердің өзіндік жұмыстарын іске асыру үшін оқылатын пәнге қатысты студент шығармашылығының не екенін анықтап алуы керке. Егер шығармашылықтың жалпы түсінігін адамның қоғамдық мәні бар жаңа материалдық, ғылыми және рухани құндылықтар жасауға бағытталған іс-әрекеті деп қабылдасақ, студенттердің шығармашылығын, өзінің болжамдарын, тапқырлығын қайсыбір оқу тапсырмаларын орындауда пайдалануы, шешімге жетелейтін тиімді жолдарды таңдай алуы көрсетеді.

Жоғары оқу орнындағы сабақтар студент өз бетімен ойлана алатындай, зерттеу жүргізетіндей, салыстырып, қорытындылап, шешім қабылдай алатындай болып ұйымдастырылуы керек. Кейбір ғылыми деректерді түсінбей жаттаушылық болашақ мамандарды белсенді етіп дайындауға кедергі жасайды, сондықтан жаттау студенттердің өзіндік жұмысының тәсілі бола алмайды.

Көптеген бірінші курстықтар өз бетімен жұмыс жасау дағдысы болмауына байланысты үлкен қиыншылықтарға кездеседі: олар лекцияларды конспектілей алмайды, оқулықтармен, оқу құралдарымен, басқа көмекші құралдармен жұмыс жасай алмайды. Кең көлемді мәліметтерді талдай алмайды, өз ойын нақты және дәл жеткізе алмайды, белгілі бір факт бойынша өз ойын білдіре алмайды. Бұндай жағдай әсіресе жоғары оқу орындарында қабылдаудың жаңа тәртібі – тест енгізілгеннен кейін тіпті шиелінісіп кетті.

Бұл өз кезегінде оқытушының оқытудың диалогтік түрін арттыру, арнайы педагогикалық пікірлесуді ұйымдастыру, студенттердің өз ойын, мақсатын, оқу-тәрбие жұмысында өмірлік позициясын дәлелдеуге мүмкіндік жасайтын жағдай қалыптастыру қажеттілігін көрсетеді.

Студентке психологиялық-педагогикалық сипаттама беруде оның айналасының әлеуметтік-мәдени деңгейі назарға алынуы керек. Сонымен қатар, жыныстық ерекшеліктері, ұлттық дәстүрлері, ата-анасы арқылы енген өмірлік және тұрмыстық ерекшеліктері де ескеріледі. Мұның барлығы студенттік кезеңді өзектілігін жоймайтын ерекше әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық проблема деп есептеуге негіз болады.



  1. Себептерін айтқанда: “адамдарға көмек беру ниетім бар”, “адамды танып білу қызықты”, “адамдарға әсер еткім келеді”, “өз проблемаларымды шешемін”, “логопед ретінде кеңес берді” және т.б. Олай болса, студенттерде әлеуметтік және таным мотивтері басым болады.

  2. Оларды математика, қазіргі жарытылыстану, информатика пәндері аз қызықтырады, ал арнайы пәндерден – логопедия мен сурдопедагогика туралы түсініктері бар екен.

Е.Б. Тесля болашақ мамандардың кәсіби қызығушылығының қалыптасу жағдайларын қарастырып, іс-әрекет мағынасының ұғымына көңіл аударды. А.А. Вербицкийдің теориясы студенттердің оқу процесі және оқу сабақтары мазмұны маңыздылығы мен оларды кәсіби дайындықта іске асыру болып табылатынын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет