Кіріспе тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»


Логопедиялық түзету жұмыстарында сөйлеу тілі бұзылған



бет9/17
Дата28.01.2022
өлшемі236,13 Kb.
#115339
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Жанахметов Е. маг.дис.

Логопедиялық түзету жұмыстарында сөйлеу тілі бұзылған

балаларды зерттеудің модельдеу әдісі
Қазіргі тіл кемшіліктерін түзетуде ең басты мәселе болашақ логопед-мамандарды даярлауда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану болып табылады. Біздің зерттеу жұмысымыз барысында логопед-мамандарды Б.М.Гриншпун, О.С.Павлова, В.И.Усольцева, Т.Б.Филичева, Т.В.Чиркина теорияларына сүйене отырып, Қ.Жұбановтың модельдеу әдісін қолдану мүмкіндіктері қарастырылды [2,22].

Логопедиялық түзету жұмыстары барысында сөйлеу тілі бұзылған балаларды зерттеудің тиімді әдісі ретінде модельдеу әдісін қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер сөйлеу тілі бұзылған балалардың төмендегі функцияларын дамыту арқылы жүзеге асырылады:

1.Танымдық–жеке танымдық, зерттеушілік, рефлексивтік, регуляторлық.

2. Коммуникативтік қызметтің эмоциялық тұрақталуы [3,19].

Жалпы тіл кемшілігі –есту қабілеті мен ой -өрісі әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері.

Дыбыстарды бұзып айтуын, фонематикалық есту қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен грамматикалық сөйлем құрылысының артта қалуы жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың барлығына тән кемшілік. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу патологияларының түрлерінде байқалуы мүмкін.

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған ақыл-ой дамуы дұрыс балалардың дамуы шектелген балалардан өзгешелігі, ойын тыңдаушысына жеткізу үшін дене мүшелері қимылын және мәнерлі ымды пайдаланады. Оларға өзінің сөйлеу тілінің кемшілігіне сын көзімен қарап, оны қалайда түзетуге бар ықыласымен жолын ақылдың бірінші деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы жатады. Бұл деңгейдегі балалардың сөйлеуі барысында анық байқалатын тіл кемшіліктері төмендегідей сипатталады:

Дыбыстардың айтылуы. Балаларда 4–5 дыбыс топтамалары қалыптаспаған: ысқырылатын – с, з, ц; ызыңдайтын – ш, ж, щ, ч; үнді – р, р´, л, л´ және жұмсақ және үнді дыбыстар сирек емес. Бірақ барлық балаларда (естігенде және айтылғанда) акустикалық және жақын дыбыс жоспарларда (с–ш, з–ж, р–л, ч–щ, ч–ц) араластыру көрінеді. Әр түрлі буындардың жиынтығынан тұратын (азық–түлік, магнитофон, құрылыс) сонымен қатар, буындық құрылымы және сөздерде балаларда дыбысты толықтырушылық тілі бұрмаланады.

Бұл жағдайда модельдеу әдісін қолдану үлгісі:

Мектепке дейінгі жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөздік қоры бұрынғысынан сапалық және сандық жағынан да жас нормасынан артта қалып отыр. Синонимдерді және антонимдерді таңдағанда таныс сөздерді; қатыстық сын есімді, мәнге ие болатын сөздерге қатысты қиындықтар кездеседі.

Етістіктерді, зат есімдерді, есімдіктерді мамандықтарды білдіретін немесе спортсмендердің спорт түрлерінің атауы бойынша қолдануындағы едәуір қателер жиынтығы көрінеді. Балалардың сөздігінде күрделі зат есімдер және сын есімдер жиі болмайды.

Тілдің грамматикалық құрылымы. Балалар жай және жайылма сөйлемдерді құрастырады. Бірақ, мұндай сөйлемдердің көп бөлігінде қабысу және меңгеруден қателесу, күрделі шылауларды алмастыру немесе қалдырып кету, сөз ретінің өзгеруінде қателер көрінеді. Барлық балалар салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастырғанда қиналады.

Жалпы тілі дамымаған жоғарғы мектепке дейінгілердің ерекшелігін ашу мақсаты және вербальды қарым–қатынасты белсендіру тәсілі ретінде сюжетті–рольдік ойындарды қолдану, мүмкіндігі нағыз зерттеу болып қабылданады. Ойын әрекетіне тән, өзі кезінде тіл қарым–қатынасының сандық–сапалық сипатын күшейтеді.

Сөйлеу мүмкіндігі төмен баланың өмірден алған тәжірибесі аз және айналасындағы өмір тіршілігі туралы мағлұматы жеткіліксіз болып келеді. Дыбыстардың қолданылуы тұрақсыз, құбылмалы келеді. Сөйлегенде көбінесе 1-2 буыннан тұратын сөздерді ғана қолданады. Буындарды көбірек қиын сөздерді айтқан кезде оның 2-3 буынына дейін қысқартылып, түсіп қалады. Мысалы: жұмыртқа–ұтқа, домбыра–дома. Фонематикалық тұйсігі бұзылғандықтан аттары бір –біріне ұқсас, мағынасы әр түрлі сөздерді сұрыптай алмай қиналады. Мысалы : бала –балға, жаға –жаңа. Бұл деңгейдегі балалар дыбыстың талдау жолын түсінбейді.

Р.Е.Левина жалпы сөйлеу тіл кемшілігін деңгейлеп оқыту тиімді деді.Бұл деңгейлер кемшілігіне байланысты ажыратылуы қажет деді. Ол жалпы сөйлеу тілі кемістігін үш деңгейге бөліп көрсетті.

ыдыс –аяқтың, жануарлардың төлдерінің аттарын білмейді. Міне, осының бәрі бұндай балалардың сөздік қорының тым кедей екендігін көрсетеді.

Заттың атын, түсін, тұлғасын, белгісін білдіретін сөзді орнымен дұрыс қолдануды әруақытта толық біле бермейтіндігі байқалады. Қолданудағы қимыл –іс әрекетті әр – түрлі, тұлға ұқсастығы жақын атау сөздерді шатастырып орын ауыстыруы жиі көрініп қалады,

Тіл дамуының төртінші деңгейіндегі балалар заттың көлемін білдіретін (алыс-жақын), бағалау сипаттамасын (жақсы-жаман) т.б.антонимдерді оңай меңгереді. Қиындықтар келесі антонимдік қатынастардан көрінеді:жүгіріс-адым, жүргізу-жүру. Сөзді грамматикалық талдау ерекшеліктерінен соның ішінде зат есімді қолдануда қателерді табуға болады. Оған қоса, зат есім мен сын есімді байланыстыруының кейбір жағдайларынан қателерді табуға болады. Мұндай балалар үшін сөйлемді құруда үлкен қиындықтар кездеседі.

Төртінші топтағы балалардың тағы бір айқын көрінетін ерекшеліктері:

1.Сұхбаттасуда, әңгіме құрастыруда, тақырып бойынша сюжеттік суреттерді қолданып сөйлемдер құрауда логикалық бірізділіктің сақталмауы ең басты бөлімдерді ұмытып кету, жеке эпизодтардың қайталануы;

2.Өз өмірі жайлы айтуда, шығармашылық элементтерін қолданып еркін тақырыпқа әңгіме құру;

3.Өз ойын жеткізуде жоспарлаудың жетіспеуі, қиындықтардың кездесуі;

Осылайша, белгілер басқа да жалпы дамымаушылықтың жеңіл түрлерінен бөліп қарауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет