Кіріспе. Тау жыныстарының физикасының мақсаты мен есептері


Сыртқы өрістердің тау-кен жыныстарының қасиеттеріне әсері



бет12/40
Дата07.02.2022
өлшемі260,52 Kb.
#95221
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Байланысты:
Лекция ФГП (копия) (копия)

Сыртқы өрістердің тау-кен жыныстарының қасиеттеріне әсері
Жыныстарды бір-екі физикалық-техникалық параметрлері бойынша жіктеу бар. Онда тау жыныстары топ-топқа параметр шамаларына ыдырап бөлінеді. Бұлар жеке жіктеулер деп аталады, және олар тек нақты бір қасеиттерімен алдын ала жіктеліп қойылған жыныстарды қарастырғанда ғана жарайды. Оларға мысалы, жыныстың кеуектілігі, тығыздығы, беріктілігі, бұрғыланғыштығы, жарылғыштығы жатады. Оларда жыныстың қасиетін анықтайтын түп факторлар айқындалмаған.
Магмалық, шөгінді және метаморфты жыныстарды жалпы петрографиялық жыныстарды жіктеуі минералдық құрамы мен структуралық, текстуралық ерекшеліктері бойынша бөлуге негізделген. Ол жіктеулер тау-кен жыныстарын диагностикалауға және олардың петрографиялық ерекшеліктерін жүйелеуге арналған. Олар таныс белгілері бойынша (құрылысы, құрамы) белгісіз жыныстың атын анықтауға мүмкіндік береді.
Жыныстың атына қарап оның физикалық қасиеттері туралы қандай да бір дәрежеде болса да түсінік алуға болады, бірақ тау жыныстарын физикалық қасиеттері бойынша жүйелеу үшін, қасиеттерін бағалауда бір жақтылығына байланысты, петрографиялық жіктеу жарамайды.
Тау-кен жыныстарын барлық физикалық-техникалық параметрлер комплексі бойынша жинақты жіктеу, жыныс қасиеттеріне айтарлықтай әсерін тигізетін жіктеу белгілеріне негізделу керек.
Егер барлық тау-кен жыныстарын топ-топқа негізгі ішкі факторлар бойынша біріктірсе, онда мұнымен жыныстың әр тобының физикалық параметрлерінің сандық мәндері де беріледі, яғни тау-кен жыныстарын физикалық қасиеттері бойынша жіктеу мәселесі шешіледі.
Бұл мақсатта, тау-кен жыныстарын топтауға тиімді құрылысы мен құрамының негізгі белгілері бөлініп қарастырылады.
Мысалы, тау-кен жыныстарының қасиеттеріне негізінен әсер етуші, минералдық құрамы бойынша 20 минерал алынған (2.2 кесте).

5.1 кесте
Тау-кен жыныстарының физикалық қасиеттеріне негізгі ықпалын тигізетін минералдар



Минералдар

Код

Минералдар

Код

Кварц

01

Гипс

11

Дала сипаттары

02

Галоидтар

12

Оливин

03

Саздақтар

13

Пироксендер

04

Слюда

14

Доломит

05

Күкірт

15

Роговая обманка

06

Хлорит, тальк

16

Апатит

07

Көміртекті

17

Серпентин

08

Магнетит

18

Кальцит

09

Басқа темір рудалары

19

Нефелин

10

Басқа рудалар

20

Құрылысы бойынша тау-кен жыныстарын 2.2 кестеде көрсетілгендей топқа бөлінген

5.2 кесте


Құрылыс белгілері бойынша жыныстарды топтастыру



Жыныстардың
бөлшектер арасындағы байланысбойыншаерекшелену түрі

Кеуектілік
дәрежесі

Изотропия -лықдәрежесі

Бөлшектердің
өзараорналасуы
(құрылыстүрі)

Құрылыс
топшасы



Құрылыс тобы



Жартасты

Кеуексіз

Изотропты

Анизотропты



Статистикалық
Матрицалық
Қабатты
Желілі

1.1
1,2
1.3
1.4

1


Кеуекті

Изотропты
Анизотропты

Статистикалық
Матрицалық
Қабатты
Желілі

2.1
2.2
2.3
2.4

2

Байланысты
және борпылдақұсақтүйіршік

Кеуекті

Изотропты
Анизотропты

Статистикалық
Матрицалық
Қабатты
Желілі

3.1
3.2
3.3
3.4

3

Жыныс құрылысының статистикалық түрі, түйірлерімен жүйектердің шамалары біртексіздігі арқылы бағаланады. Бұл жыныстар изотропты.


Қосындылар мен бостықтары изометриялық болып келетін, құрылысы матрицалық жыныстар да изотропты болып келеді.
Қосындылары, бостықтары мен босаңсу зоналары созылынқы формалы болса (сызықты немесе жазық), құрылысы матрицалық жыныстар анизотропты болып келеді. Олардың құрылысы, түйір шамалары мен ондағы шамаларының біртексіздігі, желілер шамасы, каналдар мен қабаттардың және олардың жыныс көлемінің бірлік шамасына келетін сандары бойынша бағаланады.
Егер, горизонталь бойынша минерал құрылысының келтірілген түрлерін қойып, вертикал бойынша негізгі екі минералдың қосылу мүмкіндігін алған жағдайда кестенің кез келген бөлігі минерал мен құрылыс түрі бойынша физикалық қасиеттері жіктеу көрінісі былай болады.
5.3 кесте
Тау-кен жынысын жіктеудің көрінісі



Құрамының тобы

Құрылыс топшасы

(минералдар коды)

1.1

1.3

2.3

3.1

3.2

02

01

Гранит

Гнейс

-

Арказ құмы

-




02

-

-

-

Аргиллит

-

13

15













Слюдалы,
сазды

тақтатас





17







Көмірлі тақтатас







Құрылу белгілері бойынша бөлінген топтың біреуінен екіншісіне ауысқанда оның күйі бірден өзгереді. Мысалы, егер кеуексіз жартасты жыныстар бір фазалы болса, онда кеуектілер, ең кемінде екі фазалы байланысты кезекті және борпылдақ жыныстар -бөлшектер арасындағы байланысы әлсіз, екі фазалы болады.


Бұл жіктеу бойынша жыныстың әр тобының, жыныс қасиетін болжауға мүмкіндік беретін, физикалық параметрлерін есептейтін өз формуласы болады.
Оның үстіне жіктеу алаңының әр бөлімшесі, егер әр минералға және әр құрылу түріне өз номерін белгілесе, сандардың (код) бір жиыны түрінде жазылуы мүмкін.
Жазудың белгілі бір жүйесін қолданып - алғашында негізгі минералдың коды, одан кейін қосымша минералдың коды және жыныс құрылуының коды жазылып жыныстың қасиетін анықтайтын сипаттама алады. Мысалы, жіктеуде гранит алып тұрған бөлімшені былай жазады: 02-01-1.1, құрамы сондай арказ құмы алып тұрғандығы 02-03-3.1. Мұндай жазудың нәтижесінде жалпы және ерекше белгілері көрінеді. Келтірілген жыныстар, мысалы, тек бөлшектердің байланыс дәрежесімен ғана ерекшеленеді. Ал, тас көмір мен (17-13-23) көмірлі тақтатас (13-17-2.3) жазулары, олардың айырмашылығы бірінші кезекте негізгі минералдарға байланысты екенін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет