Жүйелілік принципі, көпжылдық сабақтар мен жекелеген айналымдар барысындағы талаптарды арттыруды, сабақтар мен қайталаулардың тұрақты жүргізілуін қарастырады. Жаңа әдістік амалдар мен тәсілдік іс-қимылдарды үйретуге кіріскенде алдыңғы өткен материалдарды меңгеруге сүйенуі керек (білетінінен білмейтініне қарай). Үйренетін әдістік амалдар мен тәсілдік іс-қимылдар күрделілігі бірте-бірте өсуін қадағалау керек (қарапайымнан күрделіге). Сабақтарда әдетте осы ережелерді үйлестіру қарастыралады, бұл құралдар мен әдістерді осыған сәйкес таңдауға мүмкіндік береді. Жүйелілік принципі жүктеме мен демалысты тиімді кезектестіру мен сабақты реттеуді қарастырады. Сабақ саны аптасына үш-төрт сағаттан кем болмауы керек, олай болмаған жағдайда ойын әдісі мен тәсілін меңгеру нәтижелерін көтеру мүмкін емес. Жүктемелер қалпына келтіру процестерінің заңдылықтары талап ететін демалыспен кезектесуі керек. Сабақтың ең көп саны мен олардың ұзақтығын анықтау барысында осыны басшылыққа алады. Қайталаудың ролі жоғары. Қайталаусыз дағдыларды қалыптастырып, қимыл сапаларын дамытатын морфо-қызметтік қайта құруды қамтамасыз ету мүмкін емес. Қайталау барысында дағдыларды икемге келтіру үшін қажетті әдістік амалдар мен тәсілдік іс-қимылдар орындалатын жаттығулар мен шарттарды кезектестіру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |