ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ҚИМЫЛ ДАҒДЫЛАРЫН ҰЙҚАСТЫРУ
Волейбол (ағылшын volley ball, Volley – спорттық командалық ойын, спортшылар сетка арқылы қарсыластарының бағытына допты қол күшімен ұрып лақтырады, яғни доп алаңшаға түсу керек немесе соққыдан ереже бұзылады. Ойында әр командада 6 адам болады (барлығы 12 адам, ереже бойыншаауыстыру шектеулі). Алаңша 9х18 м, ортадан сетка бөліп, тұрады (ерлер 2,43 биіктікте, әйелдерге 2,24 биктікте), доп айналдыра өлшегенде 64-66 см, салмағы 260-280 г. Әрбір доп беру жеңісінде ұпай қосылады; партия 25 ұпай жинағанына дейін созылады, есеп 24-24 болса, 2 ұпайға дейін уақыт беріледі. Ойын, бір команда ұтқанға дейін 3 партияға жүргізіледі (уақыт шектеусіз). Халықаралық волейбол федерациясының шарты бойынша (ФИВБ) әлемдік жарыстар үшін бос зона кем дегенде қапталдағы сызықтан 5 м және алдыңғы сызықтан 8 м болуы тиіс. Ойынның бос кеңістікгі ойынның үстінен 12,5 м болады. Волейбол алғаш 1895ж. Америкада доппен қозғалыс ойындарының бір түрі ретінде пайда болды. Арықарай ол Азия елдерінде Жапония, Қытай, Филиппин таралды, бірақ бұл елдерде волейбол ойының ережесі өзгешелеу болды (командада 9 адам, орын ауыстырмай, партия есебі 22 дейін). Европада волейбол алғаш Чехословакияда ойналды (1907ж.). волейболда ойын жағдайын тез ауыстыруға, қорғаныстан шабуылға және керсінше, жылдам ауысу сипатталды. Бұл ойыншылардан әртүрлі қозғалыстарды орындаудағы талап етеді. Волейболда 5 негізгі әдіс болады: доп лақтыру, қабылдау, беру, шабуыл соққысы және бекініс қою. Доп лақтыру (подача). Ойын доп лақтырудан басталады. Волейболшылар доп лақтыруды шабуыл ретінде сирек қолданады. Техникалық әдістері былай: ойыншы беткі сызыққа және алаңшаның ендік орын шетіне орналасады, допты лақтырып бір қолының соққысымен қарсылас жағына бағыттайды. Сипатына қарай доп лақтыруды күштік, көздеу және жоспарланған деп үшке бөлуге болады. Күштік доп лақтыру мақсаты қарсыластың доп қабылдауында қиындық туғызу немесе қабылдау кезінде қателестіріп командаға ұпай алып беру. Көздеп лақтыру жәріне немесе әлсіз ойыншыға бағыттау, яғни команданың әрекет жасауын қиындату. Жоспарлап лақтыру доп ұшып бара жатып айналмай бағытын бірден өзгеріп күтпеген бағытқа түсетіндіктен қауіпті. Жоғарыдан лақтыру кезінде допты бас деңгейінде және жоғары ұстап соққы береді, ал төменнен лақтыруды – бастан төмен деңгейде ұстап соққы береді. Лақтыруды сеткаға бетпен қарап тұрып орындау тіке деп аталады, бір жанымен тұрып орындау – қапталдық деп аталады. Әрбір волейболшы бір әдіспен туралап доп лақтыру және бір әдіспен күштеп доп лақтыруды меңгеруі тиіс. Төменнен туралап доп лақтыру, бұл енді бастағандар әсіресе балалар үшін доп лақтырудың негізгі әдісі. Оны үйрену қиын емес, ал пайдасы үлкен. Біріншіден жетілдіру мүмкіндігі пайда болады, екіншіден волейболдың екі жақты ойыны қызықты және тиімді өтеді.Жоғарыдан туралап лақтыру, бұл жерде доп тура және жоғары жылдамдықпен ұшады, волейболшы допты қарсыластар алаңшасының белгілі бір жеріне белгілі бір уақытта барынша күштеп лақтыру керек. Енді бастағандар үшін Жоғарыдан туралап лақтыруды үйрену көп қиындық туғызбайды. Жоғары қапталдан лақтыру, күшпен ұру керектігі белгілі, бұл әдіс бойынша допты қатты күшпен жіберу керек. Қапталдан лақтыруды тек мейлінше дайындалған, қабілетті волейболшы алдыңғы екеуін меңгергеннен кейін ғана үйрене алады. Бір орыннан секіріп лақтыру ойыншы допты алдынан көріп және тура соққы береді. Бір орнынан секіріп лақтыру психологиялық тұрғыдан қарсыластарға шабуыл соққы ретінде қабылданады. Шабуыл соққысы волейбол ойынындағы ең тартымды техникалық әдіс. Ойыншы қанша шаршаса да бос минуттар берілгенде ол барлық уақытта шабуыл соққысын орындау үшін сеткаға асығады. Шабуылдың негізгі әдісі өз сәтіндегі тураланған шабуыл соққысы, доптың ұшуы бағыты ойыншының секіру алындағы жүгіру бағытына сәйкес келуі. Шабуыл соққысы ауысуымен – бұл туралап соғудың бір түрі, соққыдан соң доптың ұшу бағыты мен ойыншының секіру алдындағы жүгіру бағыты сәйкес келмейді. Мысысалы: шабуылшы 4 зонадан жүгіреді қарсыластың алаңшасындағы 5 зона бағыты бойынша, бірақ допты соғу кезінде 1 зонаға жібереді. Бекініс – сеткадан тікелей, шабуыл соққысына қарсы күресуге тиімді құрал. Қарсылас жағынан соққыны қарсы алу, бірақ бекініс кезінде шабыулшы жасамай жатып допқа ерте тиіуге болмайтынын есте сақтау керек. Жалғыз бекініс қоюға сапалы дағдылану арқылы топтық бекіністі сәтті меңгеруге жол ашады. Шабуылдаушы ойыншының допты соғуы кезінде бекінісшілер сеткадан қолдарын созып, соққыны қарсылас жағынан күтіп алуға тырысады. Бекіністің сәттілігі бір уақытта секіріп және соққы кезінде қолды тосуға байланысты. Либеро. Әр команда 12 ойыншының ішінен бір мамандандырылған қорғаушы (либеро) тағайындауға құқылы. Либеро ойын алдында протоколдың арнайы осы үшін қалдырылған жолына енгізілуі тиіс. Сонымен қатар оның нөмірі бірнш партияның орналастыру карточкасына да енгізілуі керек. Волейболдың Қазақстанда таралуы бойынша алғашқы мәліметтер 1928 жылғы қатысты. Ол кезде ойынның бұл түрі бұрынғы волейбол сайыстарынан ерекшеліктері болды – ол қарсылас жағына допты епті лақтыру еді. Ұстауға және лақтыруға рұқсат беріледі, басым бөлігі екі доп беру берумен ойналады, үшіншісін «кейбір жағдайлар» үшін сақтау.1929 жылдың қыркүйегінде аумақтық дене тәрбиесі кеңесінде спорт ойындары бойынша ұтыс ойындары өткізіп, оның бағдарламасына алған рет волейболды қосты. Осы жылы, қазір дәстүрге айналған Алматы-Бішкек волейбол командаларының алғашқы халықаралық сайысы өтті. 1932 жылы ерлер арасындағы Алматы-Шымкент жарысында шымкенттіктер жеңіп кетті (15:7 және 15:6), әйелдер арасында ҚазПИ (Аламты) – командасы – Шымкент командасымен кездесуінде де жеңіс оңтүстікте кетті.Волейболды дамытуға спорттық бірлестік «Д» үлкен үлесін қосы, яғни бір маусым ішінде 1933 ж. әртүрлі ДСО-лар арасында жеңімпаздар өзгеріссіз шығып тұрды. Осы жылы Қазақстан шығып тұрды. Әйелдерді кәсіподақ командасы Уфада өткен КСРО кәсіподақ біріншілігіне қатысып, Башкирия және Средневоложск өлкесімен (Самара) ойнады. Қазақстан волейболшылар командасы құрамында Банченко, Баталина, Издукина, Статина, Хейфец және Остраверхова ойнады. Бүткіл ойында команда бірде бір жеңілген жоқ. 1983 жылдың 30 қыркүйек – 6 қазан айының аралығында Алматы қаласында өткен ІІ Бүкілқазақстандық спартакиадаға Ақтөбе, ШҚО, Қарағанды, Алматы және басқа да облыстардан волейбол командалары қатысты. Ерлер арасында командалық бірінші орынды астаналық облыстың спортшылары жеңіп алды, екінші орынды ОҚО әйелдер және ерлер командасы алды. 1948 жылдан бері республикалық жарыстардың жеңімпаз командалары СКИФ, «Авангард», «Медик» (барлығы Алматылықтар), бүкілодақтық жарыстарға кезегімен қатысып турнирлік кестенің соңғы жолдарынан орын алып жүрді. Осылай 50-ші жылдардың аяғына дейін жалғасы. Бірақ жеңіліс сабақтары бекрге кетпеді. Тура осы кезеңде әлемге Қазақстан волейболын паш еткен «Буревестник» командасының бастамасы құрылып жатқан. 1953 жылы бұл команда бүкілодақтық жастардың іріктеу турнирінде көпшілік қарсыластарын жеңіп, тек Ресей мен Украинаның құрама командасына ғана жол беріп алды. Екі жылдан соң команда басшылығына дарынды волейболшы (бұрын астаналық «Авангард», «Медик» клубынан шыққан), керемет жаттықтырушы педагог, спорт ұйымдастырушысы О.Жарылғапов келді. Оның басшылығының арқасында «Буревестник» командасы республика бойынша ең мықты, кеңес одағының жетекші клубы болды. 1954 жылы Қазақстан волейболының жаңа маңызды даму кезеңі болып табылады. Алғаш рет ведмостаралық республика чемпионаттары өте бастады. Жыл салып біздің команда Куйбышевта өткен КСРО чемпиондар ойынында «Б» классында қатысты. Спорттық жиындардың ішінде 1955 жылы Жамбылда өткен ауыл жастарының арасындағы ҚазССР-нің біріншілігін ерекше атап өтуімізге болады. Сонан соң құрама команда біздің волейболшыларымыз 2-ші орынды иеленген бүкілодақтық жарысқа қатысты. 1960 жыл ерекше болды. Тулада «Б» классының командалары арасында КСРО чемпионатының финалдық ойындары өтті. Қазақстаннан бұл жарысқа ДСО «Б» ерлер командасы қатысты. Бұл жарыста Қазақстан техникалық ойын көрсету арқылы және жеңіске жету жолында өз ерік-жігерлерін көрсетіп, 2-орынды жеңіп алды және «А» тобында ойын көрсету құқығына ие болды. 1961 жылы Алматыда «А» классы шеберлері командаларының топтастырылған турнирі өтті, онда біздің жерлестеріміз барлық қарсыластырын жеңіп 1-ші орынды иеленді. Команда ойыншылары О.Жарлығапов, З.Жаркешев, Ж.Саурамбаев, В.Кассин, Е.Пресняков, Е.Акунов, В.Дьяков, Д.Махмутов, Л.Щербаков «КСРО спорт шебері» атағын жеңіп алды. Команда, КСРО халықтарының ІІІ-спартикиадасында үлкен жетістікке жетті. Ойында Азербайжанды (3:1), Эстнияны (3:0), Литваны (3:1), Белоруссияны (3:1) жеңіп және Украина құрамасына (1:3) есе жіберіп қазақстандықтар ақтық сынға шығып спартакиаданың алтын медалі үшін күресті. Ақтық сында олар РСФРС құрама командасын (3:2), Ленинградты (3:1) жеңіп, Грузия құрамасынан (0:3), Москвадан (3:1) жеңіліп қалды. Команда 5-ші жүлделі орынды иекленді. Қарағанды және Алматы волейболшыларынан құралған әйелдер командасы тек 12-орынды қанағат қылды.
КСРО халықтар спартакиадасы аралығында КСРО чемпионаты ірі жарыстардың бірі болып саналатын. Бұл жарыста Қазақстан волейболының намысын «Б» ерлер командасы және «Дорожник», әйелдер командасы қорғады. Бұлар Қазақстан волейболының оңқанаты еді. Ұжым өз шыңына З.Жаркышевтың басқарып тұрған кезінде жетті, «Б» командасы (Алм) Санкт-Петербургте КСРО кәсіподақтар спартакиадасында жеңімпаз атанды. Команданың ойыншыларына алтын медаль тапсырылды. Олар: О.Антропов, Г.Гончаров, А.Кормановский, В.Кравченко, А.Портной, Н.Н.Рогозин, Ж.Саурамбаев, А.Султанов, В.Устименко, Вячеслав және Виталий Шаприн, Л.Щербаков. 1970-1971 жылдары «Б» командасы Европа чемпионатының кубогін жеңіп алды. Ақтық сында «Б» командасының екі дүркін қарсыласы Барнодан Чехословакиялық клуб «Збройка-Зетер» болды, ал оған жету жолында біздің волейболшылар «Стяуа» (Бухарест), «Гонвед» (Будапешт), СК «Лейпциг» (ГДР) сияқты абройлы асқақтаған клубтарды жеңіп кетті, айта кететін бір жайт соңғы құрамда алты чемпион болды. Команданың жетекші ойыншылары КСРО құрамасының әртүрлі құрамдарына шақытрылды. В.Кравченко және О.Антропов елдің басты командасының құрамында болып олимпиада чемпиондары атанды (Мехико, 1968ж.). Ж.Саурамбаев, А.Портной, Н.Рагозин – ЕЧ. Әрине әйелдер командасы мұндай шыңға жете қойған жоқ. 1948 жылы бүкілодақтық аренаға шығуды бастаған Қазақстандық «Строитель Казахстана» (Балхаш қ.), «Искра», «Авангард», «Большевик» (барлығы Алматы қ.), «Металлург» (У-к қ.) Г.Востоква, Л.Иффе, Г.Иконникова, К.Викене басшылық жасаған командалар турнир кестесінің төменгі қатарынан табылды. Қазақстан волейболындағы әйелдер мектебінің алғашқы құтты қамады ДСО «Е»-нің АДК командасын қалыптастырумен байланысты. Оның ұйымдастырушысы және алғашқы жаттықтырушысы 1959 ж. Б.Дмирриев болды. 1963 ж. Челябинскіден Алматыға өз тобымен К.Войнов ауысып келді. Оның басқарған командасының құрамында: Н.Смолеева, Н.Шишова, Пономаренко, Г.Агустыняк, Л.Швалова, Н.Щербакова, И.Корнилова, Т.Балбеко, О.Князева, Т.Васильева болды, КСРО халықтарының 4-ші Спартакиадасында 8-ші орын алды (1967). Жыл сайын команданың алдына күрделі міндеттер қойылды және барлық мақсаттар жәймен іске аса бастады. 1980 ж. АДК командасы ауыспалы ойындар елегінен өтіп, Қазақстанның атынан КСРО чемпионатының жоғары лигасында ойнау құқығына ие болды. Бірақ бір жылдан соң сыртқы жағдайларға байланысты команда 1-ші лигаға оралды, басшылық және құрам ауысты. 1982 жылдың тамызында АДК-ны ҚазССРЕЖ бұған дейін оқушылардың республикалық құрама командасында жұмыс істеген Н.Щербакова басқарды. Ол басшылық жасаған құрама 1978 ж. оқушылардың Бүкілодақтық 15-ші спартакиадасында қола жүлдені, ал 16-шы спартакиадада алғаш рет чемпион болды. Осы команданың үздік ойыншылары АДК командасының жаңарған құрамына кірді. Олар: О.Кривашеева, С.Лихолетова, И.Юрова, Н.Фадейкина, Е.Чебукина, И.Ризен, Л.Носенко, Л.Перевертова, Г.Котова. 1983 ж. КСРО-ның 45-ші чемпионатының 1-лига командалары арасында таңғаларлық жаңалық жасаған осылар еді.
24 матч бойы ұтылмай алматылықтар сенімді түрде 1-ші орынды иеленді және екінші мәрте Кеңестер одағының күшті волейболшылары классында жолдаманы жеңіп алды. 1984 жылға дейін кеңестік волейбол тарихында жоғар лигаға жаңадан келгендер бірден КСРО чемпионы атануы бұған дейін болмаған жағдай еді. АДК волейболшылары КСРО 46-шы чемпионатында жоғары лиганың атақты командалары «Уралочка» (Свердловск), «Д» (Москва), ЦСКА (Москва) және тағы бір қатар тәжірибелі командалардың арасында мәреге жетті. КСРО алтын медалі чемпиондар Е.Чебуктнаға, И.Ризенге, Л.Носенкоға, И.Юроваға, Л.Перевертоваға, С.Лихолетоваға, И.Фадейкинаға, О.Кривошееваға, И.Коновлеваға, Г.Рахимбековаға, Т.Миллерге және С.Котоваға берілді.Команда ойыншыларының үлкен бөлігі әртүрлі КСРО құрамасына шақыртыла бастады. Олардың құрамында Е.Чебукина, О.Кривашеева, И.Ризен, Л.Перевертова, С.Лихалетова, Л.Носенка болды, ал бұған дейін аға буын өкілдері Н.Смолеева, Л.Береген олимпиада ойындарының, әлем және Европаның чемпионы мен жүлдегерлері болды. Осындай волейболшыларға дайындағаны үшін Н.Щербаковаға КСРО ЕЖ деген жоғары атақ берілді. 1985 жылы Алматылық волейболшылар Европа чемпионатының кубогін жеңіп алып жаңа шынды бағындарды, сонан соң үш дүркін 1989, 90 және 1991 жылдары Европа елдерінің кубогін жеңіп кубок игерлері атанды. 1968 ж. Мехикода алматылықтар В.Кравченко, О.Антропов, Н.Смолеева, ал 1998 ж. сеулде О.Кривашева, Е.Чебукина және Т.Меньенова олимпиада чемпиондары атанды. Қазақстан командасының құрамында (2003 ж. 01.01 дейін) жеті КСРО-ның ЕССШ (О.Антропов, В.Кравченко, Ж.Саурамбаев, Н.Смолеева, Е.Чебукина, О.Кривошеева, Т.Меньшова), 24 ХДСШ, 60-тан астам КСРО СШ тәрбиеленді. 1959 жылдан бүгінгі күнге дейін Қазақстанда 6 КСРО-ның ЕЖ (О.Жарлығапов, К.Войнов, З.Жаркешев, Н.Щербакова, Е.Кольченко, Е.Лавкин), 29ҚР ЕЖ, 2 халықаралық дәрежедегі төреші, 9 бүкілодақтық дәрежедегі төреші тәрбиеленді. Волейболды арықарай дамыту бойынша елімізде 1991 жылдан бастап мықты жаттықтырушылардан тұратын облыстық тірек орталықтары пайда болды. ҚР 2004 жылға БЖСМ 415 бөлімшелерін ашты, 19297 адам шұғылданды. Олармен 439 жаттықтырушы жұмыс жүргізеді. Алматының балалармен жұмыс жасайды.
Волейболшыларды жаттықтыру – бұл бүкіл спорттық жетілдіру жүйесі тәрізді дене шынықтырудың әдістемелік принциптеріне, белгілі бір принциптер мен заңдылықтарға және спорт жаттықтыруының заңдылықтарына бағынатын және жоғары спорттық нәтижелелерге жетуге бағытталған педагогикалық процесс. Спорттық жаттықтырудың әдістемелік принциптері мынандай: саналылық пен белсенділік, жүйелілік, көрнекілік, ыңғайлылық пен тұлғалық, ілгері даму.
Достарыңызбен бөлісу: |