Жүктемені толқынтәрізді өзгерту. Жүктеменің толқын тәрізді сипаты шаршау мен қалпына келтіру әрекеттерімен анықталады, ол жүктеме мен демалысты кезектестіруді, кішіайналымда, жаттықтырудың кезеңдері мен сатыларындағы жүктеме көлемі мен сипатын өзгертуді талап етеді. Көлем мен қарқын толқыны сәйкес келмейді: көлемді арттырған кезде қарқыны төмендейді және керісінше – қарқын ұлғайған кезде көлем азаяды. Көлемнің артуы қарқынның өсуінің алдын алады. Жүктеменің толқынтәрізді сипаты жоғарыда келтірілген басқа заңдылықтармен тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |