Қимыл дағдыларын қалыптастырудың бірінші сатысында қозғалыс жүйесі жалпы сипатта оқытылады. Дағдыларды қалыптастыруда педагог оқушылардың негізгі қимылдарын меңгеруін жеңілдетіп, алғашқы қадамынан-ақ оның амалды орындау сезімі әдісті дұрыс орныдауға, қатенің туындау мүмкіндігі анықтап, бұзушы ықпалдардың әсерін шектеуге сай келетіндей жағдай жасауы керек. Мұнда осы сатыға тән ағымдағы жаттығулар мен бірқатар әдістердің маңызы зор.
Оқытудың бірінші сатысының мақсаты – үйренетін әдісінің негізгі амалдарын жалпы тұрғыда меңгеру. Бұл сатының міндеттері:
оқушылардың меңгеріп үлгермеген қимыл бөліктерін үйрету;
қозғалыс негіздерін толық орындау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
амалды орындаудағы шектен тыс қысым түсу сияқты керексіз қимылдарды болдырмау.
Бұл міндеттерді орындау үшін алдымен, оқушыларға үйренетін амал туралы жалпы
мәлімет беріп (айтып түсіндіру, жасап көрсету, қимылмен көрсету), сосын қимылды жекелеп (қажет жағдайда), содан кейін толық жасап көрсетіп, әдістік амалдың негізгі нұсқасын үйрету қажет. Жаттықтырушы артық қимылдар жойылып, қимылдың негізгі әдістері меңгерілді деп есептеп, бастысы қимылдың жалпы ырғағын игергенде кезең аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |