Жаттықтыру барысының айналымдылығы. Оқу-жаттығу сабақтары әдетте апталық айналымдарды (кішіайналымдарды) біріктіреді. Бұндай айналымдар жаттықтыру және жарыстық болып бөлінеді. Жыл бойындағы көпжылдық (жылдық және жартыжылдық айналымдар) жаттықтыру барысында қайталанатын кезеңдер мен сатыларға бөлінеді. Айналымдық сабақтардың, сатылар мен кезеңдердің белгілі бір айналымын білдіреді.
Әдістемелік принциптер мен заңдылықтар өзара тығыз байланысты. Оларды біліп, оқу-жаттықтыру барысында тиімді пайдалану жоғары білікті волейболшыларды табысты дайындаудың кепілі.Волейболшылар дайындығының мақсаты заманауй спорт талаптарына дайын, әлемнің күшті волейболшыларының үлгі сипаттамасына лайық және жоғары нәтиже көрсетуге қабілетті спортшыларды тәрбиелеуге құрылады. Жоғары білікті волейболшылар дайындаудың мақсаты шеберлік деңгейі (командалық және жеке тұлғалық әлемдік үлгі сипаттарына сай келетін) мен бәсекеге қабілеттілігі жоғары, әлем аренасында жоғары нәтижеге жете алатын спортшыларды тәрбиелеу болып табылады. Спорт резервін дайындаудың мақсаты дайындық (дене, әдістік, тәсілдік, интегралдық, психологиялық, ілімдік) деңгейі бойынша жоғары санатты ойыншыларға қойылатын талаптарға жауап беретін және жоғары санатты волейболшылардың дайындық деңгейінің дамуында жетістікке жету үшін мүмкіндігі мол жас спортшыларды тәрбиелеу болып табылады.
Дайындықтың мақсаты оның міндеттерін анықтайды. Мұнда волейболдың дағдылары мен ерекшеліктерін қалыптастыру қасиеттерін ескереді. Жалпы алғанда мына міндеттерді бөліп қарастыруға болады:
Моральдық және ерік сапаларын тәрбиелеу.
Денсаулықты нығайту, дұрыс дене дамуына жағдай жасау.
Күш, шапшаңдық, төзімділік, ептілік, икемділік тәрізді негізгі қимыл сапаларын дамыту.
Өмірлік маңызды қимыл дағдыларын жетілдіру (жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, жүзу, шаңғымен сырғанау).
ЕҚД кешенінің нормаларын орындауға дайындық.
Ойын әдістері мен тәсілдерін табысты меңгеру негізіндегі арнайы қабілеттер мен сапаларды дамыту.
Ойын әдісін жетік меңгеру (әдістік амалдар мен олардың әдістері).
Ойын тәсілдерін жетік меңгеру (шабуыл мен қорғаныстағы тәсілдік іс-қимылдар – жеке және ұжымдық).
Командалық дайындықтың жоғары деңгейіне жету.
Іс-тәжірибелік білім мен іскерлікті меңгеру (жоспарлау, есепке алу, күнделік жүргізу, оқыту әдістемесі, төрешілік жасау, сауықтыру мен қалпына келтіру құралдары).
Ілімдік білімді меңгеру
Жарыс жағдайында өтетін сабақтарда алған барлық білімін іскерлікпен жүзеге асыра білу.
Спорттық жарақат алу, шаршудың алдын алып, қалпына келтіру іс-шараларын орындау.
Волейболшыларды дайындаудың мақсаты мен негізгі міндеттеріне қарай спортшылардың негізгі құрамына (жасы мен дайындығы) орай атқарылатын жаттықтырудың жеке кезеңдеріндегі міндеттерін қалыптастырады.
Бұл спорт түрінің ерекшелігін білу спортшыларды дайындау ісінің тиімділігін арттыруда маңызы зор. Ойындық спорт түрлерінің атап айтқанда, волейболдың сипаты мыналар:
Ойындық спорт түрлерінің негізін қарсыласын жеңу мақсатына жетуге
бағытталған, спортшының ішкі (психологиялық) және сыртқы (іс-қимыл) белсенділігін санамен реттеу ретіндегі «спорттық іс-қимыл» ұғымынан туындайтын іс-қимылдар құрайды. Ойындық спорт түрлерінде іс-қимыл ережемен реттелетін, жарыстық сайыс түрінде болады. Бұл жағдайда біз жарыстық ойын іс-қимылы туралы айтамыз.
Жарыстық ойын әрекеті бәсекелес екі команда сайысқа түскен сәттен («доп
ойынға қосылған» сәттен) басталады, яғни әрқайсысы бір бүтін ретінде ойнайтын, екі ұжым арасындағы жеңіс үшін өткір тартысты көреміз. «Ойын» жүйесін бір бүтін зат ретінде қалыптастырғанда оның бөліктері сапалық өзгерістерге ұшырайды, өйткені оның «команда», «ойын топтары», жекелеген «ойыншылар» сияқты нысандары бүтін жүйенің құрамдас бөлігі ретінде өзі сияқты нысандардан дараланбайды. Сонымен қатар, ойындық спорт түрлерінің тәжірибесінде жаттықтыру ықпалдары кешенінде ойын әрекетінің бүтіндей сипатын көрсете алмайды (екі жақты ойын бұл жерде мәселені шешпейді). Сонымен, командалық-ойын спорт түрлерінде спортшылар ұжымы спорттық бірлік болып табылады. Бәсекелес екі команданың жүйесі ойын бірлігі болады.
3. Ойын әрекеті үшін үнемі өзгермелі жағдай тән, себебі жеке ойыншылар мен команданың іс-қимылы жалпы алғанда қорғанысты бұзып, шабуылға ұмтылатын және өз жоспарын іске асырып, жеңуге тырысатын қарсыласының тұрақты бақылауында болады. Осының барлығы спортшыға бірқатар айрықша талаптар қояды: ол әрбір ойын сәтін толық , әрі бұны өз аймағындағы шабуыл немесе қорғаныс (шабуыл-қорғаныс, қорғаныс-шабуылға дайындық) жағдайында көре білуі, жағдайды сараптап, сол арқылы дәйекті тұжырым жасап,белгілі бір әрекетке шешім қабылдап, жауап қимылдарын дер кезінде орындай білуі тиіс.спорт ойындарына тән үздіксіз өзгермелі жағдайларда қимыл міндеттерін шешу шапшаңдығы мен күрделілігі сипаты осылай түсіндіріледі. Спортшы ойыншылардың (өз командасының және қарсылас ойыншыларының) алаңда орналасуын және доптың орнын ескеріп, әріптесінің қимылын алдын ала болжап, қарсыласының ниетін ұғып, туындаған жағдайдағы өзгеріске елгезектік танытып, дұрыс шешімді дер кезінде қабылдап және оны тиімді орындауы тиіс. Шапшаң ойында ойыншылардың іс-қимыл шапшаңдығына тәуелді міндеттерді шешу жылдамдығы біршама артады.
4. Волейболдағы жарыстың нәтижесі спорттық бәсекеде команданың бүкіл іс-әрекетімен анықталады. Мұнда ол жеке ойыншылардың іс-қимыл қосындысымен емес, ал команданың құрылым топтарының өзара әрекеті болып табылады. Бұл өзара қарым-қатынас үнемі қарсыласының бақылауында болады, қарсыласы бұл әрекетті бұзуға ұмтылады. Демек, әдісті, жеке тәсілді меңгеру мен жеткілікті дене дайындығының болуы команданың табысты ойынының қажетті шарты болып табылад, бірақ кейде бұл да жеткіліксіз. Сонымен қатар бүкіл команданың, оның топтарының, топтар ішіндегі жекелеген ойыншылар арасындағы орныққан өзара қарым-қатынас қажет. Өзінің құрылым бойынша көршілерімен ойын барысында түрліше қызмет көрсететін бір оыншы ең төменгіден ең жоғарыға дейін түрлі ойын әсерін көрсете алатынын тәжірибеден көрдік. Сол үшін бір ойыншының спорттық деңгейін бағалау өте қиын (егер ол өзімен тең әріптестерімен, ал команда тең қарсыласымен ойнағанда).
5. Ойын спорты түрлеріндегі спорттық нәтиже қарсыласымен кездесудегі жеңістер санымен және турнир кестесіндегі алған орнымен анықталады. Спорттық ойындарында барлық сайыстар тәрізді жеңу мен жеңілу бағаланады. Жеке ойыншы қаншалықты жақсы ойнағанымен, егер команда жеңіліс тапса, ол ойыншы да жеңілді деп есептеледі. Бұл Бүкілодақтық бірыңғай спорттық жіктеу талаптарымен анықталады. Демек, спорттық ойындар ұжымында әрбір ойыншы «командамен бір бүтін» болып, яғни оның ұстанған мақсатын іске асыруы тиіс.
Жарыс нәтижесі ойыншы-спортшылар шебірлігі деңгейін және жоғары санатты командалар мен балалар мен жасөспірімдер құрамы жаттықтырушысының жұмыс сапасын бағалаудың жалғыз өлшемі болып табылады.
6. Жарыстық ойын әрекетінің ерекшелігі көптеген жарыс жаттығуларына, яғни әдіс амалдары мен тәсілдік іс-қимылдарға, сонымен қатар оларды спорттық нәтижеге жету үшін жарыс барысында (бір кездесуде немесе кездесу топтамаларында) бірнеше дүркін қайталап орындау қажеттігіне құрылады.
Бір жарыста спортшыға бірнеше кездесуде ойнауға тура келеді, ондағы жеке кездесулер уақыты көлемді. Және бүкіл ойын барысында қарсыласымен үздіксіз сайыста әрбір ойыншы қарқынын бәсеңдетпей, өзінің ойындағы ролін тиімді орындауы тиіс. Жылдық айналымда жоғары санаттағы ойыншылар 80-90 ойын өткізеді, бұл жерде оларға әдісі, тәсілі, дене сипаты, ойын өнері жағынан әртүрлі қарсылас кездесуі мүмкін.
Волейболдың ойындық спорт түрі ретіндегі айрықша сипаттарының барлығы жоғары білікті спортшыға қойылатын талаптарды нақты көрсетеді. Осы талаптар ойындық-командалық спорт түрлеріндегі спортшыларды даярлау қызметінің мақсатты қызметі болып, мынадай топтарға бөлінеді:
1 – құрылымдық-морфологиялық, 2 – дене-қызметтік, 3 - әдіс-тәсілдік, 4 – тұлғалық-психологиялық, 5 – арнайы ойындық және жарыстық, 6 – білімі тұрғысынан ақыл-ойлық.
Қимыл дағдысы деп барлық қозғалыс жүйесі түрлі бұзушы (шаршау, көңіл-күйдің өзгерісі, қозғалыстағы үзілістер, т.б.) ықпалдарға төзімді болып, оны басқару өздігінен жүргізілетін, қимылды меңгеру деңгейін түсінеміз.
Қимыл дағдыларын қалыптастыруда бірнеше кезеңдер бар, оларға қозғалысқа үйретудің белгілі бір сатылары сәйкес келеді. Дағдыларды қалыптастырудың үш сатысы бар:
бастапқы іскерлікті қалыптастыру, оған үйренген амалдың негізгі әдістерін меңгеру сәйкес келеді;
қозғалыс жүйесін нақтылау;
спорт шеберлігін жетілдіру сатысында дағдыларды жетілдіріп, қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |