Акикаттын аманаты озим мен.
(Шәлгез)
Соқса бір жілік сындырған,
Көк қоянның қос құлағын тұндырған,
Көгілдірдің жез қанатын сындырған.
Тегеурінді болат темірдің,
Тегеуріні өзіңсің!
Айдынды көлге қол шауып,
Тоғызын соғып ұшырған,
Қу сұлтаны саһарсың!
Саһарыңды сайлап қаусырған,
Боз сұңқарым өзіңсің.
(Шәлгез)
Сен – бұзау терісі шөніксің,
Мен - өгіз терісі талыспын.
(Бұқар)
Ақтамберді мен Шәлгез жыраулық ар рухын танытып, Шәлгез Би Темірді әсірелей суреттейтін бұл мысалдардан да бірқатар сыр аңғаруға болады. Жауынгер жырау Ақтамберді шалқар шабытпен тебірене толғайтын пафосымен халқына хан әкімнен де бұлты биік мерейлі етіп, бұла күшін аңғартар тұста өзін жолына қол тигізбес ту асау, табиғи сұлулық белгісіндей дархан өскен дала құланына ғана емес, мейлінше еңсесі биік құраққа, дауыл мен дүлейге теңселмес жапанға біткен жасыл терекке, яки балталаса да болмайтын қарағайдың қарсы біткен берік бұтағына құбылта дамыта балап, көз алдымызға көп суреттер әкеледі. Сөйтіп, танымды тереңдетіп, әрлі әсерге бөлейді.
Ал, Шәлкездің ноғайлар арасынан А.Сикалиев жинап, жариялаған жырларында жырау өзін ғасырлар өшпес ноғай кітапқа, не ақиқаттың аманатына балай отырып, “өзим мен” деп нақпа-нақтап нықтап отырады. Бұл шумақтағы құбылулар кейде метафораның жалғау, жұрнақсыз келетін жай түріне де ұқсайды.(ноғай китап өзим мен, Ақиқаттың аманаты өзим мен).
Жіктік, тәуелдік жалғаулар арқылы жасалатын метафоралар тұрғысынан қарағанда бұл тіркестер қазақ ұғымында “ноғай кітап өзіммін” дегендей де әсер береді. Қалай болғанда да Шәлгез өмір, заман, адамдық ар алдындағы жыраулық парызын ой таразысына салып, тебіренген тұста шын сырын шынайы елестетер айқын да, қарапайым ұғымдар мен заттарға балап түсінігімізді тереңдете молайта түседі.
Ал, Шәлгез суреттеуіндегі Би Темір – тегеурінді болат темірдің тегеуріні, қу сұлтаны саһар, сол саһардың өзін қаусырған боз сұңқар. Жырау құбылтуларының әсерлілігімен ажарлы айқындығы сол қатыгез де қайсар Темір би қарсы алдымызға келіп тұра қалғандай елестейді.
XV-XVІІІ ғасырлардағы ақын жыраулар мұрасында әсіресе едім, едің, еді, екен, ем, ең сияқты көмекші етістіктердің көмегімен жасалған метафораның түрі көбірек.
Атығай, қарауылдың кені едім,
Асқар таумен тең едім.
Жүйкемді құрттың сен тоқал,
Қара жермен теңедің.
(Шал ақын)
Қартайған шағында от басындағы аяз күйіне назаланып ызамен айтқан бұл жолдарында Шал ақын қадір-халін – қара жерге, өткенін – асқар тауға, өзін – халықтың кен-қазынасына балаған. Ал, бұқар жырау Абылайды бірде су бетіндегі сығылып аққан сеңге, бірде алтынды тонның жеңіне әсірелей балап, қазақ ұғымына ежелден таныс нақты, затты суреттер арқылы елестетеді. Жырау ол тебіренісін өзге біреуге емес, Абылайдың өзіне баян етеді. Бұл ретте Бұқар жырларындағы ауыстырулар (метафора) едің көмекші етістігі көмегімен жасалады:
Отыз бес жасқа келгенде,
Қара судың бетінде,
Сығылып аққан сең едің.
Қырық жасқа келгенде,
Алтынды тонның жеңі едің.
(Бұқар)
“Едім” көмекші етістігі көмегімен жасалатын ауыстырулар ақын, жыраулардың өз аттарынан айтылатын толғау, теңеулерде, лирикалық герой атынан берілетін монологтерде, “едің” көмекші етістігі көмегімен жасалатын ауыстырулар әсіресе, өлеңдерде көбірек ұшырасады.
Достарыңызбен бөлісу: |