3 Экотуризмді дамытудың теориялық негіздері
3.1 Экологиялық туризм тұрақты дамуға жету құралы ретінде
ХХІ ғасыр қарсаңында адамзат бірқатар проблемаларға тап болды, бай мен кедей арасындағы теңсіздік, ашаршылық, әр түрлі аурулар, халық санасыздығы, бірақ ең бастысы – қоршаған орта проблемалары және экологиялық жүйе деградациясының күшеюі. Өркениет болашағы осы проблемаларға тәуелді болып келеді.
Қоғам қоршаған ортаны бүлдіру арқылы өз болашағын жойып отырғанын түсіне бастады. Соған байланысты үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар, даму жөніндегі агенттіктер және жеке адамдар келе жатқан ғаламдық дағдарыс тудыратын жағдайдан шығу жолдарын іздей бастады. Олардың шаралары өзара байланыссыз іс әрекеттерден тұрды, мысалы, бір жерде табиғатты қорғау заңдарын шығару, келесі жерде экологиялық ұйымдар жұмысшыларының санын көбейту. Бірақ бұл шаралардың барлығында соңғы нәтиженің нақтылығы болмады. Қазіргі заман жағдайы әлем саясатының жаңа бағытын, яғни экономикалық және экологиялық тұрақтылық арқылы адамзат қауіпсіздігіне жетуді қажет етеді.
Әлем қоғамының қоршаған орта жағдайына алаңдаушылығы 1972 жылы БҰҰ Стокгольм конференциясында арнайы құрылым – қоршаған орта жағдайы бойынша БҰҰ Бағдарламасының пайда болуына себеп болды.
1983 жылы - қоршаған орта және оның дамуы бойынша БҰҰ Халықаралық Комиссиясы құрылды, оның басшысы болып Норвегия премьер-министрі Гру Харлем Брунтланд тағайындалды. Комиссия әлемнің әр аумағындағы экологиялық және әлеуметтік-экономикалық алаңдаушылықты тудыратын проблемаларды толық көлемде ашу және оларды шешу үшін шақырылған [21, 9 б].
1987 жылы қоршаған орта және оның дамуы бойынша Халықаралық Комиссиясы «Біздің ортақ болашағымыз» атты баяндамасында өркениеттің жаңа моделі қажеттілігі туралы мәселесін көтерді. Осы баяндамада бірінші рет «тұрақты даму» ұғымы пайда болды және тұрақты даму концепциясын жасау жұмыстары басталды. Аз уақыт ішінде өркениет болашағын талқылаған уақытта бұл ұғым ең көп қолданысқа ие болды.
Бірегей жағдайда - тұрақты даму – бұл қоғамның табиғат ресурстарын дұрыс пайдалануы негізінде дамуы, ал ол өз кезегінде ұрпақтан-ұрпаққа адамдардың өмір сүру деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз етеді (адам денсаулығы, жағымды қошаған орта, экологиялық қауіпсіздік, және т.б.).
Тұрақты даму адамзаттың ХХ ғасыр соңы – ХХІ ғасыр басындағы басты қарастыратын мәселесі болып саналды.
Қоршаған орта және оның дамуы бойынша Халықаралық Комиссияның тұрақты даму концепциясы басты мәселелерді қамтиды:
1. Адамзат болашақ ұрпақтарды өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігінен айырмай, қазіргі кезде тұрып жатқан адамдардың қажеттіліктеріне сай келетін даму процессіне тұрақтылық және көп уақыттылық мінездемесін бере алады. Ол үшін мынадай талап қойылады:
Экологиялық қауіпсіздік және жағымды ортада тұру жөніндегі адам құқықтарын іске асырудағы әділдік.
Ауыстыруға келмейтін табиғат ресурстарын эксплуатациялауды уақытша тоқтату
қоршаған ортаның қажетті сапалығын сақтау және экологиялық регенерация мүмкіндігі
қоршаған орта және адамзат генофондының азаюын тоқтату
2. Тұрақты даму негізінде өзімізде бар табиғи ресурстар мен ғаламшардың экологиялық потенциалы жатыр.
3. Тұрақты ғаламды даму үшін жеткілікті құралдары барлар өздерінің күнделікті өмірлерін Жердің экологиялық мүмкіншіліктерімен бірлестіру керек, мысалы, энергияны тұтыну
4. Тұрақты даму – ол гармонияның өзгерген түрі емес, ол қазіргі және болашақ қажеттіліктермен сәйкестенетін техникалық дамуға бағытталған өзгеру процессі. Нәтижесінде тұрақты даму негізінде саяси ынта болу керек.
1992 жылы жазда Рио-де-Жанейрода Қоршаған орта және оның дамуы бойынша БҰҰ Конференциясы өтті. Онда тұрақты даму жөнінде халықаралық келісімшарттар жасалды, маңызды құжаттар қабылданды:
адамдардың өмір сүру жағдайының жақсаруы мен дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттердің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын қоршаған орта және оның дамуы туралы декларация
ХХІ ғаыр күн тәртібі – экологиялық, әлеуметтік-экономикалық жағынан тұрақты дамуға ауысу бағдарламасы
климаты өзгерулер туралы БҰҰ конвенциясы
әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен технологиялардың қайта құрылуын іске асыруды қажет ететін биологиялық көптүрлілік БҰҰ конвенциясы [22, 57 б].
Соған байланысты соңғы уақытта тұрақты дамуға ауысудың теоретикалық базасы құрылды. Ауысудың негізгі талабы «табиғат – қоғам» жүйесі функциясын гармонизациялау болып табылады. Ол өз кезегінде функциясы мен компоненттерін бұзбайтындай, әлеуметтік-экономикалық жүйешенің функциясы мен компоненттерін өзгертеді. Табиғи жүйешенің құрылымын сақтау, адамның өмір сүру ортасының комфорттылығын сақтау және өміріндегі материалдық, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өте маңызды.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін, өзін әлемге ТМД аумағындағы саяси тұрақты даму көшбасшысы ретінде танытты - әлем тарихында бірінші рет ядерлік палигонды жауып, ядерлік полигоннан бас тартты. ТМД елдері арасында интеграциялық процестердің талапкері болды.
Қазақстан Рио-де-Жанейрода өткен Конференцияның қорытынды құжаттарына қосылды, онда ол өте маңызды конвенциялырға – биологиялық көптүрлілікті сақтау, климат өзгерулері, шөлденуге қарсы күреске қол қойды. Тұрақты даму мәселесін талқылауда БҰҰ шешімдерін қолдады.
Республиканың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға бағыты, қоршаған ортаны қорғау үшін жасалатын іс шаралар жоспары мен ХХІ ғасыр Күн тәртібі экологиялық қауіпсіздік Концепциясында бекітілген. Бұнда Қазақстанға экология жағынан әлсіз ел ретінде анықтама беріледі, себебі ретінде елдегі ғаламдық мәселелердің шоғарлануы айтылады (Арал, Каспий, Семей өңірі және т.б.).
ТАСИС жобасының «Халақты қоршаған орта проблемалары туралы ақпараттандыру» әлеуметтік зерттеулерінің мәліметтері бойынша тұрғындардың 89% қоршаған орта жағдайына алаңдаушылық білдірді.
Кез келген елдің тұрақты даму концепциясы экологиялық тұрақты болашақтың құрылуын талап етеді. Мөлшерімен тұрақтылыққа 2030 жылы жету керек. Арнай зерттеулердің мәліметтері бойынша табиғи, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың жақсаруы болмаса, әлемде табиғи ресурстардың азғыруы мен экономикалық төмендеуі байқалады.
Әлем жағдайын бақылау Институтының ғалымдары Р. Лестер мен К. Флэвин зерттеулері бойынша 2030 жылы әлем экономикасы жанар-жағармай ретінде көмір, мұнай және табиғи газды қолданбайды. Қолдану негізіне күн және ядерлік энергия ие болады. Әрине, бұлардан басқа жаңа технологиялар жасалынады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда тұрақты дамуға ауысу үшін әлеуметтік, саяси және экономикалық жағдайлар қалыптасты. Соңғы уақытта ел Президенті, саяси және ғылыми ағартушылар өздерінің еңбектерінде тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды сақтау мәселелеріне көп көңіл бөле бастады.
Қарым-қатынас және бірлесу процесі, 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму Ғаламдық конференциясында басталды. Ұлттық деңгейде Орталық және Шығыс Европа және ТМД елдері қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының Ұлттық жоспарын жасай бастады.
1992 жылы ТМД елдері Мемлекетаралық Экологиялық Бірлестік (МЭБ) құрды. 1997 жылы желтоқсан айында Алматы қаласында Қазақстанның Ұлттық табиғат ұйымдарының (ҰТҰ) І форумы өтті, бұл форум Қазақстанның экологиялық жүйесі және оның тұрақты даму жағдайындағы перспективалары туралы құнды ақпараттардың жиналуына зор үлесін тигізді.
Қазақстанның халықаралық форумдары мен жоғары деңгейдегі кездесулерге белсенді қатысуы республиканың әлем экономикасының саяси кеңістігіне енуіне зор ықпалын тигізеді.
Тұрақты даму концепциясы экономикалық даму экологиялық шаралар процестерін біріктіру мүмкіншілігін бере алады: нарық механизмдері экологиялық таза және экономикалық жағынан тиімді өндірістің шығаруына мүмкіншіліктер береді.
Қысқа уақыт ішінде тұрақты даму ұғымы халық санасына республиканың экономикалық және саяси өміріне енді.
Бүгінгі таңда Қазақстан болашақ ұрпақ қажеттіліктерінің қауіпсіздігін сақтай отырып қазіргі өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жаңа тұрақты қоғам құру жолында.
Бізге, адамзаттың Жер ғаламшарының потенциалды экожүйе шекарасында ғана өмір сүру керек екенін мойындау керек. Оған нақты балама жоқ. Сондықтан егер біз ғаламшарымыздың табиғи ресурстарын дұрыс әрі рационалды пайдаланбасақ адамзат өз болашағынан айырылады. Бүгін біз болашақ ұрпақтар өмірі үшін жауаптымыз. Ол туралы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев былай деген: «Біз, қазіргі период мәселелерінен басқа болашақ ұрпақтар алдында мойнымызда үлкен жауапкершілік жатқанын әр күні есте сақтауымыз керек» [23].
Туризмнің даму концепциясы әлемнің көптеген елдерінің назарын өзіне аударды. Туризмдегі тұрақтылық қағидалары ДТҰ және Дүниежүзілік саяхаттар және туризм бойынша бірлестікпен құрастырылған. Олар экологиялық, экономикалық, мәдени тұрақтылыққа және жергілікті халыққа арналған тұрақтылыққа әкеледі. Туризмдегі тұрақтылық мыналарды білдіреді: табиғат және мәдениет потенциалының сарқылмас қолданылуы; жергілікті халықты экотуризмді дамыту жобаларына тарту; туриз ұйымдарының ресурстарды сақтаушы технологияларына аусыуы, өндіріс қалдықтарының азаюы; қоғамдық және жеке секторлардың бірлесе жұмыс істеуі; туризмнің елдердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жоғарылауына өз үлесін тигізу.
Қазіргі кезде туризм негізінен экологиялық түрлеріне бағытталған. Себебі олар табиғи кешендердің бірқалыптылығын сақтайды.
Экологиялық туризм қоршаған ортаға ең жақын туризм секторы болып табылады. Экотуризмнің даму табиғатты пайдалану модельдерінің аусуына, мәдени және табиғи байлығымызды қорғауға, әлеуметтік және экономикалық дамуға зор ықпалын тигізеді. Осы элементтер жүйені құрайды және бір біріне әсер етеді.
Айта кету керек, тұрақтылыққа тек көп салалы экономикалық салаларының арасында тығыз байланыстар нығайғанда ғана жетеді. Экотуризмге келетін болсақ, ол тек қана өзінің даму нәтижелерімен ғана пайдалануымен шектелмей, сонымен қатар басқа да әлеуметтік-экономикалық сфера секторларына өз әсерін тигізеді.
Экологиялық туризм және тұрақты даму байланысы жолдарының ең маңыздыларын қарастырайық.
Экотуризмнің дамуы пайдалануды рационализациялайды. Көптеген территорияларды туристік мақсатта пайдалану, сол территорияларды ауыл шаруашылығы өндіріс салалары мақсаттарында пайдаланудан әлдеқайда көп табыс әкеледі. Мысалы, Кениядағы зерттеулер мынадай мәліметтер көрсетті, жердің жануарларды ұстау территориясынан туризм үшін қорғау территориясына ауысуы (айналуы), сол жердің өз бағасы құнының 50 есе өскенін көрсетті, 1 га – 40 АҚШ долларына жеткен.
Тұрақты дамудың маңызды проблемаларының бірі биологиялық ресурстарды пайдалану болып табылады. Экотуризмнің әсері тіпті барлық жағдайда олардың физикалық жойылуына әкеп соқтырмайды. Негізінен ол ағаш дайындау баламасы болып танылады. Жыл сайын тропиктерде 17 млн га жуық орман шабылуда. Экотуризмнің дамуы Бразилия, Кения, Коста-Рика және т.б. елдердің ормансыздану процесінің тоқтатылуына өз үлесін қосты. Жыл сайын осы табиғат «шығындарын» өтегісі келетін экотуристер саны көбейіп келеді. Мысалы, Кения ұлттық парктеріне жылына 650 мың адам келеді, ал олардан түсетін түсім шамамен 350 млн АҚШ долларын құрайды.
Кей жануарларды экотуризм объектілері ретінде пайдалануы, оларды утилитті түрде пайдаланудан әлдеқайда әсерлі әрі тиімді. Olindo (1998) есептеулері бойынша Кениядағы Амбоссели ұлттық паркіндегі бір піл жылына 14 мың доллардан астам немесе бүкіл өмірінде 900 мың доллар табыс әкеледі. Бұл олардың тұмсық сүйектері мен терлерінен түсетін пайдасынан әлдеқайда жоғары болып қана қоймай, осы жануарларды қорғау мен олардың популяциясының жандандыруына кететін шығындарды да ақтайды [24, 55 б].
Экотуризмнің табиғатқа минимальді әсерін тигізуі, әсіресе құрылыста, яғни үлкен турбазалардың болмауымен ерекшеленеді. Экотуризмде күнделікті өмір сүру жағдайы табиғатқа ең жақын (басқа туризм салаларына қарағанда) болып келеді, мысалы, жұлдызды отельдер орнында дәстүрлі тұрғын үйлер, жасанды әрі қымбат өнімдер орнына табиғи ауылшаруашылығы өнімдерін пайдалану болып табылады.
Экотуризм жоғалу қаупіндегі өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің қорғауымен өте тығыз байланысты, ал олар негізінен экзотикалық болғандықтан өз кезегінде экотуризм объектілеріне айналады.
ЕҚТА (Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар) ғаламшардың экологиялық бірқалыптылығын сақтаудағы басты ролді атқаратыны барлығына мәлім. Экотуризм ЕҚТА қорғап әрі қолдай отырып табиғатты қорғауға өз үлесін тигізеді.
Кей жерлерде туризмнің дамуы жергілікті халықпен конфронтанцияға әкеліп соқтырады. Ал экотуристер өз кезегінде жергілікті мәдениет және қоршаған ортамен әлдеқайда тығыз қарым-қатынаста болады.
Туристік дамудың көрсеткіші адамның физикалық және психикалық денсаулылығы болып табылады. Экотуризм жағынан қарастырсақ адамның физикалық және психикалық күшінің қайта қалпына келуі белсенді демалыс, табиғатпен тілдесу арқылы болады. Ол өз кезегінде адамның өмір- және жұмыс істеу қабілетін әлдеқайда жоғарылатады.
Экологиялық білім беру деңгейінің өсуі – адам капиталының өсуіне қажетті түсім – тұрақты дамудың ғана емес, сонымен қатар экономика жоғарылауы талаптарының бірі болып саналады.
Экотуризмнің дұрыс әрі әсерлі дамуы әлеуметтік құрылымдар мен институттарсыз мүмкін емес. Ол сәйкесінше туризм министрліктері, табиғатты қорғау ұйымдары, департаменттер, жергілікті комитеттер,қоғамдық және ғылыми ұйымдар. Осы ұйымдар тұрақты дамуды қадағалап және бағыттап отыруға шақырылады.
Экотуризмнің дамуы, туристерді қабылдаушы елдің қазынасының толтырылуына әсерін тигізеді. Табиғатты қорғау Дүниежүзілік қорының (WWF) зерттеулерінің көрсеткіштері бойынша 90 жылдардың басындағы дамушы елдердің туризмнен түскен 55 млрд АҚШ долларының 12 млрд доллары экотуризм үлесіне тиген. Мысалы, Коста-Риканың жалпы туристерінің 40% экотуристер құрайды. 1990 жылы Эквадордағы экотуристерді қабылдау мемлекетке 193 млн АҚШ доллары көлемінде табыс әкелді [25].
Тұрақты дамуға ауысу кезінде экологиялық туризм көпшілік туризм альтернативасы ретінде қарастырылады.
Сонымен экологиялық туризм қоршаған орта туризмінң секторына жақын болып табылады, онда шынайы әлемді көру кезінде пайда болған деп сенімді түрде айтуға болады. Осындай типтегі туристік азық-түліктер топтастырылған, негізінен үлкен биологиялық түрлілігі және бұзылмаған қоршаған ортасы бар Оңтүстік жартышар елдерінде кездеседі. Бұл Оңтүстік Америка және Африка, Австралия, Жаңа Зеландия және т.б. елдері. Солтүстік жартышар елдерінде экотуристерге арналған базарлар бар. Оларға Солтүстік Америка және Европа елдері жатады.
Экотуризм тұрақты дамуға көшу кезінде басқа туризм түрлерімен салыстырғанда экономикалық және экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қабілетті. Экономикалық даму деңгейі мен қоршаған орта макро аудандарының жағдайы бірдей еместігіне байланысты және дамушы елдер үшін тұрақты дамуға өту ерекшеліктеріне тән.
Дамушы елдерде тұрақтылықтың алғашқы шарты экономикалық даму болып табылады. Дамыған елдермен салыстырғанда мұнда табиғат аумақтарының біраз бөлігі сақталған немесе аздаған антропогендік әрекетке ұшыраған.
Көп жағдайларда үлкен өзгерістерге аз әсерлі ауыл шарушылығы аумақтары ұшырайды. Бұл шаруашылық қарқынды өсіп келе жатқан халық үшін жалғыз өмір сүру көзі болып табылады. Тек осы мемлекеттердің экономикалық дамуы қоршаған ортаға антропогендік ауырлықтардың түсуін бәсеңдетіп, табиғи территорияларды сақтауға көмектеседі. Бұл территориялар планетаның экологиялық тепе-теңдігін және әлемдік мұра болып саналатын дәстүрлі мәдениеттерді қолдау үшін өте маңызды болып табылады.
Экологиялық даму адамдық және әлеуметтік капиталдың өсуінсіз мүмкін емес. Бұлардың өсуі – дамушы елдердің экологиялық тәуелділіктен құтылуы шарттарының бірі болып табылады.
Дамыған елдер табиғи ортаның өзгеруінің арқасындағы нәтижеде өзінің экономикалық күшінің дамуына, сонымен қоса адамдардың дамуның жоғарғы сатысына қол жеткізді. Бұл елдерде өзгеріске аз ұшыраған территориялардың тек аз ғана бөлігі сақталған. Табиғаттың өзгергіштігі, ең алдымен өмір деңгейінің сапасына әсер етеді, бірақ экономикалық дамудың артықшылықтарымен бұл мәселелер ұмытылып кетеді. Сондықтан ландшафттарды қайта қалпына келтіру және мүмкіндігінше осы бақылау маңыздылығы артады, ол ауылды жердің дамуына тікелей байланысты болып келеді.
Сонымен, дамушы елдер табиғи капитал артықшылықтарына ие, бірақ оның ауқатын арттыру мақсатында пайдалану әсері аз. Дамыған елдер болса, адамдық және әлеуметтік капиталдың үлкен бөлігіне ие, ал табиғи ортадағы жетіспеушілікті дамушы елдердегі белсенді экотуристік әрекетпен толықтырылады. Дамыған елдерде табиғи орта дамушы елдердегіге қарағанда тұрақсыз болып келеді. Ал әлеуметтік жағы керісінше тұрақты болады.
Орталық және Шығыс Европаның сонымен қатар ТМД елдері жататын өзгермелі экономикасы бар елдердің барлығы бір уақытта дамыған және дамушы елдерге тән мәселелерді бастан кешіреді. Осылайша өзгермелі экономикасы бар Европалық елдерде өзгеріске ұшыраған табиғи орта әлеуметтік сипаттағы мәселелер ұштасады. ТМД елдерінде, әсіресе Ресейде, Қазақстанда, антропогендік өзгерістерге аз ұшыраған табиғи территориялардың үлкен аудандары сақталған, ал әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақсыздығы табиғатқа тым көп ауыртпалықтар түсірумен анықталады. өкінішке орай бұл мемлекеттер басшылығы өздерінің негізгі күштерін әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа жету үшін табиғаттың тұрақтылығының есебінен бағытталған. Бұл жағынан ауыспалы экономикасы бар елдер дамушы елдерге ұқсас.
Дамудың тұрақтылығы жөніндегі айырмашылықтар тұрақтылыққа жету жолындағы экологиялық туризм ролінің географиялық спецификасын анықтайды.
Экотуризм саласындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы географиялық айырмашылықтар оны ұйымдастыруды және сипаттамасы арасында айырмашылықтар тудырады. Сұраныс көп жағдайда әлеуметтік-экономикалық факторларға тәуелді (халық табысының өсуі, бос уақыттың көбеюі, табиғатта демалудың қажеттілігі), олардың біраз бөлігі дамыған елдерде шоғырланған. Ұсыныс, әлеуметтік- экономикалық факторлармен және табиғи факторлармен де анықталады, және де дамыған елдрмен қатар дамушы елдерде де шоғырланған. Осылайша ішкі және халықаралық экотуризмді айыруға болады. Ішкі және халықаралық экотуристердің мақсаттары әр түрлі болады. Дамыған және дамушы елдердің экологиялық туризмді дамыту мақсаттары түрлі болады. Осының негізінде экотуризмді ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша мемлекеттердің төрт тобын айыруға болады. (1 сызба)
Сызба 1
Бірінші топқа барлық дамушы елдер немесе үшінші әлем елдері – Кения, Эквадор, Коста-Рика, Непал, Белиз және т.б. жатады. Дамушы елдерде табиғаттың түрлілігі және ауқымы жағынан салмақты артықшылықтарға ие. Олар тропикалық орандардан шалғынды саванналарға дейін созылып жатыр. Бұған қоса бұл мемлекеттер таза түріндегі бірегей флораның және фаунаның түрлілігін ұсынады.
Экологиялық туризмде парасатты менеджмент болса, қоршаған ортаның өмірге лайықты альтернативалық қолданылуын қамтамассыз ете алады. Үшінші әлем елдері үшін экотуризмді дамыту, классикалық түкпірден шығарудың оңай жолы екендігі таң қаларлық жағдай емес. Сонымен қатар жергілікті жабайы табиғаттың есебінен валюта табудың үлкен перспективасы ашылады. Осының салдарынан туристерге көрсету үшін осы табиғатты сақтаудағы жергілікті басқару орындарының және халықтың үлкен қызығушылығы пайда болды.
Осылайша каптиал жетіспеушілігі бар үшінші әлем елдерінің көпшілігі үшін экотуризмді дамыту ең ыңғайлы перспектива болып табылады. Туристердің көп бөлігі бұл елдерге шетелден келушілер. Олардың негізгі мақсаттары – территорияның экзотикалық табиғатымен, жергілікті халықтың мәдениетімен және салт-дәстүрімен танысу болып келеді.
Көп жағдайда бұл елде экотуризм тек туризмнің саласы болып қана қоймай экономиканың маңызды саласы болып табылады. Экотуризмді дамыту бұл елдер үшін біріншіден – экономикалық даму құралы және тек екіншіден – табиғатты қорғау болып саналады. Мұнда қызыметтерді ұсынудың үлкен бөлігі шетел капиталдарында шоғырланған. Сол себептен түскен қаржыныңкөп бөлігі сыртқа кетеді. Қалған бөлігі мемлекет бюджетіне және де азғантай бөлігі табиғатты қорғауға жұмсалады. Бірақ
экотуризм табиғатты қорғаудағы жалғыз қорғаушы күш бола отырып бағаланбас рөл атқарады.
Екінші топқа шетелдік экотуристерді қызықтыратын экзотикалық табиғаты мен жергілікті тұрғындар мәдениеті бар дамыған елдер кіреді. Бұл топқа Австралия, Жаңа Зеландия, ОАР жатады. Мұнда алда айтылған елдерден айырмашылығы қызмет көрсетудің едәуір бөлігі жергілікті компаниялар иелігінде, ал экологиялық туризм экономикалық даму және табиғатты қорғау құралы ретінде қарастырылады.
Үшінші топтың елдері үшін ішкі және халықаралық экотуризмді ұштастыру тән. АҚШ-та сұраныстың көлеміне байланысты ішкі экотуризм ауқымды дамуда, ал Канадада, Скандинавияда және Жерорта теңізі аймақтарында – халықаралық экотуризмнің дамуы басымырақ болып келеді. Бұл топ мемлекеттерінде шетелдік және ішкі экотуристерді өзіне тартатын бірегей табиғи объектілер орналасқан. Ішкі экотуризмнің дамуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табиғатта және белсенді рекреацияда демалуға сұраныстың артуы болып саналады. Мемлекеттердің бұл топтары үшін экотуризм салаларының көптүрлілігі тән – жабайы территорияларға саяхаттаудан ауылды жерлерде және тарихи мәдени территорияларда демалуға дейін. Экотуризм осы уақытқа дейін сақталған табиғи территорияларды қорғаудың және ауылды жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының бірқалыптылығын қамтамасыз ету құралы болып саналады.
Төртінші топтың мемлекеттерінде қызмет көрсетудің басым бөлігі жергілікті ұйымдардың қолында. Экотуризмді ұйымдастырудан кейбір функциялар мемлекетке жүктелген. Оларды жергілікті басқармалар және қоғамдық ұйымдар орындайды. Бұл топқа Европаның қалған дамыған мемлекеттері – Ұлыбритания, Германия, Франция, Испания және т.б. кіреді. Бұл мемлекеттерде үлкен сұранысқа ие ішкі туризм дамуда. Осы елдерде экологиялық туризм табиғи ортаны және аудандарды экономикалық маңыздылығының қайта қалпына келуіне әсер етеді. Әсіресе, әлсіз ауылшаруашылық және ескі өндірістік аудандарға.
Экономикасы өзгермелі кезеңдегі елдерді қазіргі заманда аталған топтардың біреуіне жатқызу қиын. Ол экотуризмнің әлемдік нарығына жатпайтындығына және өтпелі жағдайына байланысты болған. Бұлардың арасына экологиялық туризмнің дамытуының барынша болашағы барлары – Ресей және Қазақстан. Егер алға қойылған өзгерістерді және өмір сүру деңгейінің жоғарылату мақсаттары орындалса, Ресей және Қазақстан үшінші топқа, Орталық және Шығыс Европа елдерін – төртінші топқа жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |