Табиғи жəне мəдени мұраны
сақтауға белсенді үлес қосу
|
1. Экотуризмді дамыту бойынша бағытты, міндеттерді жəне іс-əрекеттерді тұрақты даму, ЕҚТА-ды дамыту, ЕҚТА басқару жоспарлары жөніндегі стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарына еңгізу. Оларда экотуризм бойынша пилотты жобаларды, оның ішінде ЕҚТА арқылы, іске асыру шығындары ескеріледі;
2. Табиғи туризм орындарының экологиялық жəне əлеуметтік жағдайын анықтау үшін базалық желілерді бекіту, əсіресе, бұл сирек кездесетін жəне жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар үшін маңызды;
3. Табиғи учаскелердің осалдығын жəне энергия мен ресурстарды үнемдеу мүмкіндіктерін ескере отырып туристік құрылыстарды жобалау;
4. ЕҚТА-ға туристерден кіру үшін алынатын ақыны (немесе оның бөлігін) табиғатты сақтау мақсаттарына өз бетімен пайдалануға мүмкіндік беру;
5. Экотуризм бойынша қалдықтармен экологиялық негізделген түрде айналысу, энергияны үнемдеу жəне балама энергия көздерін қолдану схемаларын дамыту;
6. Туристерді орналасу орындарына тасымалдауын экологиялық тазарақ қылуға арналған ұстанымдарды туристік инфрақұрылым нысандарын жоспарлауына жəне жобалауына еңгізу, халық пен туроператорларды оларды қолдануға ынталандыру;
7. Туроператорлардың қызметін реттеу үшін ерікті экосертификаттау схемаларын əзірлеу жəне қолдану;
8. Экотуристік іс-əрекеттің қоршаған ортаға жəне əлеуметтік жағдайға тигізетін нақты əсерінің зерттеуін бақылау, соның ішінде бекітілген базалық желілерді қолданатын сауалнамаларды өткізу арқылы.
|