Зертханалық қондырғыны даярлау
3 экранда интерференциялық картинаны алу үшін келесідей операциялар жүргізілуі қажет:
1. Лазерді қосамыз. Ол үшін серіппелі элемент арқылы лазердің қосу кнопкасын басамыз.
2. 1 лазердің ұстатқышындағы 5 юстирлеуші винттің көмегімен лазер сәулесін линзаның центріне бағдарлаймыз. Екі шоқ линзаның алдыңғы және артқы екі бетінен шағылдырудан пайда болады.
3. 4 және 5 юстирлеуші винттердің көмегімен екі шоқтың 3 экранда қосылуын қамтамасыз етеміз. Қосылудың эффективтілігі интерференциялық картинаның тууының белгісі ретінде көрінеді.
4. Ұстағыштардағы 4 және 5 юстирлеуші винттер арқылы сәулеленуді 3 экрандағы координаталық торға бағдарлаймыз.
Зертханалық эксперименттің әдістемесі
1. Ұстағыштағы 4 юстирлеуші винттің көмегімен интерференциялық картинаны координата бойында симметриялы түрде орналасуын қамтамасыз етеміз.
2. Өлшеуіш сызғыштың көмегімен 2 линзадан 3 экранға дейінгі L қашықтықты өлшеп аламыз.
3. Координата шкаласының көмегімен жарық сақинаның интерференциялық картинаның центрінен оң және сол жағындағы координаталарын жазып аламыз да, 1-кестеге толтырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |