2.2 Қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау, қорытындылау Эксперименттің екінші кезеңі – қалыптастырушы кезең. Қалыптастырушы эксперименттің мақсаты: Жаңартылған білім мазмұны аясында бастауыш сыныптың әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың кең ауқымды дағдыларын дамытуға бағытталған ШИРАТУ жаттығуларын қолданып, қысқа мерзімді жоспар құру және мектеп тәжірибесінде қолдану.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша әдебиеттік оқу пәніненұйымдастырылған сабақтароқушылардың кең ауқымды дағдыларын дамытуға бағытталды.
Осыған орай, ең алдымен 2-сыныптың оқыту бағдарламасына сай орта мерзімді жоспар бойынша оқу мақсаттарын жүзеге асыруда қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құрдық.
Қалыптастырушы эксперимент кезінде әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың кең ауқымды дағдыларын дамытуға бағытталған ШИРАТУ жаттығулары төмендегідей әдістемелерде қолданылды.
1-әдістемемақсаты:ШИРАТУжаттығулары арқылы оқушылардың әдебиеттік оқу пәнінен кең ауқымды дағдыларын дамыту.
Ширату жаттығуының тапсырмалары:
Жұптар бір-біріне арқа түйістіріп отырады. Олар артына қарамаулары керек.
1-тыңдаушыға сурет немесе зат көрсетіледі. 2-тыңдаушыға қағаз бен қалам/қарындаш беріледі.
1-тыңдаушы суретті немесе затты сипаттайды, ал 2-тыңдаушы көлемі, мөлшерін және т.б. мүмкіндігінше егжей-тегжейлі ескере отырып, оның суретін салады.
2-тыңдаушы қажетіне қарай қанша сұрақ қойғысы келсе, сонша қояды.
Белгіленген уақыт өткен соң, 1-тыңдаушы 2-тыңдаушы салған суретті өзіндегі суретпен немесе затпен салыстырады.
Содан соң тыңдаушылар рөлдерін ауыстырады.
Ұсынылған әдістеме нәтижелері «жоғары», «орташа», «төмен» деңгейлері бойынша бағаланды.
Жоғары деңгей –әдебиеттік оқу пәнінен берілген тапсырмаларды мұқият қарап, жауапкершілікпен орындайды, көрсетілген заттымүмкіндігінше егжей-тегжейлі ескере отырып нақты сипаттай алады, суретін сала алады және салған суретті өзіндегі суретпен немесе затпен салыстыра алады.
Орташа деңгей - әдебиеттік оқу пәнінен берілген тапсырмаларды орташа деңгейде орындайды, көрсетілген заттынақты сипаттай алмайды, суретін сала алады, бірақ салған суретті өзіндегі суретпен немесе затпен салыстыруда қиналады.
Төмен деңгей - әдебиеттік оқу пәнінен берілген тапсырмаларды орындау деңгейі өте төмен,көрсетілген заттысипаттай алмайды,тапсырмаларды қиындықпен, мұғалімнің көмегімен орындайды, салған суретті өзіндегі суретпен немесе затпен салыстыра алмайды.
1-әдістеме бойынша оқушылардың оқушылардың әдебиеттік оқу пәнінен кең ауқымды дағдыларын дамыту деңгейлерінің сандық-сапалық көрсеткіші төмендегідей болды.
6 - кесте. Қалыптастырушы эксперимент кезіндегі 1-әдістеме нәтижелері
1-әдістеме нәтижелері бойынша эксперимент сыныбының 30%-ы жоғарыдеңгейді, ал 45%-ы орташа деңгейді көрсетсе, ал бақылау сыныбының білім деңгейлері сол күйінде өзгеріссіз қалғанын көрсетті.