І тарау. Инерция проблемасы.
§1. Инерция проблемасы.
Инерция проблемасы Ньютон заңдарымен тағайындалған болғандықтан Ньютонның 2-ші заңын келтіретін Ньютонның 1-ші заңы бойынша денеге күштер әсерлеспейтін болса, дене өзінің тыныштық күйін немесе қозғалыс пен тұрақты күйін сақтайды. Ньютонның 2-ші заңы бойынша дененің үдеуі оған әсер еткен күшке пропорционал. Ал 3-ші заң бойынша әсер және қарсы әсер күштері тең және қарама-қарсы бағытталған. Осы заңдармен байланысты пайда болатын сұрақ мынадай: қандай жалпы денеге осы заңдарды қолданбай күштердің әсер етіп тұрғанын анықтауға болады? Бұл сұрақтың шығу себебі: Ньютонның 1-ші заңы орындалмауы мүмкін. Шынында да дененің жылдамдығын өлшеу үшін бізге қозғалмайтын санақ денесін таңдап алу керек. Сонымен қатар, бір-біріне қатысты үдемелі қозғалатын денелерге қатысты жылдамдықпен өлшеуге ешқандай қарсылық жоқ.
Сондықтан, денеге ешқандай күш әсер етпегеннің өзінде барлық жағдайда дене тұрақты жылдамдықпен қозғалады деп айтуға болады. Сондықтан Ньютонның I және II - заңдарын мынадай ұйғарыммен толықтыру керек болады. Ньютон заңдары орындалатын санақ денесі болу керек. Егер осындай бір дене болса, онда оған қатысты бірқалыпты түзусызықты қозғалыстағы дененің бәрі Ньютон заңдарын қанағаттандырады., Тек үдемелі қозғалатын денелер ғана бұл заңға қайшы келеді. Осындай Ньютон заңдарына қайшы келетін санақ жүйесі инерциал санақ жүйесі деп айтуға болады. Динамика заңдары барлық инерциалдық санақ жүйелерде бірдей болады. Бұдан әр түрлі бақылаушылар бірдей құбылыстар тобын бірдей заңдармен өрнектей алады. Бір бақылаушыдан екінші бақылаушыға көшу физикалық заңдарды өзгертпейді. Бұл тұжырым салыстырмалық шарты деп аталады. Бұдан салыстырмалық принципі біріншіден, құбылыстарды және бақылаушыларды қарастырады. Сондықтан, салыстырмалық принципін екі бағытта құбылыстарды жалпылау немесе бақылаушыларды жалпылау бағытында болады. Салыстырмалдық принципінде құбылыстарды жалпылауды 1905 жылы Эйнштейн келтіреді. Эйнштейннің арнаулы салыстырмалық теориясында барлық құбылыстар барлық инерциал санақ жүйелерінде бірдей заңдарға бағынатындығы көрсетілген. Салыстырмалық принципін барлық бақылаушылар үшін жалпылауды Эйнштейн тағайындаған. Оның теориясын жалпы салыстырмалық теориясы деп аталады. Салыстырмалық шартының мағынасын түсіну үшін үдеуін физикалық жүйелерді басқаратын заңдарды мен жүйелерінің күйлерін анықтайтын параметрлерінің арасындағы айырмашылықты анықтау керек. Екі бір-біріне қатысты қозғалатын инерциал жүйелер жылдамдықтары әр түрлі мән алады. Бірақ ол бақылаушылар жүйелерінің параметрлері арасындағы қатынас өзгермейтінін байқайды. Бұл қатыстар физикалық заңдарды өрнектейді. Егер физикалық заң белгілі - бір бақылаушылар үшін салыстырмалық принципін қанағаттандырса, онда жылдамдықты анықтауға болады. Айталық, біз жабық жәшіктің ішінде болалық. Жәшік Жердің бетімен бірқалыпты қозғлатындықтан, онда қандай болмасын жәшіктің ішінде жүргізілетін физикалық эксперимент арқылы жәшіктің Жерге қатысты қозғалысын анықтай алмаймыз. Осыдан мынадай қорытындыға келеміз. Физикалық заңдар арқылы жылдамдықты анықтауға болады. Айталық, қозғалыстағы жәшікте Жердің магнит өрісінің компоненттері мен электр өрісінің компоненттері пайда болады. Осы электр өрісінің компоненттері бойынша жәшіктің жылдамдығын анықтауға болады. Олай болса, міндетті түрде нені заң, нені параметр екенін анықтап алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |