1.4. Абсолют кеңістік.
Нютон теориясында бұл жағдай, яғни механикалық құбылыстарды өрнектеу үшін барлық санақ жүйелерінің бірдей еместігі қынжылтқан болатын. Нақты жағдайда қарастырсақ, айталық әр түрлі көп сфералар бір-біріне қатысты ортақ оспен айналсын, бастапқы қарағанда әр сферада бақылаушы үшін барлық сфералар бір-бірімен тең құқықты деуге болады. Басқа да сфералар әр түрлі бұрыштық жылдамдықпен айналып тұрады деп санайды. Бірақ сфераның барлығы бір-бірімен сығылған және полюстерде созылған. Бұл сфера өзінің формасын сақтауы мүмкін. Басқа сфралардың ішінен бұл сфераны не бөліп тұрады және неге өзгеше деген сұрақ туады. Басқаша айтқанда табиғат қандай денелері бойынша бөлінеді. Осы сұраққа жауап беру үшін Ньютон кеңістігінің өзіндік бір физикалық қасиеті болады деп санайды. Сондықтан кеңістікке қатысты үдеудің белгілі-бір физикалық мағынасы жоқ. Осы көзқарас тұрғысынан инерциал санақ жүйесі үдеусіз қозғалады. Ал, формасы өзгермей қалған сфера бұл - абсолют сфера болып табылады.
Нютон өзінің 1688 жылы «Бастама» деген кітабыннда салыстырмалық және абсолт қозғалыстың шешілмейтін қозғалысын көрсетеді. Абсолют және салыстырмалы қозғалыстың айырмашылығының пайда болуы таза салыстырмалы айналмалы қозғалыста бұл күштер нолге тең. Мысалы; егер ұзын жіпке ыдыс іліп, оны айналдырсақ, бастапқыда ыдысты суменен тыныштыққы келтіреміз. Содан кейін кенет күштің әсерінен айналдырамыз. Жіп айналып, өзі тоқтағанша жіпті еркін жіберсек, ыдыс кері айналады. Ыдыстағы судың беті бастапқыджа жазық болады. Кейіннен ыдыс өзімен бірге ішіндегі суды да айналысқа келтіреді. Айналу жылдамдығы артқан сайын ыдыстың беті өзгеріп, ортасы ойық, ал шет жағы көтеріле бастайды. Судың шетке қарай көтерілуі, оның бөлшектің айналу осінен қашықтауға тырысатынын көрсетеді. Осы бойынша судың шын және айналмалы қозғалысы байқалады.
Бастапқыда судың салыстырмалы қозғалысы аз болғанда, оның бөлшектері алшақтауға тырыспайды. Сондықтан судың бет жазық болып қалады. Онда айналмалы қозғалыс басталған жоқ. Қорытындысында Ньютон былай деген тұжырымға келеді. Бөлшектің алшақтауға тырысуынан судың айналадағы денеге қатысты қозғалысын анықтау мүмкін емес. Абсолют айналыс бақыланатын салыстырмалы айналысқа қатысы жоқ, дегенмен дененің абсолют айналысының өлшемін эксперименттік түрде анықтауға болады. Солай болғанның өзінде дененің абсолют шамасын анықтауға болады. Ол үшін су бетінің жазық қисықтығын өлшеу керек. Басқаша айтқанда, центрге тартқыш күштер әсер ететінін тағайындау керек. Сонымен Ньютон көзқаррасы бойынша абсолют кеңістік болу қажет. Абсолют кеңістікті толықтырып тұратын ерекше зат түрі бар. Егер осындай зат болса, онда абсолют жылдамдық және абсолют үдеу жөнінде айтудың мағынасы болар еді. Инерциалды бақылаушылар теңдігі болар еді. Абсолют кеңістіктегі бірқалыпты қозғалыс бақыланатын эффектілер бермейді. Абсолют кеңістікті енгізу инерциал санақ жүйесінің ерекшелігін тағайындауға мүмкіндік бермейді. Физикалық негізделген теорияны тұрғызу үшін екі бағытта дамыту керек. Егер кеңістікті инерциал күштердің көздері деп санайтын болсақ, онда оған белгілі-бір физикалық қасиеттер беру керек.Ол жағдайда абсолют болмайды. Сондықтан өзгеріп отыратын қасиет беру қажет. Себебі: дененің салдарынан бұл көзқарас физикалық әсерлесудің өріс теориясында талқыланады. Бұл теория бойынша екі электр заряды өріс арқылы әсерлеседі. Зарядқа әсер етуші электр күштері тек қана сол зарядтың қасындағы электр өрісімен анықталады. Екіншіден, бұл өріс өзінен кішкене алшақ нүктедегі өріске тәуелді. Осыған ұқсас инерция күштері де дененің тікелей жанындағы кеңістіктің физикалық қасиетіне байланысты болу керек. Осы көзқарасты Эйнштейн ұстады. Бірақ, ол тарихи сабақтастықты бұзбас үшін және айқындау үшін басқа қарама-қарсы көзқарас тұрғысынан бастайды. Мұндай жуықтауда ол дененің тікелей әсерлесуіне көңіл аударады . Электр зарядтарының әсерлесуінің типтік үлгісі ретінде Кулон заңы орындалады. Ал инерция күш жағдайында олардың әсерлесуі кеңістікпен емес басқа денемен әсерлесуге байланысты деуге мәжбүрміз. Олай болса, инерция күші фиктив күш емес, басқа физикалық күш болу керек. Ньютон заңдары барлық санақ жүйесінде орындалуы керек. Сонда инерциалды санақ жүйесі жөнінде сұрақ қалып қояды. Бұл жағдайда инерциал емес санақ жүйесінде инерциал күштері нолге тең болатын санақ жүйелері қажет. Егер кеңістікті инерция күштерінің көзі деп санайтын болсақ, онда кеңістікке біз физикалық қасиет беруіміз қажет және ол қасиет абсолют өзгермейтін болуы тиіс. Яғни ол дененің кері әсерінен өзгермейтін болуы керек. Мұндай көзқарас бойынша екі зарядтың әсерлесуі өріс арқылы беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |