Кіші «Балапан» тобындағы балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру циклораммасы Айы: Ақпан Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған әлем»


Сенсорика Тақырыбы: Құлыншаққа арналған жол Мақсаты



бет2/10
Дата29.04.2022
өлшемі55,22 Kb.
#141424
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Балапан тобы 1-апта ақпан айы

1.Сенсорика Тақырыбы: Құлыншаққа арналған жол Мақсаты: Балаларға 4 мүмкіндіктің ішінен 2 берілген түс бойынша (қызыл, көк) затты таңдауға үйрету;
Ойындық жағдаят.
Балаларға қонаққа құлыншақ келді. Ол балаларға өзімен бірге түрлі түсті жолақшаларды сыйлыққа ала келіпті.
Балалар құлыншақпен амандасып, әкелген сыйлықтары үшін алғыстарын айтады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік

Педагог қызыл және көк телпектері бар 2 қуыршақты әкеледі (көйлектері, шаш буғыштары және т.б. бар).
-Кәне, балалар, қызыл телпегі бар қуыршаққа арналған жолақшаны таңдап көрейікші.

Ал екінші қуыршағымызға да дәл басындағы телпегінің түсі сияқты – көк түсті таңдайық.


Педагог балалрдың әрекетін «дәл осындай түстен» сөзімен түсіндіреду.


Балалар алдымен қызыл түсті бір жолақшаны таңдап алып (дәл сондай), үстіне қою арқылы немесе қарап отырып басқа да түсті жолақшалармен салыстырып, оны қызыл телпекті қуыршақтың қасына қояды. Екінші қуыршақпен де дәл осындай жұмыс жүргізеді. «Жол сал» дидактикалық ойыны.
Педагог балаларға құлыншаққа арнап түрлі түсті жолақшалардан (қызыл және көк) жол салуларын ұсынады. Педагог балаларды жұмысын мадақтап, құлыншақпен қоштасады.
Балалар алдарына жолақшаларды қызыл – көк, қызыл – көк ретпен орналастырады. Құлыншақпен қоштасады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет