«Кіші мектеп жасындағы оқушылардың даму психологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет33/86
Дата21.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#63615
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   86

Дәрістің мазмұны


1. Жас ерекшелік психологиясының шығуы және дамуы туралы қысқаша мәлімет.

2.Балалар психологиясындағы эволюциялық идеялар.XIXғ. дамуы.



Мақсаты:Жас ерекшелік психологиясының даму тарихы жөнінде білім беру.

1. Жас ерекшелік психологиясының шығуы және дамуы туралы қысқаша мәлімет. ХІХ ғасырдың ортасына дейін бала психологиясы жалпы психологиядан бөлінбей, сол пәнмен қатар дамыды.Кейіннен барып жалпы психологиядан бөлініп, оның бір ғылым саласына айналды.Оның ғылым болып қалыптасуына әсер еткен басты себептер мыналар:

1.Биологиядағы «даму» туралы идеялар мен жазбалардың пайда болуы.

2.Туылған күннен бастап, күнделіктер жазып, оған талдау беру.

3.Балалар психологиясын зерттеуде эксперимент тәсілдерінің кеңінен қолданылуы.

Ч.Дарвин өз заманында жануарлардың мінез-құлқын зерттеумен айналысып қана қоймай, өзіне қажет деген материалдармен қатар, жануарлардың баласы мен адам баласының арасында ұқсастық барма деген мәселені көтерген.Осыған орай Ч.Дарвин өз баласына күнделік жазды.ХХ ғасырдың бас кезінде психологтар арасында балаларға күнделік жазу өріс ала бастады.Сол кезеңде неміс психологі В.Штерн әйелімен бірлесіп өз баласына ұзақ уақыт күнделік толтырып, сол күнделік кейіннен дүние жүзі тілдеріне аударылды. Осы ғасырдың бас кезінде АҚШ психологтары Келлогтар баласымен қатар шимпанзе баласын асырап, бірге үйретті.4 жыл қатарынан күнделік толтырып, кейінен осыған негіздеп «Адам және шипанзе балалары» атты кітап жазды.Бұл жүргізілген зерттеулердің мақсаты – маймылды адам айналуына болатынын не болмайтынын анықтау болды және бала психикасынан жануар психикасынан өзгеше келетіндігін анықтау еді.Күнделіктер арқылы табылған фактілерден бала психологиясы туралы мәліметтер дамып, соның нәтижесінде бала психологиясының өз алдына отау тігіп қалыптасуына ықпал етті.

Күнделік жүргізумен қатар ХІХ ғасырдың аяқ кезінде және ХХ ғасырдың бас кезінде бала психологиясые зерттеуде эксперимент әдісі кеңінен қолданылып,осы саланың жалпы психологиядан бөлінуіне әсер етті.Бала психикасын эксперименттік әдіс қолданып зерттеуде еңбек кеткен ғалым- психологтар – А.Бине, В.Штерн,К.Кофкка, Ж.Пиаже болды. Бұлар экспериментті әртүрлі жастағы балаларға қолданды.Ж.Пиаже 1916 жылдан бастап балалардың ой-өрісін зерттеуді бастады. Қазіргі кезде оның зерттеулерін дүние жүзінің ғалымдары басшылыққа алады.Ж.Пиаже Женева қаласында балалардың ой-өрісін зерттеуді жалғастырып, эпистемология ілімінің негізін қалады.

2.Балалар психологиясындағы эволюциялық идеялар.XIXғ. дамуы.

Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы психологияға үлкен әсерін тигізді.Эволциялық теория психология ғылымында екі жаңа постулаттың пайда болуына әкеліп соқтырды.Біріншісі, адаптация- басты детерминент, психикалық дамуды анықтауда, екіншісі, психикалық генезис, яғни бұл психикалық процестердің дайын түрде пайда болмайтындығын, олар өзінің дамуында арнайы заңдылықтардан өтетіндігін түсіндіреді.Сонымен бірге дарвинизм ілімімен байланысты психологияда жаңа зерттеу әдісі – генетикалық әдіс пайда болды.

Психологиядағы эволюциялық бағыт А.Бэн мен Г.Спенсердің концепциясын дамытты. А.Бэн мен Г.Спенсер теориясы бойынша психика- эволюциялық кезеңдер мен оның функциясымен байланысты деді..Бұл теория әсіресе Г.Спенсердің көзқарасы бойынша жас ерекшелік психологиясының қалыптасуына және кеңінен таралуына үлкен ықпал етті.

ХІХ ғасырдың аяқ кезінде және ХХ ғасырдың бас кезінде жас ерекшелік психологиясы педология ғылымымен тығыз байланыста дамыды.Педология – балалар туралы ғылым, негізін қалаған американ психологы Г.С.Холл.

Г.С.Холл 1983 жылы Балтимор университетінде алғаш рет эксперименттік лаборатория ұйымдастырды, бұнда балалар псиологиясы, әсіресе жасөспірімдер психологиясын зерттеуді бастады,Сонымен бірге Г.С.Холл психологиялық даму туралы алғаш рет журнал шығарды.Г.С.Холл өз лабораториясында жас өсірімдер мен жеткіншектердің әр түрлі психикалық қасиеттерін зерттей бастады.

Г.С.Холл балалар психикасын зерттей отырып, мынадай қорытындыға келді.Бала психикасының негізі Э.Геккель салған биогенетикалық заңда жатыр деді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет