«Кіші мектеп жасындағы оқушылардың даму психологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет29/86
Дата21.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#63615
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86

Дәрістің мазмұны


1.Жүйелі бақылау және сауалнама әдісі.

2.Эксперименттік әдіс.



Мақсаты: Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістері туралы түсінік беру.

1.19ғ. Аяғы мен 20 ғ. Ортасына дейін жеке тұлға, жанұя, қоғам туралы жинақталған шырмаулы ақпаратты жинақтауға негізделген , жекелік жағдайларды талдау кеңінен қолданды. Осы зерттеу әдістерін жинақтай отырып, қажетті ақпарат көзін алуға болады. Бұл әдістің мақсаты-индивид туралы, бала мен ата-ананың қарым-қатынасы туралы, науқас пен дәрігердің қатынасы туралы, белгілі бір сыныптағы климат туралы толық ақпарат алуға бағытталған.

Жеке жағдайларды талдауға жататындар «бала күнделігін» қарау болып табылады. Мысал ретінде Чрльз Дарвиннің өз баласының дамуын күнделікке енгізгенін келтіруге болады. Веналық дәрігер Зигмунд Фрейд жеке жағдайларды талдау әдісін кеңінен пайдаланып, оны психоанализ теориясын жасауда қолданған. Бірақ бұл әдіс арқылы күрделі жағдайларды талдауда қиыншылыққа кездеседі. Сонымен қатар мұнда себепті-іздік байланыстардың құрылымын көрсету қиын болып табылады. Соған қарамастан, жағдайларды талдау антропологтардың, педагогтардың жұмысы кезінде қолданылады.



Жүйелі бақылау.

Бақылаудың екі түрі бар. Табиғи немесе далалық бақылау зерттеу кезінде, зерттеуші адамдардың өмір әрекетіне араласпай, күнделікті ортаға ене отырып, адамдардың мінез-құлқы, тіршілік әрекетіне бақылау жүргізіп, тіркеп отырады. Лабораториялық бақылау барысында зерттеуші мақсатты мінез-құлықты оятуға бағытталған бақыланатын жағдайлыр жасап отырады. Бұл әдіс кезінде,жоғары бақылау жүргізе отырып, зерттелінетін мінез-құлықты белсендіретін алуан түрлі техниканы пайдаланады. Лабораториялық зерттеудің мысалы болатын, Мэри Айнсворт пен Беллдің жасаған «таныс емес жағдай» әдістемесін келтіруге болады. Дамуды зерттеуді интерпретациялау барысында, олардың қандай жағдайда жүргізілгенін есепке алып отыру керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет