Дәрістің мазмұны
1.Гендер, хромосомалар, жасушаның бөлінуі
2.Генетикалық және хромосомалық бұзылыстар
Мақсаты: Тұқымқуалаушылық және ортатының тұлға дамуына әсері жөнінде білім беру.
1.Гендер, хромосомалар, жасушаның бөлінуі. Адам ағзасында 200 түрлі жасуша бар. Жасуша мембранасы цитоплазмадан , митохондриядан тұрады . Жасуша митохондриясы жасуша энергиясының көзі болып табылады . Сонымен қатар жасушада оның өмір сүруіне қажетті ақуыздар болады. Жасуша ортасында ядро орналасқан. Ядрода ДНК болады . ДНК құрамына РНК кіреді . Адамда 23 жұп хромосом болады . 23-жұбы жыныстық хромосом болады . Әйел жасушасы ХХ , ер адам хромосомасы ХҮ болады . Егер жасуша бөлінуге әзір болса , екі ұзын тізбек құрады . Қалыпты жағдайда митоз процесі жүріп, әрбір жасуша өзінің көшірмесін жасайды . Екі жасуша пайда болған соң мейоз процесі пайда болады . Бөлінген жасушалардың барлығы өміршен бола алмайды . Аз ғана бөлігі тірі қалады . Хромосома арқылы аталық және аналық гендер беріледі . Ол доминантты және рецессивті болуы мүмкін . 23-ші хромосом жұбы тұқым қуалаушылық белгілерді беруге қызмет етеді .Митоз нәтижесінде екі ұқсас жасуша пайда болады . Ер адамдарда мейоз нәтижесінен төрт спермотозоид жасушасы пайда болады және олар генетикалық жағынан бір-бірінен өзгеше болады . Ал әйелдерде бір үлкен жасуша болады .
Адамның кейбір ерекшеліктері ана құрсағында жатқанда пайда болады . Оны тұқым қуалаушылық деп атайды . Яғни ата-анасынан балаға белгілі бір сапалары мен ерекшеліктерінің берілуі . Оның гендер тасымалдайды.
Ағзаға ата-аналарынан берілетін гендер жиынтығынан генотип құрылады . Генотип дегеніміз жүйке қызметінің тумысынан берілетін типі . Қазіргі ғылым организмнің барлық қасиеттері гендік кодта сақталатындығын дәлелдеді . Генетика ғылымы адам дамуының тұқым қуалаушылық бағдарламасын тапты . Ол тұрақты және өзгермелі болып екіге бөлінеді
Достарыңызбен бөлісу: |