«Кіші мектеп жасындағы оқушылардың даму психологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет34/86
Дата21.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#63615
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   86
4 апта

4 дәріс



Тақырып: Шетел психологиялық тұжырымдамаларындағы психикалық даму мәселелері

Дәрістің мазмұны


1.Даму психологиясындағы Ч.Дарвиннің эволюциялық идеялары.

2.Геккель заңындағы рекапитуляция теориясы.


3.Жас ерекшеклік психологиясындағы психодинамикалық бағыт


Мақсаты: Шетел психологиялық тұжырымдамаларындағы психикалық даму мәселелері жөнінде түсінік беру.

1.Даму психологиясындағы Ч.Дарвиннің эволюциялық идеялары. Эволюциялық идеялардың негізгі өкілі –Ч.Дарвин. Ғылыми ойлаудағы дарвинизм жасаған төнкеріс ағза мен орта арасындағы детерменистік қатынастардың жаңа схемасын жасауға көмегін тигізді. Бұрынғы концепцияларда орта- ықпалдық маңызға ие болса, енді ол өмір тіршілігін өзгерте алатын күшке айналады. Ағзалар туралы түсініктер өзгерді: Бұрынғы биолгтар түрлер өзгенмейді, ал тірі дене психикалық құрылымға белгіленген деп санады. Алайда ағзаның ортамен өзара әрекеттегі филогенетикалық және онтогенетикалық дамудың өнімі екендігі анықталды және оған эволюция заңымен қамтылған ішкі органикалық ерекшеліктер тән. Психологияның дамуына тәжірибелік әдістермен қатар эволюция принципі және кеңінен –даму принципі де маңызды ықпалын тигізді.Ч.дарвиннің биология саласындағы өзінің ең маңызды еңбегі «Түрлердің табиғи сұрыптау жолымен шығуы» Осы еңбегі арқылы түрлердің өзгергіштігі фактісі мен эволюция заңы ашылды. Эволюция заңы бойынша өзгергіштік заңы мен тұқымқуалаушылық принципі негізінде органикалық заттардың тіршілік үшін күрес жағдайында табиғи сұрыптау жүреді, ол материалистік түсіндірудің мақсатқа сәйкестігін берді, яғни табиғатқа ағзалардың бейімделуін көрсетеді.

Эволюция теориясы психологияға терең ықпал етті. Ол даму идеясын бекітті, ал Дарвиннің ашқан эволюциялық заңдары органикалық дүниедегі психология алдына баланың психикалық дамуының қозғаушы күштерін және әсіресе, адамға қатысты күштерді ашу міндетін қойды. Ч.Дарвиннің ықпалымен жеке сала ретінде балалар психологиясы пайда болды. Ол «бір баланың биологиялық очеркі» атты кішкене мақаласында өз баласының туғаннан 10 айға дейінгі мінез-құлқын бақылауын сипаттап жазды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет