Кітап – рухани сарқылмас қазына



Дата20.06.2018
өлшемі76 Kb.
#43401


Жакупова Айгуль

Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы,

Шалқар ауылы, Шалқар негізгі мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі



Кітап рухани сарқылмас қазына

1 сынып, тәрбие сағаты



Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, оны таза, ұқыпты ұстауға үйрету, кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру.

Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, слайдтар.

Барысы

Бастаушы: Мен адамның досымын. Менің атым кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңірді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Содан соң оған авторлар жазады, суреттер салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп ауыл-ауылға, қала-қалаға таратады. Міне, мен енді сенің қасында тұрмын. Мені күтіп, жыртпай ұста. Мен сенімді досыңмын.

1-оқушы: Адамның досы кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған барша жиған мүлкі.

Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,

Асыл ғой қазынасы, өмір көркі.



2- оқушы: Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.



3- оқушы: Кітаптар бейне жапырақ-

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жаттап ап,

Көтеріп күйін өмірдің.



Мұғалім: Алғашқы кітаптың шығуы.

«Папирус » кітабы (слайд №1 )

Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады. Кітап «папирус» деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.



«Пергамент» кітабы (слайд №2)

Пергамент жазуға арналған, өнделген бұзау терісі. Кіші Азиядағы Пергама қаласының атымен аталған.



Көрініс

Дүниетану: Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?!

Ана тілі: Ой, мазамды алма, бүйткен тіршілігі құрысын! Мұнан да парақтарым дал-дұл болып, желмен ұшып, не өртеніп кеткенім жақсы еді!

Дүниетану: Не болып қалды? Жалғыз сенсің бе? Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Басыңды көтер, жөн сұрасайық. Сыртың бүтін гой.

Ана тілі: Сыртымды қайтесің? Ішім түтін гой. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп қызмет етті. Сорыма қарай Адырбай деген баланың қолына түстім. Бір жыл болмай осындай болдым. Жыртылмаған, сия тамбаған парағым жоқ.

Дүниетану: Бәріміз де мұндас болдық. Мен де Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Бірнеше күн өтпей-ақ көзімді бақырайтып, суретімді ақ қағазға түсіре бастады. Кейбір беттерімді жыртып алды.

Ана тілі: Әріптестерім қанша айтқанымен «Ана тілімін» ғой, менің айтқаныма құлақ салыңдар. Бұл жерде кішкентайлар ғана емес, жоғары сынып оқушылары да кінәлі деймін.

Қазақ тілі: Әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек. Ондай балалар көп. Олардың қолына түссең шаң жуытпайды. Сызбайды, сия тамызбайды.

Математика: Енді бізге не істер екен? Жинап алып отқа тастар!

Бәрі: Отқа тастар!

Дүниетану: Мүмкін бір кәдеге жаратар! Түптеу мүмкін!

Математика: Түптер, сені түптер! Ал түптеуге келмейтін бізді қайтер?!

Дүниетану: Пысықтығына қарағанда «Есеп» кітабы боларсың?

Математика: Дұрыс айтасың. Енді бізден оқулық шықпайды.

Қазақ тілі: Достарым, көп қайғырмаңдар. Мен білсем, бізді фабрикада тазартып, ақ қағаз жасап, баспаханаға жібереді. Баспаханада кітап жасап шығарады. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек болды.

Бәрі: Соны айтсаншы?!

1-оқушы: Міне, оқушылар, тегін берілген кітаптың қадірін білмей жүрген оқушылар аз емес, қапсыз ұсталғандықтан жыл аяғына іші жоқ, сырты түскен кітаптардың шегі болмай кетеді. Оқулық төңірегінде жұмыс істеген адамдардың еңбегін бағалап кітапты күтіп ұстау ережесін сақтауымыз керек.

Көрініс: «Науқас кітап»

Оқушы: Сәлеметсіз бе, дәрігер?!

Дәрігер: Сәлеметсіз бе !

Оқушы: Дәрігер, мен сізге кітабымды әкелдім. Ол қатты науқас.

Дәрігер: Жарайды, алдымен диагнозын анықтап алайық.

Оқушы: Мен үйде жоқта кішкентай балалар ұстап осындай күйге жеткізіпті.

Дәрігер: Мұнайма, кітабыңды емдеп жазамыз. Кітабыңа су тиген, беттері жыртылған. Мен мынадай кеңестер жазып беремін, үнемі есіңе сақтап жүр.

Оқушы: Жарайды, дәрігер, кеңестеріңізді үнемі есте сақтаймын.

Дәрігер: Жазылып кетіңіздер! Сау болыңыздар!

Оқушы: Сізге көп рахмет! Сау болыңыз!

Мұғалім: Балалар, дәрігер апайымыз айтқандай кітаптар да ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін мынадай ережелер бар екен.

  1. Кітаптың бетін шимайлама.

  2. Кітапты бүлдірмей, жыртпай таза ұстау керек.

  3. Кітаптың беттерін бүктеме.

  4. Кітаптың мұқабасын тыстап қой.

  5. Кітапханадан алған кітапты уақытымен қайтар.

  6. Кітап бетіне сурет салма.

1-оқушы: Балалар, кітап туралы жазған ғұлама ақын-жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер?

Артық ғылым кітапта,

Ерінбе оқып көруге. Абай

Жақсы кітап ақылды адамның әңгімесімен бірдей. Л.Толстой

Кітап - асып таспайтын асыл досымыз. В.Гюго

2-оқушы: « Кітабыңды құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.



Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке» деп ағаларымыз айтқандай кітапты көп оқуға, сүюге шақырамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет