тықжы, келепан, жампоз
деген сөздер
де – бұл күнде ұмыт бола бастаған бірліктер. Жеке халық болып
құрылғаннан кейін де, бұған дейін де қазақ халқын құраған ру-
тайпалардың өмірі ат үстінде кейде қорғанған, кейде шабуылдаған
ұрыс-соғыспен өтіп келгені белгілі. Шыңғыс хан заманынан бері
қарайғы қазақ қауымында (тілінде) түркі-монғолдық әскери лек-
сика тобы едәуір мол болған. Бұлардың ішінде
аға
– әскери титул-
дәреже атауы,
айыр
– әскер санының бірлігі (пәлен ру ұрысқа 500
айыр шығарды),
ту астында тұру
– «әскер қатарында болу» сияқты
жеке сөздер мен сөз тіркестері болған. Олардың да көбі – көне немесе
ескірген сөздер.
Сол сияқты хан ордасына қатысты
атабек/аталық
– «хан (бала-
ларының (ұлдарының) тәрбиешісі, регент»,
бауыршы/бақауыл/
228
бөкеуіл
– «хан сарайында ас-суды басқарушы»,
оғлан/ұғлан/ұлан
–
«ханның титулы жоқ ұрпақтарының баласы, ханзада» т.т. осындай
сөздер де бұл күнде лексикалық ескіліктердің қатарынан табылады.
Жалпы ұрыс-соғысқа қатысты
атқыш
– «мерген»,
бұлғақ
–
«қарсылық әрекет»,
үркіншілік
– «үркіп босу»,
жарлық
– «әскери
бұйрық»,
жесір
– «тұтқын»,
жұңғар/барұңғар
– «әскердің сол қанаты,
оң қанаты»,
нөкер
– «жасақшы, әскери қызметші»,
пәнда/пенде қылу
– «ұрыста қолға түсіру»,
тоқуш
/
тоқыс/тоғыс
– «ұрыс, шайқас»,
лек
– «жүз мың» сияқты сөздер де бұл күнде көнерген не ескірген
бірліктер деп танылады.
Тарихи-көркем шығармаларда кездесетін
қарауыл
,
тосқауыл,
жортуыл, шабуыл, айдауыл, шығауыл, ертауыл, жасауыл, шыңдауыл,
торуыл
деген сөздер – әскери лексика тобының бірліктері, бұлардың
да
қаруыл, шабуыл, тосқауыл
сияқты бірен-саранынан басқалары бұл
күнде ескіріп үлгірген. Бұлар әскери терминдер ретінде күні кеше
өткен Ұлы Отан соғысында қолданылған жоқ.
Бірауыз, қандауыз,
жалаңқат, берен, зере, кіреуке, себіл тон, құяқ, бектер, тізерлік,
бұтырлаң
сияқты ұрыс-соғыста киетін сауыт- сайман, киім-кешек
атаулары (военное обмундирование), садақ оғының аттары – бұл
күнде көне және ескірген бірліктер, өйткені жақтың ұрыс-соғыс
қаруы, тіпті аң аулау құралы ретінде XIX ғасырдың II жартысында-
ақ колданыстан шығып қалған болатын
3
. Әскери лексика қорының
қолданылғандығын тек батырлар жырларынан ғана емес, біздің за-
манымызда жазылған, жазылып жатқан көркем әдебиеттен де таба-
мыз. Бұлардағы
жұңғар, барұңғар
сияқты монғол сөздерімен қатар
оң жанақ, сол жанақ, маңдай сүбе
сияқты таза қазақша атаулардың
өзі ескірген әскери лексика тобына өтіп кеткені белгілі. Сол сияқты
мылтық түрлерінің атауларын, әскери киім-кешек (
жалаңқат, кіреуке
тон, зере
) түрлерінің аттарын,
даңғырашы, сайыскер, қылышкер,
садақшы
деген сарбаз атауларын, бұл күнде орысша
дозор, аван-
гард, арьергард
деген сияқты әскери топтар
шыңдауыл, ертауыл,
шығауыл, торуыл, тосқауыл
т.б деп түркі-монғолша аталғанын да
Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» атты тарихи романдары-
нан табамыз.
Сондай-ақ Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Софы Сыматаев-
тар сынды жазушылардың тарихи көркем шығармаларынан ондаған
(тіпті жүздеген де!) ескілік атауларды жинап алуға болады (олар біраз
жиналып, арнайы сөз де етілді) (қара: Рәбиға Сыздық. Сөз құдіреті.
- Алматы: Атамұра, 2005). Бұларда да жоғарыда аталған көне ескі
әскери құрылым, әскери қызмет иесі, қару-жарақ, киім-кешек атаула-
3
История Казахской ССР. - Т.3. - С. 218.
229
рынан басқа
Достарыңызбен бөлісу: |