232
өте ертедегі бабаларымыздың тілінен қалған
қом
(толқын) сөзі тек
су
сөзімен тіркесте ғана сақталыпты.
Батырлар жырында жиі кездесетін
толғамалы
деген сөз негізінен
толғамалы ақ найза, толғамалы ала балта, толғамалы ақ сүңгі,
толғамалы найза
деген тіркестерде кездеседі. Бұлардағы
толғамалы
сөзі – «оралған» дегенді білдіретін өте көне сөз, яғни найза, сүңгі,
ай балта (ала балта) сияқты ұрыс-соғыс құралдарын ұстағанда
(жұмсағанда)
саптары қолдан сусып, жылжып кетпеуі үшін оны
былғары, қайыс, жіп сияқтылармен орап тастайтын болған неме-
се олардың ағаш саптарын орама (спираль) түрінде кертіп қоятын
болған. Мұндай қарулар
толғамалы
(саптары оралған, орама түрінде
кертілген) болып келген. Демек, өте ертедегі бабаларымыз бір нәрсені
«орау, үйіру, иіру» дегенді
толғау
деген екен: ol jun tolyadi – он мотал
шерсть (ДТС, 1969,573-бет).
Міне, лексикалық ескіліктер сақталған көздер – осындай.
Достарыңызбен бөлісу: