227
және 2) нан тағам» (кушание из лепешек) деп көрсетіледі. Жоғарыда
келтірілген мақалдың «сүтке сүт қосылса,
сүмесін
болады» деген
бөлігі, біздіңше, «ас болады» дегенді айтқан болар. Ал «
Құдияр
құдық қазады, суын
құлман
ішеді» деген мақалдағы
Құдияр, Құлман
деген кісі аттары болар, өйткені бұл сөздерді қазақ, қырғыз тілдерінің
сөздіктерінен таба алмадық, мәтелдің айтпағы – «біреудің еңбегін
екінші біреу пайдаланып кетеді» деген тұспал сөз болар. Келесі
мақал-мәтелдердегі
дүрегей, сыйыт, толағай
сөздері бұл күнде жиі
қолданылмағанмен, ертеден келе жатқан бірліктер екені белгілі.
Бұлардан кейінгі ескіліктер кездесетін орынның тағы бірі –
тарихқа (әрине, қазақ халқының тарихына) қатысты ғылыми еңбектер
мен көркем әдебиетке жататын үлгілер болып келеді. Бұлар тек қазақ
қауымының ертедегі әлеуметтік-саяси тарихына ғана қатысты емес,
этнографиясына, мәдениетіне, әсіресе өнеріне байланысты жазылған
ғылыми, публицистикалық, оқу-ағартушылық тақырыптарындағы
еңбектерден де табылады. Мысалы, акад. Ә.Марғұланның «Ежелгі
жыр-аңыздар» (Алматы: Жазушы, 1985) деген ғылыми еңбегінде
тәті
(диадема),
баутақ
(кимешек),
себіл тон
(оқ өтпейтін тон) де-
ген сөздер бар (Бұлар қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігіне
кірмеген, яғни көне немесе ұмыт болған сөздер). Сол сияқты
С.Мұқановтың «Халық мұрасы» атты еңбегінде (Алматы, 1974)
қазақ халқының әскери қосындары, XVI-XVII ғасырлардағы әскери
жасақталған құрамдарға және әскери іс-қимылдарға қатысты атақтар
мен атаулардың болғанын айтады: олар
уан (ван
) – «дивизия»,
түмен
– «корпус»,
шеру
– «фронт» дегенді білдірген дейді. Мұхтар
Әуезов: «Бұрынғы бақташы көшпелі тірлігінде арман еткен түйеде
–
жампоз
, жылқыда –
тұлпар
, сиырда –
тықжы
, қойда –
құтпан
,
түйеде –
келепан
десе, итте –
құмай
, адамда –
алып
, ал қас дұшпаны
қасқырда –
сырттан
дейтін», – деп жазған болатын. Бұларда аталған
«мықтылардың» ішінде
Достарыңызбен бөлісу: