381
Көрсетілген сөздер мен жаңа бірліктердің кейбіреулерінің жасалу
уәждері экстралингвистикалық болуы мүмкін. Мысалы,
сенімхат,
әсемхат
(открытка),
жеделхат
(телеграмма),
дабылхат, дерекнама,
өмірнама, ғарышнама, жаднама, тарихнама, сапарнама, мадақнама,
жылыхана
(оранжерея),
зертхана
(лаборатория),
мәйітхана/өлікхана
(морг);
көшетжай
(рассадник),
жағажай
(пляж),
саяжай
(дача)
сияқты жаңа атаулардың пайда болуы сыртқы талаптарға байланы-
сты.
Лексикалық мағынасы бар сөздердің
сөз тудырушы қызметке
жүйелі түрде (бірнеше сөз қатарын түзіп) кірісуі процесс (амал)
ретінде тілдің өзінің заңдылығы болса, бұл жолмен жаңа сөз
жасаудың уәжі экстралингвистикалық факторлар болуы да мүмкін.
Айталық,
жылыхана, зертхана, мәйітхана, көшетжай, жағажай,
саяжай
сөздері білдіріп тұрған ұғымдар (заттар) – қазақтың тұрмыс-
тіршілігінде бұрып болмаған тың дүниелер.
Тіл-тілдің қай-қайсысында да
сыртқы экстралинвистикалық
фактор тіл дамуының ішкі өз заңдылықтарына әсер етіп, ол заңды-
лықтардың жаңа түрлерін туғызуы немесе барларының кейбірін
жандандыруы не әлсіретуі мүмкін. Мұны бүгінгі қазақ тілі фак-
тілері жақсы көрсетіп отыр.
Атап айтқанда, бүгінгі таңда қазақ
лексикасының жаңа сөздермен толығу процесінде аффиксация
(жұрнақ жалғау), сөз мағынасын ауыстыру
сияқты бұрынғы тәсіл-
дермен қоса сөз біріктіру мен бірқатар мағыналық сөздерге сөз туды-
рушы қызмет арту (сөздердің парадигматикалық класын түзу) амалда-
ры активтеніп отыр. Сөз біріктіру тәсілі әсіресе пәндік және ғылыми
терминдерді жасауда өте-мөте көзге түседі. Бұған, мысалы, биология
оқулықтарындағы өсімдік, аң-құс аттарының көбінің екі түбірден
жасалып, бұрыннан біріккен сөз ретінде жазылуы дәлел (
қырықаяқ,
итбалық, қозықұйрық, қарақұс, жалбызтікен, қырықбуын
). Осы
үлгімен аң-құс, өсімдік, балық, құрт-құмырсқа сияқтылардың тұқы-
мын, класын және басқадай классификация түрлерін атау үшін екі
түбірдің тіркесін алып, оларды біріккен тұлға етіп терминдеу
заңдылыққа айналды:
жарғаққанаттылар, буынаяқтылар, ішек-
қуыстылар, сүтқоректілер
. Соңғы жылдарда ұсынылған
нәруыз
немесе
ақуыз
(белок),
орамжапырақ
немесе
қырыққабат
(капу-
ста) сияқты қазақша жаңа атаулар да екі сөзден тұратын тіркестен
біріктіріп бір сөз жасау – бұрынырақтан келе жатқан дәстүрді әрі
қарай жалғастыру болып танылады.
Міне, қазақ тілінде жаңа сөздердің пайда болу уәждері, себептері
және кезеңдері, бұл кезеңдердің ең соңғысы – кейінгі 10-15 жылдағы
сипаты осындай.