383
лып, активтене түсуі енді-енді көріне бастағандары болады. Мыса-
лы, бір нәрсені тізімге алу тәртібі жандана бастағандықтан, осы іс-
әрекеттің заттық атауы (опись) үшін
тізімдеме
деген жасанды тұлға
қолданыла бастады. Бұл қатарға
лездеме
(бұл – бұрынырақ енгізіле
бастаған сөз, орысша «пятиминутка» деген қарапайым атаудың
қазақша эквиваленті),
ермектеме
(сконворд),
абаттандыру
(бла-
гоустройство) (бұл сөз көбінесе Астана сияқты қалаларға қатысты
жиірек қолданылып жүр),
әлемдік ашылулар
(глобальные открытия).
Бұлардың жаңалығы – олар білдіретін ұғымдардың (заттардың, іс-
әрекеттердің) термині болып танылатын жаңалығында, яғни
ашу,
ашылу
етістігі аса кәнігі, таныс сөз, ал одан жасалған
ашылулар
тұлғасы бүгінгі адамзат болмысында, оның ішінде ғылым мен тех-
никада, жалпы таным-білімде ашылып жатқан жаңалықтар деген
ұғымды атайды.
Тілдегі жаңа сөздердің бір көзі – орыстың өз тіліне келсек, мы-
наларды атауға болады. Бұрынырақтан келе жатқан
ведомство, на-
секомдар
(мұны
бунақденелілер
деп атаушылық бар),
ось
(мұны
соңғы кезде
кіндік
деп атау ұсынылған, ал Х.Досмұхамедов жердің
өз
шүлдігінен
айналуы деп берген),
ядро, шар, станция
(бұл сөз
станса
деп шала қазақшаланып жүр: егер сөздің өзіне тимей, сыртқы
тұлғасын қазақшалау керек болса,
ыстансы
болу керек),
тепловоз,
паровоз, шахта
(мұны да
үңгі
деп атауды жөн көретіндер бар) деген
5-10 сөз болмаса, көптеген орыс тілінің сөздері, әсіресе тұрмыстық
лексикаға жататындар (
простыня, медсестра, наушник, значок, ван-
на, кнопка, варенье, печенье
сияқты сөздер) бұл күнде қазақша бала-
масы жасалып, жаңа қолданыстар санын өсіріп отыр.
Қазақ тіліндегі жаңа бірліктердің тағы бір көзі – жергілікті
ерекшеліктер деп аталатын
Достарыңызбен бөлісу: