404
сөздердің де қазақша баламасы сәтсіз болып шығады. Бұл сәтсіздікке
алдымен аударылып отырған сөздің мағынасын тура бере алмайтын
семантикалық сәйкессіздігі себепкер болады. Мысалы,
браконьер
сөзіне
суқаншы
(сірә,
сұқаншы
дегісі келген болар) деген қазақша
неологизм ұсынылыпты; қазақша атаудың мағынасы түсініксіз: ол
суқаны сүймейді
дегендегі
суқан
сөзі ме,
сұқ семірмес, ұры бай-
ымас
дегендегі
сұқ
па – бірақ екеуі де
браконьер
сөзінің «рұқсаты
жоқ жерде заңсыз аң-құс аулайтын адам» деген мағынасына сай
келмейді; сол сияқты
балкон
дегенге
желпін
деп жаңа сөз ұсыну
да – сәтсіз: үй құрылысындағы балкон тек желпіну үшін жасала ма,
ал театрлардағы балкон ше? Ол да желпінуге арналмаған.
Банкир
дегенді
қазынауылшы
деп қазақшалап ұсынып көрушілік болды, бұл
да – сәтсіз: сөз түбірі – сәтсіз жасалған неологизм, өйткені
қазына
сөзі семантикалық диспозиция болған күннің
өзінде
банк
дегенді
бере алмайды.
Қазына
сөзінің бұл күндегі лексикалық мағынасының
бірі – «дүние-мүлік, жиһаз, бағалы заттар» болғанымен, тек ақшамен
жұмыс істейтін банкті қазына деп атауға келмейді, ал оған көне түркі-
монғолдық
-уыл
жұрнағын жалғап,
қарауыл, тосқауыл, шабуыл, ай-
дауыл, бөкеуіл
сияқты сөздердің аналогы етіп,
банкир
-ді
қазынауыл
деп атау мүлде қисынсыз. Соңғы жылдардағы ұсынылған терминдер
тізбесінде
виртуальный
деген бұл күнде жиі қолданылатын сөзге
ау-
ани
деген қазақша балама ұсынылыпты, ол да – сәтсіз.
Кезінде баспасөз беттерінде жеке адамдар жасаған сөздердің,
әсіресе термин аудармалары етіп ұсынылған көптеген баламалардың
едәуір тобы бұл күнде қазақ тілін толықтыра алмай отырғанының
себебін осылайша жеке-жеке дәлелдеп беруге болады.
Бірқатар жаңа сөздер деп ұсынылған бірліктердің қолданыста орын
тебе алмай қалған себептерінің бірі – ұсынылған жаңа атаулардың
қажетсіздігі. Ол сөздер қазақ тілі тәжірибесінде интертерминдер мен
орыс тілінен келген сөздердің мүмкіндігінше бәрін дерлік қазақша-
лау деген ұстанымдарды көздеудің көрінісі болатын.
XIX ғасырда
еніп, сыртқы тұлғасы «қазақыланып» кеткен
газет
сөзін
үнқағаз
деп,
пианино, рояль
дегенді
күйсандық
деп,
редактор, диктор
сияқты аса
жиі қолданылып сіңісіп кеткен сөздерді де
сарашы, дыбысшы
деп
атағанды жөн көрушілік бұған мысал бола алады. Ал, шындығында,
интертерминдердің ішінде қазақшалаудың қажеті жоқтары бар-
шылық: мысалы,
парламент, сессия, депутат, Президент, дипло-
мат, редактор, директор, ректор
сияқты жиі қолданылып, әбден
орныққан, көпшілікке түсінікті сөздерді былай қойғанда әр алуан
мәшине, олардың тетіктері, құрал-жабдықтардың аттары, космонав-
тика, информация т.б. сияқты ғылым мен техниканың жаңа-ескі сала-
ларына қатысты халықаралық сөздер де қазақшаланбай қолданылып
келе жатқандығы белгілі.
405
Қазақ сөздерінің семантикалық ауқымын жақсы білетін, «ура-
патриотизмнен», яғни жалған «қазақықұмарлықтан»
бойын аулақ
ұстайтын, ұраншыл емес, пайымшыл-ойшыл, сауатты бірсыпыра
журналист, жазушы, аудармашылар бұл пікірді қуаттайтындығы
көрініп келеді. Мысалы, жазушы, аудармашы Кеңес Юсупов:
«Кейбір сөздерді халықаралық терминдер ретінде сол қалпында қол-
данған дұрыс сияқты. Мысалы,
гуманитарные предметы – ізгілік,
қайырымдылық, мархабаттылық пәндері
емес,
гуманитарлық пән-
дер, мәмігерлік қарым-қатынастар
емес,
дипломатиялық қарым-
қатынастар
болуы керек», – дейді (ЕҚ, 2001, 3 мамыр). Мектепте,
жоғары оқу орындарында оқылатын пән атауларын түгелге жуық
қазақшалау әрекеті де болып келді. Мысалы, логика –
мантық
, пси-
хология –
жантану
, эстетика –
жәмәлия
, этика –
әдептану
, грамма-
тика –
сарф
, математика –
есеп
т.т. Дүниежүзілік білім-ғылымға қол
созып отырған бүгінгі қазақ мәдениеті бұл пәндерді интертұлғаларда
атауды қалдырғаны жөн және қалдырылып та отыр. Бүгінгі ғылым
салаларының
биоастронавтика, космохимия, планетология, интро-
спония
сияқты атауларын аудару мүлде мүмкін емес.
Кірме сөздер сан жағынан да аз емес. Әсіресе терминология сала-
сында жалпы санның едәуір пайызын алады. Мысалы, әдебиеттану
саласының ең соңғы бекітілген терминдер тізімінде 235 сөз ұсы-
нылған болса, олардың 73-і, яғни 30 пайызы – интертерминдер екен.
Мұндай интертұлғалар – қазақ лексикасы құрамының кірме сөздер
тобын құрайтын заңды бөлшегі.
Демек, бүгінде еркін және орынды (өз орындарында) қолданылып
келе жатқан, басым көпшілігі «кірме сөз» статусына ие бола алатын
интербірліктердің баршасын қазақшалап, олардың орнына қайткенде
де қазақша неологизмдер ұсыну ұстанымын (принципін, бағытын,
мұрат-мақсатын) толық мақұлдауға болмайды.
«Кірме сөз» статусын анықтауда қазіргі қазақ тілінің соңғы 60-
70 жыл барысындағы даму (өмір сүру, қызмет ету) ерекшеліктерін
ескеріп, «кірме сөз оны қабылдаған тілдің дыбыстық заңдылықтары-
на бағынып, «қазақыланып» жазылуы керек» деген танымды бұл-
жытпай ұстану – әзірге (кириллицаны пайдаланып отырған кезеңде)
шарт еместігін мойындау қажет. Сондықтан бүгінгі кең қолданыста
жүрген жүздеген «орысша тұлғадағы» сөзді де қазақ тілінің лек-
сикалық қазынасының бір қабаты деп тану керек. Ал
қазақ жазуы
латынға көшкен жағдайда да кірме сөздердің графикалық тұлғасы
біршама қазіргіден өзгереді, бірақ оларды қазақша айтылуынша
інситөт, белесепет, пизика, деректір, Пірзійдент, іредактір
деп
жазамыз, сол арқылы оларды жерсіндіріп
қазақылап аламыз де-
ген болжамның да реті келе бермеуі мүмкін. Мысалы,
Президент,
406
компьютер, кредит
сөздерін
Пірезійдент, кампійтыр, кіредит
деп
жазбай,
Prezident, kompiutr, kredit
деп жазатын шығармыз, яғни бөгде
тілдік сөздердің екі дауыссыздан басталатындарын (
Достарыңызбен бөлісу: