407
анықтауды) қажет ететін процесс. Сондықтан бір ұғым, зат атауының
екі-үш, кейде одан да көп варианты қатар қолданыла беруі орын ала-
ды. Мысалы, қазіргі күндерде
лауреат – иегер, уәж – себеп, процесс
– үрдіс, үрдіс – процесс, архив – мұрағат, музей – мұражай, фонтан
– субүркек
сияқты сөздер қатарласа қолданылып келеді. Бұл көрсетіл-
ген мысалдардың сан жағынан едәуір
бар екенін айтуға болады,
өйткені, біріншіден, жаңаны бірден қабылдай қоймайтын қарсылық
актісі – консерватизм рөл ойнайды, екіншіден, тіл қолданысында
бұдан да рөлі зор дағды факторы
қызмет етеді. Үшіншіден, таң-
дау, дұрысын іздеу, сұрыптау үрдісі де жүріп жатады. Сірә, бұл
құбылыстың әлі де біраз уақыт жүре берері айқын. Бұған бүгінгі
күнде мемлекеттік тіл санатындағы қазақ тілінің сапасына, қолданыс
мәдениетіне деген талаптың да мәні зор екендігі де себепкер бола-
ды. Демек, неологиялық бірліктердің мәні тек лексикалық құрамды
сан жағынан толықтыруда ғана емес,
оны сымбатты, атауыштық
мүмкіндігі мол, икемді тіл ретінде дамытуда, ол үшін әлеуметтік,
ғылыми, тәжірибе жұмыстарын жүйелі түрде арнайы жүргізе беру
талабы алға тартылады.
Жаңа жасанды сөздердің қолданыс әлеуетін сөз еткенде,
селек-
тивтік тұлғалар
(сөздер) дегенге көңіл аудару керек сияқты.
Селективтік сөздер көбінесе «қолдан жасалған» неологизмдерге
қатысты болады. Айталық,
мұзайдын, айнамұз, каток
деген үш сөздің
біреуі іріктеп таңдап алынса, сол селективтік (іріктеу, таңдау) әдістің
қолданылғандығы. Мұндай талдауда көп нәрсе (сипат, белгі, қасиет)
назарда болады:
каток
сөзі «жарамайды», ол – интертерминдік
қасиеті
жоқ бөгде тілдік сөз,
айнамұз
да келіңкіремейді:
айнадай
мұз
кішкентай ғана мұз кесегі туралы айтылған сөз болуы мүмкін,
сонда бұл үшеуінің ішінен
мұзайдын
«каток» ұғымына дәлірек
келеді: біріншіден,
каток
– көлемді алаң, жай алаң емес, тұтас
мұз қатқан алаң. Демек,
мұзайдын
– селективтік
қолданыс әлеуеті
күшті сөз деуімізге болады. Сол сияқты
сквозняк
деген орыс сөзін,
әрине, қазақша атаған жөн: ол – ғылыми-техникалық термин емес,
халықаралық қордың сөзі де емес, сондықтан оны бір жерде
желөт
деп, енді бір қолданыста
өтпежел
деп, тағы бірде бұлардан басқаша
аталып жүр. Айтылмақ ұғымға (
сквозняк
ұғымына) сәйкес келетін
біреуін таңдау керек те селективтік тұлға етіп қолданысқа түсіру ке-
рек.
Қолдан жасалған жаңа сөздердің ішінде өте сәтсіз ұсынылған,
бірақ таңдап алуға келетін қатарлары жоқ бірліктер де бар. Бұл
сәтсіздік семантикалық үйлесімсіздіктен, тіпті түсінігі ауыр, айтуға
ыңғайсыз екендіктерінен байқалады. Бұлардың кейбіреулері тілде бар
408
өзге ұғым атауларымен ассоциация береді. Мысалы «закусочная» де-
ген тамақтану орнын
шайнама
деп атау, «душевая» деген жуынатын
орынды
шаптырғыш
деп атау, пошта пойызын
поштабай
деп атау
қазақ құлағы үшін аса қолайсыз, тұрпайы, тіпті боғауыз ұғымымен
ассоциация беретін тұлғалар болып шыққан. Бұлардың селективтік
вариантын таңдау мүмкіндігі де әзірге жоқ. Сондықтан көрсетілген
жаңалықтар әдеби тіл айналымына түспей отыр. Бүл типтегі сөздерді
түгел теріп алып, қазақша дұрыс баламасын беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: