26
«атақты, белгілі» деген мағынаны берген (Будагов, II, 394). «Белгілі,
әйгілі, даңқты» деген мәнде қазақ тілінде бұл күнде
атақты
сөзі
қолданылады. Бірақ бұл сөз, сірә, кейінгі кезеңдерде жанданған сөз
болар. Бұрынырақ бұл мағынада
атақты
дегеннен гөрі
атаулы, ай-
тулы
сөздері не өзге сөздер көбірек қолданылған сияқты. Өйткені
күні кешеге дейін
атақ
сөзінің «жаман атақ, өсек» деген ұғымы да
болған. Мұны қазақтың өткен ғасырдағы сөздігін жасаған Л. Будагов
та көрсетеді. Сондықтан соңғы кездерге дейін кездесетін
атақты
сөзін екі түрлі мәнде түсінуге болады: бірі – «әйгілі, белгілі, жақсы
аты бар», екіншісі – «жаман аты бар, өсекке шыққан».
Ер, батыр, жұрт
деген сөздермен тіркесте кейде
атайы
сөзі
келеді. Сырт қарағанда, бұл жоғарыда сөз еткен
атаулы, атақты,
айтулы
сөздерінің бір варианты тәрізді болып көрінеді, өйткені
бұлардың бірінің орнына екіншісін айтып алмастырушылық бар.
Бірақ
атайы
сөзінің түбірі де, мағынасы да жоғарыда талданған
сөздерден өзгеше.
Атайы
«мықты, күшті, берік» деген ұғымды
білдіреді. Шалкиізде:
Атайы
ердің тұсында
Тұлпары тұрар шарқ ұрып,..
Атайы
ердің баласы
Атадан жалғыз тудым деп,
Басына қиын іс келсе,
Ісін көпке салар ма?–
деген жолдар бар. Мұндағы
атайы
– «мықты, күшті» деген мәнде.
Осы сөздің
атайман
варианты Қазақстанның кейбір жерлерінде
(Обаған, Қостанай, Орынбор, Бөрте т.б.) «өте, тым, тіпті» және
«мықты, күшті» деген мағыналарда жұмсалады (Диал. сөздік, 33):
атайман жігіттер, атайман жылқы, атайман түйе. Атайы
сөзі
кейде
атайын
тұлғасында да келеді.
Достарыңызбен бөлісу: